Су жаңа флагмандық Lexus LX жол талғамайтын автокөлігінің тұсаукесері

Lexus 13 қазанда Ресейдің Мәскеу қаласында өткен эксклюзивті іс-шарасында су жаңа LX моделімен таныстырды. Брендтің дүниежүзі бойынша клиенттерінің түрлі қажеттіліктері мен өмір салттарын қанағаттандыруға ұмтылысын бейнелейтін жаңа LX сатылымға 2022 жылдың басында шығады деп жоспарланған.

1996 жылы іске қосылған сәтінен бастап LX жоғары жүргізу жайлылығы және дүниежүзінде кез келген жол түрінде жүруге төтеп беретін озық жүріс қасиеттері, сондай-ақ теңдессіз сенімділігі, төзімділігі және тегіс емес жолдарда жүргізу көрсеткіштері арқасында әлемде брендтің флагмандық жол талғамайтын көлігі ретінде үлкен ықыласпен қарсы алынды. Lexus LX сатылымы дүниежүзі бойынша 50-ден астам нарықта 500 000 бірліктен, соның ішінде Қазақстан, Ресей мен басқа да Шығыс Еуропа нарығында 60 000 бірліктен асты.

Жаңа Lexus LX жүргізуші мен жолаушыларға қай жерде болмасын жайлы әрі сапалы сапарды қамтамасыз ету және олардың өмірлерін одан әрі қанық ету үшін жасалған. Автокөліктің сенімділігін, төзімділігін және өткіштігін қамтамасыз ету үшін шанақтың дәстүрлі рамалы конструкциясын сақтай отырып, жол талғамайтын көліктің сипаттамалары жаңа GA-F платформасымен, қатаңдығы жоғары шанақпен жаңартылып, салмағы 200 кг-ға азайды.

СУ ЖАҢА LX АВТОКӨЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ


  • 1

    1.Жаңа буын Lexus автокөлігінің функционалдық пен сәнділікті үйлестіретін дизайн тілі
    • Автокөлік дизайнының жалпы тұжырымдамасы флагмандық жол талғамайтын көлікке лайық талғампаздық пен қуатты және айбынды сыртқы түрді үйлестіретін бейнені жасауға бағытталған.
    • Жаңа буын Lexus автокөлігінің Функционалдық дизайн тілін көздейтін жаңа радиатор торы салқындату және ректификация тиімділігін арттыру сияқты функцияларды орындай отырып, экстерьердің тұтастығын, көлемді силуэтті ерекшелейтін үш өлшемді және хромсыз рамалы болып келеді.
    • Жүргізуші және көлік арасында диалог құрылуын қамтамасыз ететін Tazuna тұжырымдамасы негізінде дисплей мен басқа ауыстырып қосқыштар адам тіпті тегіс емес жолда дене қалпын өзгертпейтіндей орналасқан.
    • Жаңа Lexus LX автокөлігінің артқы жағының ортасында NX жазуынан кейін брендтің жаңа буынын білдіретін «LEXUS» әріптік жазуы орналасқан.

  • 2

    2. Жолда да, жолсыз жерлерде де керемет жүріс қасиеттері
    • Автокөліктің алдыңғы және артқы ауырлық орталықтары қозғалтқыштың артқа қарай орналастырылуы арқылы оңтайландырылды.
    • Күштік агрегат габариттерін кішірейтумен және биіктікті белсенді бақылауы (AHC) бар жаңа жеңілірек аспаны пайдаланумен қатар, автокөліктің ауырлық орталығынан жоғарғы орналасқан төбе материалы алюминийге алмастырылды. Бұл ауырлық орталығы мен салмақтың шамамен 200 кг-ға айтарлықтай азаюына әкелді.
    • Модельде алғаш қолданылған рульдің электр күшейткіші (EPS) мен шанағындағы құрылымдық желім рульге де, акселератор педалін пайдаланғанда да тез әрекетке қол жеткізеді.
    • Бірінші буыннан мұраға алынған 2850 мм дөңгелек базасы мен алдыңғы модельдегі көрсеткіштерге баламалы жол саңылауының бұрыштары (кіру бұрышы, шығу бұрышы және рампадан шығу бұрышы) жолсыз жерлерде өткіштікті әрі жайлы ішкі кеңістікті қамтамасыз етеді.
    • Жүргізу жағдайларына қарай жол саңылауын реттеуге мүмкіндік беретін AHC аспасы енді алуан түрлі жол саңылауы нұсқаларын ұсынады. Бұған қоса енді AHC қажетінше серіппе қатаңдығын оңтайландыра отырып, бұрылған, үдеген және бәсеңдеген кезде автокөліктің қалпын тұрақтандырады.

  • 3

    3. Қуатты және тиімді күштік агрегаттардың жаңа желісі
    • Lexus LX 600 моделіндегі 3,5 литрлік V6 бензиндік қозғалтқышы төмен айналымдарда қуатты айналу сәтін және газ педалін басуға керемет реакцияны қамтамасыз етеді. Максималды қуат – 415 а.к. (305 кВт), ал максималды айналу сәті 650 Нм құрайды. Қозғалтқыш айналу сәтінің сипаттамаларын жоғары айналымдар диапазонына дейін кеңейтетін жағымды үдеу сезімін қамтамасыз етеді.
    • Lexus LX 500d моделі 3,3 литрлік, қос турбиналы үрлемі бар V6 дизель қозғалтқышымен жабдықталған, ол 299 а.к. (220 кВт) максималды қуатқа және 700 Нм максималды айналу сәтіне қол жеткізу үшін әр бөлшегінің оңтайландырылған конструкциясымен, сондай-ақ оңтайлы отын шығынымен ерекшеленеді. Қозғалтқыш жүргізушінің ниетін тезірек жүзеге асыратын қуатты үдеуге қол жеткізу үшін төмен айналымдар диапазонынан артатын айналу сәтінің сипаттамаларын пайдаланады.
    • Күштік агрегаттардың екеуі де баяу және жайлы жүргізу ырғағын, сондай-ақ жақсартылған старттық үдеуді, жоғары жол талғамайтын сипаттамаларын және үлкен жылдамдықта отынның үнемделуін қамтамасыз ететін 10 сатылы беріліс қорабымен жабдықталған.

  • 4

    4. Жаңа VIP жинақтамасы
    • Төрт жеке орындығы бар жаңа VIP жинақтамасы көлденең артық жүктеме мен жол жабыны әсеріне жоғары тұрақтылығының арқасында ең жоғары жайлылық деңгейін қамтамасыз ететін артқы орындықтармен жабдықталған
    • Оларды 48 градусқа дейін еңкейтуге болады және олар арнайы артқы орындық консолімен жабдықталған. Алдыңғы жолаушы орындығының артындағы орындықтың дисплейін жиып, көру аймағын кеңейтуге және аяқты жайлы қоюға 1100 мм бос кеңістік жасауға болады. Сонымен қатар, алдыңғы жолаушы орындығының артындағы аяқ қойғышты жайып, денені бастан аяққа дейін жазып, жайғасуға болады.
    • VIP жинақтамасындағы ауа кондиционерінің эксклюзивті төбелік ауа өткізгіш саңылаулары артқы орындықтардағы жолаушылардың ыңғайлылығы үшін ауаны жоғарыдан біркелкі таратады. Оған қоса екінші қатар орындықтарында орталық консоль негізінің екі жағына қыс кезінде бас жақты салқын, аяқты жылы ұстап жайлылықты арттыратын, салон ішінде температура балансын қалыптастыратын ауа өткізгіштер қосылды.

  • 5

    5. Жаңа буын мультимедиалық жүйесі
    • Apple CarPlay және Android Auto сымсыз интерфейстерімен толық үйлесімділік, қайта жасақталған интерфейсі бар мультимедиялық жүйенің соңғы буыны.
    • LX стандартты пакетіне 10 динамигі бар Premium Sound System аудиожүйесі немесе 25 динамигі бар қосымша Mark Levinson Premium көлемді дыбыс шығару аудиожүйесі кіреді.
    • Оңай түсінуге болатын сенсорлық панелі бар жаңа буынның артқы ойын-сауық жүйесі де VIP жиынтығында бар.

  • 6

    6. Заманауи қауіпсіздік пен қорғау технологиялары
    • Жаңа буын Lexus Safety System+ қауіпсіздік жүйелерінің кешені қауіпсіздік пен жүргізушіге көмек берудің белсенді функцияларының кең пакетін ұсынады, соның ішінде: жаңа шұғыл рульдік басқару функциясы бар кеңейтілген қақтығысуды ескерту жүйесі, жақсартылған қозғалыс қатарын қадағалау жүйесі, бұрылыстарда жылдамдықты басқарудың жаңа функциясы бар бейімді круиз-контроль және жол жиегіндегі қозғалыс кезіндегі көмек көрсету жүйесі.
    • BladeScanTM шалғай жарықты бейімді басқару жүйесі жүргізушіге шалғай жарықты пайдалануға және жаяу жүргіншілер мен жол белгілерін басқа жүргізушілердің көрінуіне кедергі келтірместен тануға мүмкіндік береді.
    • Саусақ іздері бойынша сәйкестендіру функциясы бар старт-стоп ауыстырып қосқышы айдап кету қаупін төмендетеді.

LEXUS INTERNATIONAL БАС ИНЖЕНЕРІ ТАКАМИ ЁКООНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
«Клиенттеріміздің жан-жақты өмір салтына сәйкес болу үшін біз жаңа LX көлігін жүргізу концепциясын келесідей тұжырымдадық: “Әлемнің кез келген жолында қарапайымдылық және сапа”. Біз ерекше жол талғамайтын сипаттамаларға ие бола отырып, қалада болсын, тасжолда немесе қатал жағдайларда болсын кез келген жолда еркін қозғалатын және барлық жүргізушілерге жайлы сапар шегуге мүмкіндік беретін автокөлік жасауға тырыстық. Жаңартылған негізгі элементтерді жоғары сапа деңгейіне көтеру үшін біз «нақты жолдар» мен «ұмтылысқа» назар аудардық

Сонымен қатар дүниежүзінде клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін төрт орындықты VIP жинақтамасын ұсынамыз. Өңдеудің әр деңгейі, оның ішінде стандартты модель әзірлеушілер командасы еңбегінің және ұсақ бөлшектеріне дейін назар аударуының жемісі. Біз сіздерді жаңа LX автокөлігін қарапайым адамдардың қолымен және ұмтылысымен салынған нақты жолдарда сынап көруге шақырамыз.