• СУ ЖАҢА LEXUS NX ӘЛЕМДІК ТҰСАУКЕСЕРІ

    Жаңа Lexus NX ішкі және сыртқы көрінісінің, қозғалтқышы мен беріліс қорабының дизайнындағы жаңа бағыттарды, жаңа буын мультимедиасын және қосу мүмкіндіктерін, сондай-ақ қауіпсіздік, жайлылық және ыңғайлылық деңгейін жақсарту үшін алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануды білдіреді. Автокөлік әлемге келген сәтпен бөлісіңіз.

        Parallax Image 1 Exclusive Pedigree

СУ ЖАҢА LEXUS NX

АЙРЫҚША ШЕЖІРЕ

Жаңа Lexus NX 2014 жылы пайда болған сәтінен бастап 170 000 данасы сатылған автокөлікті ауыстырады. Бұл жетістікті бекіту үшін Lexus толық қайта құруды жүзеге асырды. Намысқойлық пен мақсаттылық сипаттамалардың, басқарудың және тиімділіктің едәуір жақсаруынан, сонымен қатар автокөлік бөлшектерінің 95%-ы мүлдем жаңа болып табылатынынан көрінеді. Цифрлық модельдеу және компьютерлік әдістер сапа кепілдігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алатын ақылды жобалау үшін қолданылды. Дегенмен адамның қолы, құлағы мен көзіне тиесілі Такуми дағдылары аса жоғары сенсорлық сапаға қол жеткізу үшін қажет.

        Parallax Image 2 Tested For Quality

СУ ЖАҢА LEXUS NX

САПАСЫ ТЕКСЕРІЛГЕН

Симоямдағы Lexus зауытында трек сынақтары барысында кәсіби жарусышылар автокөліктің динамикалық сипаттамаларын, атап айтқанда руль мен тежеуіш жүйесін жетілдіруге көмектесті. Сонымен қатар шығындарды шектей отырып, қауіпсіздік пен жайлылықтың жаңа технологияларын уақытылы енгізуге баса назар аударылды.

        Parallax Image 3 Evolution of Design

СУ ЖАҢА LEXUS NX

ДИЗАЙН ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Жаңа модель түпнұсқа NX автокөлігінің авангардтық тартымдылығын арттырады, бірақ сонымен бірге талғампаз, динамикалық және жетілген келбетімен және жараған сипатымен ерекшеленеді. Функционалды көркемдігі NX дизайнерлерімен және өнімділік инженерлерімен бірлесіп, корпустың үстіндегі және астындағы ауа ағынын басқару үшін жасалған бөлшектерден, мысалы, бүйірлік молдингілері мен қозғалтқыш картерін қорғаудың жаңа дизайнынан көрінеді.

        Parallax Image 4 Feel More Control

СУ ЖАҢА LEXUS NX

КӨБІРЕК БАҚЫЛАУДЫ СЕЗІНІҢІЗ

Жаңа Lexus NX жүргізуші орнының дизайнында Тазуна тұжырымдамасы қолданылған алғашқы үлгі болып табылады. Жапон тілінен алынған «Тазуна» сөзі шабандоздың өз жылқысын тізгін арқылы бақылауын сипаттайды. Тұжырымдама жүргізушіге «қолдар рульде, көз жолда» принципіне сәйкес көлік құралын тікелей, интуитивті басқаруға бағытталған. Бұл жүргізушіге өзін-өзі сенімді сезініп, автокөлігі мен айналасын сенімді басқаруға мүмкіндік береді.

        2022 all new nx quote background
        2022 all new nx quote

«Жаңа NX бүкіл әлемдегі клиенттердің әртүрлі өмір салтын ескере отырып, дизайнды, жүріс сапасын және озық технологияларды қоса алғанда, оның негізгі күштерін толықтай жаңартады».

Такеаки Като, бас инженер
        Parallax Image 1 Omotenashi Experience

СУ ЖАҢА LEXUS NX

ОМОТЕНАШИ ТӘЖІРИБЕСІ

Жаңа функциялар кабинадағы атмосфераны жақсартады және адамдардың қажеттіліктерін болжай алатын әрі өздерін жайлы және қалаулы сезінуге мүмкіндік беретін Lexus Омотенаши принциптерін көрсетеді. Жолаушыларға арналған жағдай сәнді салон сезімін тудырады, ал жүргізуші кабинаның жаңа (Тазуна) дизайны негізінде ол үшін жинақталып, бағытталған кеңістіктен рақат алады. Салонның ішкі көрінісінде Lexus Takumi шеберлігі кеңінен пайдаланылады және әр таңдалған жоғары сапалы материал тартымды әрі қолмен ұстағанға жағымды болады.

        Parallax Image 2 Exhilarating Power

СУ ЖАҢА LEXUS NX

ЖІГЕРЛЕНДІРЕТІН ҚУАТ

Жаңа және жетілдірілген технологиялар қолданылады, олар көрнекті әрі ең жақсы сипаттамаларды қамтамасыз етеді.

        Parallax Image 3 The Lexus Driving Signature

СУ ЖАҢА LEXUS NX

LEXUS АВТОКӨЛІГІНЕ ТӘН ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Жаңа Lexus NX автокөлігінің динамикалық сипаттамалары Lexus Driving Signature қамтамасыз етуге бағытталған – бұл сенімділікті және автокөлікпен байланысты тудыра отырып, кез келген сәтте жүргізушінің ниеттеріне сәйкес келетін рульмен, дроссельді жапқышпен және тежеу сипаттамасымен жүру жайлылығының тамаша үйлесімі. Бұл мақсатқа жетудің басты бағыты – төменгі ауырлық орталығын қамтамасыз ететін Lexus Global Architecture K (GA-K) платформасын пайдалану.

        Parallax Image 4 More Connected

СУ ЖАҢА LEXUS NX

КӨБІРЕК ҚОСЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ

Lexus NX автокөлігіндегі жаңа мультимедиалық жүйесінің ғажайып 14 дюймдік дисплейі бар.

        Parallax Image 5 Advanced Safety And Driver Assistance

СУ ЖАҢА LEXUS NX

АРТТЫРЫЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУШІГЕ КӨМЕКТЕСУ

Жаңа Lexus NX Lexus Safety System + үшінші буын қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Бұл жаңа мүмкіндіктер мен жаңартуларды енгізеді, ал жүйелер жүргізуші үшін одан да жағымды және қалыпты түрде жұмыс істейтіндей реттеледі. Жақсартуларға соқтығысудың алдын алу жүйесінің мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту және бейімделгіш круиз бақылаудағы өзгерістер кіреді, соның арқасында ол NX алдындағы көліктер қозғалысын тезірек анықтайды. Электрондық ысырмасы бар электронды отырғызу және түсіру жүйесі кез келген көлік құралының немесе велосипедшінің артқы жағына жақындағанын ескертеді және апаттың алдын алу үшін есіктің ашылуына жол бермейді.

        2021 lexus 800b tease subscribe banner

ӘР СӘТТІ БАРЫНША СЕЗІНІҢІЗ