Көз тартарлық дизайн: Lexus RX Black Vision

RX — әлемдегі ең алғашқы премиумдық кроссовер — люксті автокөліктерді бағалаушыларды тамсандырып келе жатқанына 20 жылдан асты. Салтанатты, айрықша жүріс сипаттамаларымен ол бір буыннан екінші буынға өткен сайын эволюциялық жетілуді бастан кешіреді. Жаңа Black Vision жинақтамасымен таныс болыңыздар.

  •         RX img 1

    LEXUS RX

    Тетіктер мен ұсақ-түйекке дейін стиль талғампаздығы

    Бүйірлік айналар мен радиатор торы қара түске боялған — бұл кроссовердің дизайнын бұрынғыдан да айқын әрі батыл ете түседі. Қосымша айқын белгі — Black Vision түпнұсқа логотипі.

  •         rx img 2

    LEXUS RX

    Lexus эстетикасы және ең жаңа технологиялар

    Орындықтардың Smooth Leather тысқабы Lexus жайлылық ансамбліндегі ерекше нотаға айналды — өте келісімді және ұстағанға жұмсақ. Оған тағы артқы есіктің Kick type функциясы бар электрлі жетегін және автоматты түрде күңгірттелетін, электрлі жетегі, жылытқышы және баптаулар жады бар бүйірлік айналарды қосыңыз.

  •         rx img 3

    LEXUS RX

    Экстерьердің әрбір сантиметрі динамикаға тұнып тұр

    Қараңғыланған 20 дюймдік әсерлі дисктер автокөліктің динамикалық келбетін тұйықтап тұр — Lexus RX автокөлігінің бұл нұсқасы ең талғампаз жандарға арналып жасалған.

Lexus RX Black Vision кроссоверінің жаңа арнайы сериясы сатылымға түсті.