1. Discover Lexus
  2. Superior quality
Байланысу
Байланысу

АСА ЖОҒАРЫ САПА

Lexus-тің әр бөлшегі ең жоғарғы стандарттарға сай жасалған. Lexus автокөліктері өндірісінің артында не тұрғанын біліңіз.

БЫЛҒАРЫМЕН ӘРЛЕУ

Керемет былғары әрлеуі үшін Lexus автокөліктері біздің ең мықты шеберлерімізге қарыздар. Салонды қаптауды бастамас бұрын тәжірибеден өтушілер арнайы «додзёде» он сатылы дайындық бағдарламасынан сәтті өтуі керек. «Додзё» термині әдетте жауынгерлік өнерге арналған жаттығу залына қатысты қолданылады. Lexus компаниясында бұл сөз келешегі зор қызметкерлерді іріктеу мен оқытуды білдіреді. Мұның бәрі әр үлгінің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін жасалады.

ҚОЛ ЖҰМЫСЫНЫҢ ДӘЛДІГІ

Біздің автокөліктеріміздің біріне отырғанда салонға сән беріп тұрған әсерлі тігістердің көрінісінен ләззат алу үшін бір-екі минут уақытыңызды бөліңіз. Олардың әсемдігі мен алдамшы қарапайымдылығының артында ауыр еңбек тұр.

Әр тігіс мінсіз тегіс болуға тиіс. Қолмен тігілген тігістер жоғары технологиялы құралдармен және аспаптармен айқын контраст құрады.

МІНСІЗ ӘРЛЕУ

Әр Lexus автокөлігінің сыртқы кейпі мінсіздікке жеткізілген. Біз жылтыр әрі қанық түске ие тамаша тегіс бетті жасау үшін бояу және өңдеу технологияларын оңтайландырамыз.

Салған күшіміз лезде көзге түсетін пішінге ие болады: алынған сапа деңгейі сізді бейжай қалдырмайды.

КӨП ҚАБАТТЫ БОЯУ

Біздегі автокөліктерді бояу процессі күрделі әрі бірегей. Бес қабат бояу жағып, төрт мәрте кептіру автокөліктің сырт келбеті мен күн түскендегі түстер ойынын толықтай өзгертеді.

Түстің мұндай тереңдігі мен жарқырауына стандартты амал-тәсіл арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Бұл революциялық жүйені енгізген кезде біздегі технологиялық процесс күрделі өзгерістерді қажет етті. Оларды ерекше елестетудің, жұмсалған уақыттың, бөлшектерге мән берудің және нәзік күйге келтірудің арқасында іске асыру мүмкін болды.

ДЫМҚЫЛ ӨҢДЕУ

Бір қарағанда мінсіз беткі бөлік көп күш жұмсауды қажет етпейтіндей көрінеді, бірақ бұл алдамшы әсер. Бояудың әр қабатын жаққаннан кейін автокөліктің сыртқы беттері қолмен өңделеді.

Алынған жабын білікті Такуми шеберлері тарапынан тексеріледі, сонымен қатар цифрлық сканерлер арқылы қаралады. Бір де бір ақау назарсыз қалмайды. Біздің жоғары стандарттарымыз мінсіз тегістікті талап етеді.

САПАНЫ ҚОЛМЕН ТЕКСЕРУ

Түрлі құрылғылар ақауларды анықтауға қауқарлы, бірақ нағыз сапаны тек адамның көзімен және жанасуымен бағалауға болады. Lexus автокөліктерін өңдеу мен тексеру қолмен жүзеге асырылады. Бұл процессте Такуми шеберлері маңызды рөлге ие.

Көлік бетінің жағдайын бағалау және мінсіз әрлеуді қамтамасыз ету үшін олар жылдар бойы саусақтың айрықша сезгіштігін дамытады.

АБСОЛЮТТІ МІНСІЗДІК

Такуми автокөліктің әр бөлшегін мінсіздікке жеткізеді. Ақ қолғап киген біздің шберлер беткі бөлікте көлемі миллиметрден де аз ақаудың бар-жоғын анықтайды.

Көп жылдық оқу мен тәжірибенің арқасында қалыптасқан жетілген сезімдік қабылдау мен таңғаларлық ой шоғырлануы олардың өте ұсақ ақауды табуына мүмкіндік береді.

ҰШТАЛҒАН ИНЖЕНЕРЛІК ӨНЕР

Біздің қозғалтқыштарымыз тек автоматтандырылған тексерістен өтіп қана қоймайды. Аса жоғары сатндарттарға сай болуды қамтамасыз ету үшін біз тек жаңа технологияларды ғана қолданбаймыз: қақпақ астына орналасқан әр бөлшекті сарапшы тексеріп қарайды.

Мұндай тексерістер медицинадан келген компьютерлік томография сынды заманауи әдістемелермен үндестікте үйлеседі. Дәстүрлі сканерлейтін құрылғылармен салыстырғанда, томограф әр қозғалтқышқа үңілуге мүмкіндік береді, бұл оның Lexus сапасының жоғары талаптарына сәйкес болуына кепілдік береді.

Такуми дәлдік пен сапаны бақылау үшін әдеттегі стетоскопты да пайдаланады.