Кейбір көркем пішіндердің бірегейлігі соншалық, жүздеген жылдар бойы жәй сақталып қана қоймай, жетіледі.
Эдо-Кирико әйнекті үлкен шеберлікпен кесу— соның жарқын мысалы: 200 жылдық тарихы бар бұл қолөнер шеберлері бай әрі құнды дәстүрлерді зор мақтанышпен жалғастыруда. Сонымен қатар олар заманауи жасаушылар сияқты суреттеуде сақтық танытады: олар оны шектемес үшін өз өнерін тікелей дәстүрлі деп атамайды.
«Дәстүр – алуан түрлі мәнге ие құдіретті сөз», – деп түсіндіреді үшінші буындағы Эдо-Кирико шебері Йоширо Кобаяши. "Бұл әлдекімді мәжбүрлейтін іс немесе адамға салынатын ауыртпалық емес, [бірақ], бұл адамның күнделікті әрекетінде пайда болатын және дәстүрді қайталау арқылы табиғи жолмен жасалатын әлдене деп ойлаймын... бәрін біріктіріп бір жерге жинайтын әлдене".
Эдо-Кирико өнерінде дәлдікпен қайталау негізгі рөл ойнайды: әр жаңа бастаған қолөнершінің үйренуі мен тәжірибе жинауына бірнеше жыл қажет. Өзінің көптеген әріптестері секілді, Кобаяши да жасөспірім кезінен, 13 жасында әкесіне шеберханада көмектесе жүріп, осы өнердің қыр-сырын үйренуді бастады.