1. Discover Lexus
  2. Takumi living
Байланысу
ОРЫНДАУ ШЕБЕРЛІГІ

ТАКУМИ ЖОЛЫ

Сарапшы болу үшін 10 000 сағат қажет, бірақ Такуми шебері атану үшін 60 000 сағат керек. Бұл бірегей деректі фильм төрт Такуми шебері мен олардың өмірін шексіз қайталау әрекеттеріне арнағаны және жеңіл жолдардың болмайтыны жайлы баяндайды. Онда жасанды интеллект біздің мүмкіндіктерімізден тысқары шығып жатқан кезеңде қолөнердің өмір сүру мәселесі көтеріледі.

ЖЕҢІЛ ЖОЛДАРСЫЗ

Нағыз шеберлікке апаратын бір ғана жол бар және ол бөлшектерге ерекше мән беруді қажет етеді. Жұмысшылардың осы стандартқа жеткендігіне көз жеткізу үшін, олар тіпті автокөліктерге қасақана кемшіліктер мен таңбалар қалдырады. Ұшқыш-сынаушыларды мұқият дайындау мен болашақ Такуми шеберлері өз қабылдау сезімін жаттықтыратын бөлмелер – бұл эпизодтар неліктен ештеңенің де Lexus орындауының деңгейіне тең келмейтіндігін баяндайды.

"Партизандық тестілеу" (команданың машығын тексеру үшін арнайы таңбаларды жасыру) – бұл Lexus шеберлері өз машықтарын үнемі сынап, жаттықтыратын тәсілдердің бірі ғана.

ШЕБЕРЛІК ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Маңдай алды Lexus шеберлігі - бұл адамдар мен машиналардың үндестіктегі жұмысының нәтижесі. Біз шеберлеріміздің бірегей сезіну шеберлігін роботтардың бірізді әрі тиімді қимылына бағдарламаладық және бұл Lexus орындауының бірегей деңгейін мүмкін етті.

ҮЗДІК МАШЫҚТАР

Мыңдаған сағаттық тәжірибе мен жаттығудан өткен Такуми шеберлері шамамен адам қабілетінен тыс сезіну шеберлігін жетілдіреді. Олардың көзі қарапайым адамға көрінбейтін бөлшектерді байқайды, құлақтары қозғалтқышты хирургиялық дәлдікпен баптауға, ал сезінуі көлемі миллиметрге де жетпейтін мінді байқауға мүмкіндік береді.