lexus yacht hero

ПЕРСПЕКТИВНОЕ ВИДЕНИЕ

LEXUS СПОРТТЫҚ ЯХТА КОНЦЕПТІСІН ЕЛ НАЗАРЫНА ҰСЫНАДЫ

Lexus спорттық яхтасының осы концептісі біздің Lexus-тің фирмалық дизайнының су бетінде қалай көрінетінін байқауға мүмкіндік берді.

ИДЕЯ

Бірнеше жыл бұрын Toyota-ның теңіздік бөлімшесі Toyota Marine концерн президенті Акио Тойоданы жуық арада Жапонияда өндірісі басталатын Ponam модельдік қатарының премиум классындағы яхтасында бірнеше күн өткізуге шақырды. Lexus-тің бас сынаушысы Акио Тойода турбодизельді күштік агрегаттардың қуатына, басқарылуының жеңілдігіне және жетілдірілген корпус құрылымына қайран қалды, ал Lexus International компаниясының бренд-менеджмент бойынша директоры ретінде ол тамаша дизайнның Lexus-тің танымал стиліне теңіздік мән бере отырып, яхтаны сәтті айқындайтынын жоғары бағалады.
Бұл тәжірибелік шағын круиз Lexus-тің сән-салтанатты өмір салтына қатысты дәстүрлі қатынасын қайта ойластыруға қабілетті екендігін көрсетті. 12 қаңтарда бренд Флорида штаты, Майами-Бич қаласы Бискейн шығанағы, Ди Лидо Айлендте өзінің жаңа әзірлемесі – Lexus-тің қолданыстағы тәжірибелік спорттық яхтасының концептісін ұсынды.

ДИЗАЙН

6-8 адамның демалысына арналған өнімділігі жоғары екі Lexus V8s қозғалтқышы бар, батыл дизайнға ие және әсерлі басқарылатын ашық спорттық яхтаны жасау туралы сұратым Жапониядағы Тойота Ситидің Lexus дизайны бөліміне тапсырылды.
2015 жылы жазда бөлімше жұмысының нәтижесін аға басқарушы директор, концерннің бас дизайнері және Lexus International Co президенті Токуо Фукуичи, аға басқарушы директор, Тoyota-ның теңіздік бөлімінің басшысы Шигеки Томояма және концерн президенті Акио Тойода бағалады.
Осы Lexus спорттық яхтасының концептісі біздің Lexus-тің фирмалық дизайнының су бетінде қалай көрінетінін байқауға мүмкіндік берді. Lexus-тің дизайн бөлімшесі үшін бұл жоба біздің шығармашылық қуатымызды оятып, қиялымызды біздің клиенттеріміздің автокөлік саласынан тыс өмір сүру деңгейін жақсартуға арналған жаңа дизайнерлік идеялар мен мүмкіндіктерге айналдыратын дүниелердің барлығы сияқты, өте қызықты әрі құнды болды", – деді Lexus International-дың атқарушы вице-президенті Ёсихиро Сава. Таңдалған ұсыныспен жұмыс 2015 жылы бір жыл бойы жүргізілді, себебі басқасын қоспағанда, теңіз бөлімшесі кеменің құрылымы мен барлық борттық кеме жүйелерін жобалауы тиіс болды.
Lexus спорттық яхтасының Майамиде таныстырылған концептісі, бұл компанияның тапсырысы бойынша жасалған, өндіріске жіберуді қарастырмайтын жоба. Осы кеменің жалғыз үлгісін әзірлеу үшін Toyota АҚШ-тың Висконсин штатындағы Пуласки қаласында орналасқан Marquis-Carver Yacht Group кәсіпорнын таңдап, оның өзіндік инженерлік және өндірістік мүмкіндіктері мен ірі композитті құрылымдармен қолмен жұмыс істеу тәжірибесін жоғары бағалады.

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Lexus спорттық яхтасының концептісіндегі дизайнерлік шешім кеменің ішкі кеңістігін көміртекті жіптерден – "көміртекті талшық" не "көміртекті пластик" деп аталатын композитті материалдан қолмен өрілген матамен арқауланған полиуретанды эпоксидті шайырдың қосарлы қабатына ие күрделі құралған көлемді есік панелі жиектейтін үстіңгі палуба мен сыртқы корпусты тігіссіз біріктіруді қарастырады.
Көміртеткі пластик — бұл Lexus LFA сынды жарыстық автокөліктер мен суперкарларды, өнімділігі жоғары ұшақтарды, жарыстарға арналған шаңғы және велосипедтерді, сонымен қатар әлемдік санаттағы жарыс яхталарын дайындауда пайдаланылатын технология.
Бұл бірегей материалды қолдану есебінен Lexus спорттық яхтасының концептісі шыны талшықты пластиктен жасалған соған ұқсас яхтамен салыстырғанда, салмақ жағынан шамамен 1000 кг "үнемдейді". Корпустың су асты бөлігі қарсылықты төмендету, кеменің басқарылуын жақсарту және жоғары жылдамдықта орнықты болуы үшін сатылы етіп жасалған.
Бұл концепт Lexus RC F купесі, GS F спорттық седаны мен жаңа LC 500 үлгісі жабдықталған, әрқайсысының көлемі 5 литрді құрайтын өнімділігі жоғары 2UR-GSE моторының негізінде жасалған екі V8 қозғалтқышына ие.
Қуаттылығы 440 а. к./328 кВт межесінен асатын бұл қозғалтқыштар гидравликалық басқарылатын стационарлы/аспалы артқы қос жетектің көмегімен жылдамдықты сағатына 49 мильге (43 торап) дейін арттыра алады. Тұмсық бөлігіндегі рөлді басқаратын тетігі бар құрылғы яхтаны арқандап байлауды жеңілдетеді.
Капитан борттық жүйелерді рөлдегі түрлі түсті сенсорлы панельдердің көмегімен қадағалайды: экрандар GPS навигациясының, беттік радардың, су асты гидролокатордың деректерін, сонымен қатар цифрлық графикаларды, жарықтандыру параметрлерін және ойын-сауық құрылғыларының хабарламаларын көрсетеді. Капитанның орындығы электрлі реттеледі, ал оның шынтақ тірегіштері төмен түсіріліп, ерекше қонақтарға арналған шалқаймалы орындықтарға айналады.
Алдыңғы жолаушылар каютасы ағаштан және әйнектен жасалған бөлшектермен толықтырылған былғарымен әрленген аса сәнді дизайннан ләззат алуға мүмкіндік береді. Оның төбесі тік тұруға мүмкіндік береді, ал алты қонаққа арналған диван үстелмен және салқындатқышпен бірге жайлы атмосфера құрады.
Камбуз екі комфоралы плитамен, шұңғылшамен және орнатылған тоңазытқышпен жабдықталған; әдемі безендірілген алдыңғы бөлігінде душ бар.
Орнатылған ойын-сауық аудио/видеожүйесінде 4G Wi-Fi және WAN жүйелеріне қосылу функциясы бар. Дыбыс төбедегі панельге жасырылған және Mark Levinson® цифрлық дыбыс зорайтқышымен жабдықталған Revolution Acoustics колонкаларының көмегімен ойнатылады.

СИПАТТАМАЛАРЫ (жобалық мәндері):

Ұзындығы (жалпы) 12,7 м
Ені 3,86 м
Жүк көтергіштігі 8 адам
Қуаттылығы (жалпы) 885 а. к. / 660 кВт
Ең жоғарғы жылдамдығы 43 торап

TOYOTA MARINE БӨЛІМШЕСІ ТУРАЛЫ

1997 жылы Toyota Motor Corporation корпорациясының теңіз бөлімшесі ашылды, оның мақсаты аса сәнді Lexus автокөліктерінің өндірісіне тән ең жаңа технологиялар мен сапа бақылаудың озық әдістерін қолдану арқылы премиум классындағы яхталарды дайындау болды.
Теңіздік Toyota Ponam топтамасына шыныматадан жасалған ұзындығы 26 және 28 футтық спорттық және балық аулайтын кемелер, сонымен қатар каютасының ұзындығы 31, 35, 37 және 45 фут болатын, алюминийдің A5083 қорытпасынан жасалған берік әрі тыныш корпусқа ие аса сәнді серуендеуге арналған катерлер кіреді.
Ponam үлгілері Lexus GX 300d (үш литрлік төрт цилиндрлі турбодизель) және LX 450d (4.5 литрлік V8 твин-турбодизелі) жол талғамайтын көліктерінің негізінде әзірленетін тиімділігі жоғары турбодизельді қозғалтқыштармен жабдықталған.
Toyota Ponam топтамасы Жапонияда премиумдық класстағы яхталық индустрияның үздігі болып табылады. 1998 және 2002 жылдар аралығында Тoyota Marine бөлімшесі Epic топтамасын әзірлеп, жарыққа шығарды. Негізінен АҚШ нарығына арналған су шаңғысындағы және вейкбординг бойынша өтетін сайыстарға арналған қайықтардан тұратын шыныматадан жасалған катерлер сериясын ұсынды.
Marquis Yachts компаниясы туралы: Висконсин штатындағы Пуласки қаласында орналасқан Marquis Yachts және Carver Yachts брендтерімен кемелер жобалап, құрастыратын және өндіретін Тәуелсіз жеке компания. Оның басты жетістігі – ұзындығы 73 футты құрайтын корпусы, палубасы және жүргізушілер бөлмесі шыны талшықты материалдан жасалған үш деңгейлі аса сәнді яхта.
Қосымша ақпарат www.marquisyachts.com және www.carveryachts.com сайттарында берілген.