1. Discover Lexus
  2. Design
  3. Lexus Design Awards
  4. Ancient craft meets new design
Байланысу

КӨНЕ ШЕБЕРЛІК ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН КЕЗДЕСЕДІ

CRAFTED FOR LEXUS коллекциясында уақыт сынынан өткен шеберлік пен заманауи дизайн бірегей тауарлар жасай отырып, бірігеді. Үздіксіз дамып жатқан топтама екі бірегей тауармен толықты.

"Біз қолымызбен жасаған бұйымның жастардың дәстүрлі қолөнер мен кәсіптерге қызығуына шабыт бергенін қалаймыз", – дейді Хикимоно ағашына өрнек салудың уақыт сынынан өткен техникасы бойынша жасалатын үйге арналған тауарлар сатумен айналысатын SEE SEE брендінің өкілдері Хиромичи Юмото (Hiromichi Yumoto) мен Такефуми Момосе (Takefumi Momose). Яёй кезеңінде өрлеген Хикимоно өнерінің шеберлері ең алдымен Сидзуока префектурасында жұмыс істейді: мұнда Момосе сынды қолөнер шеберлері мен Юмото сынды дизайнерлер айналмалы дөңгелектер мен жону білдектерінде ағаштан жасалған домалақ ыдыстар мен тостағандар жасайды. "Біздің брендтің бұйымдарының сапасына тек дәстүрлі, аналогтық жұмыс стилі арқылы ғана қол жеткізуге болады. Бірақ біз жасаған әр туынды әлемдік сән жасаушылардың назарын аудартатын заманауи дизайнға ие.

2013 жылы алғашқы CRAFTED FOR LEXUS коллекциясы шыққан сәттен бастап Lexus компаниясы SEE SEE брендінің Хикимоно техникасы бойынша жасалған туындылары сияқты тарихы бай әрі заманауи қолөнер бұйымдарын әлемге көрсетуді мақсат етеді. Өнімдер топтамасында Lexus компаниясының ең үздік қолөнер және дизайн шеберлеріне деген бұлжымас адалдығын көрсететін брендтің эксклюзивті тауарларын қоса алғанда, жоғары білікті шеберлердің жаңа буыны таныстырылды. Каталогта One Kiln стилінде саздан жасалған қолөнер бұйымдары мен дизайнер Нииме Тамаки (Niime Tamaki) қолдан тіккен шәлі, минималистік Bsize үстел шамдары, Kaneko Optical ұсынған қолдан жасалған күннен қорғайтын көзілдіріктер көрсетілген. Бұл бұйымдарды Токио, Дубай және жақын болашақта Нью-Йорктегі су жаңа кеңістіктегі INTERSECT BY LEXUS экспозициясында алуға болады. Жуырда жапонның қыштан жасалған бұйымдарының үздіксіз кеңейіп жатқан топтамасын SEE SEE брендінің Хикимоно техникасы бойынша әзірленген ұршық іспетті ыдысы толықтырды.

Мен осы жоба жайлы ойлаған кезде, маған Lexus-тің ең маңызды элементтерінің бірі – ұршық іспетті радиатор торының негізінде Хикимоно техникасы бойынша ыдыс жасаса қызық болар еді деген ой келді", – дейді Хиромичи Юмото (Hiromichi Yumoto). Осылайша SEE SEE брендінің дизайнері Хиромичи Юмото (Hiromichi Yumoto) мен тіпті жонғыштар мен білдектерді өз бетінше жасайтын шебер Такефуми Момосе (Takefumi Momose) CRAFTED FOR LEXUS коллекциясына арнап Хикимоно стилінде ерекше ұршық іспетті ыдыс жасады.

Бұл бірегей тостағандарды әзірлеу үшін Момосе Юмотоның дизайны негізінде сызба жасады. Содан кейін ол ыдыстың көлемі мен ағашқа салған өрнекті екі шебердің де көңілінен шыққанша өзгерте беру арқылы прототип жасады. "Мен Lexus-тің ұршық іспетті сызықтарының сұлулығын бере алатын кесудің дұрыс тереңдігін жасау үшін барынша тырыстым", – деп түсіндіреді Момосе. "Жалпы, Хикимоно техникасы бойынша жұмыс істеген кезде өрнек тек бұйымның бір жағына салынады, ал біздің ыдыстың ішінде де, сыртында да өрнек бар".

Кесу арқылы жасалған ағаш ыдысты қою қара түске бояу барысында қос маман шаймен бояйтын шеберлермен бірге жұмыс істеді. Дайын ыдыста шай бояғышынан көрінетін ақ шағанның бірегей бедері әдемі айқындалған. "Біз үшін Lexus брендіне тән сән-салтанат сезімін жасау маңызды болды", – дейді Юмото. "Ағаш сүрегіндегі суреттің әсерінен Хикимоно техникасы бойынша жасалған бұйымдар аса сәнді болып көрінбейді. Сондықтан, оларға бірегейлік сипат беру үшін біз шаймен боядық. Біз жасаған ыдыстың әйнек жабыны мен бірегей өрнегі Lexus брендінің сән-салтанаты мен мінсіздігін көрсетеді.