1. Discover Lexus
  2. Design
  3. Lexus Design Awards
  4. LDA finalists
Байланысу

LEXUS INTERNATIONAL LEXUS DESIGN AWARD БАЙҚАУЫНЫҢ 12 ФИНАЛИСІН ЖАРИЯЛАДЫ

Lexus International дизайн саласындағы Lexus Design Award 2017 байқауының 12 финалисінің есімдерін атайды. 2013 жылы ұйымдастырылған байқаудың мақсаты бүкіл әлем бойыша жас әрі талантты дизайнерлерді табу және болашақта адамзаттың өмірін жақсарта алатын идеяларды іздеу. Басты тақырыбы Lexus-тің «Yet» (ағылшын тілінен аударғанда «Сонымен қатар») философиясы болып табылатын бесінші Lexus Design Award 2017 байқауына әлемнің 63 елінен 1152 қатысуға өтініш келіп түсті.

Lexus брендінің өз өнімдерін әзірлеудегі инновациялық амал-тәсіліне негізделген «Yet» философиясы бес жылдық ерекше өзекті «Yet» философиясының негізінде бір қарағанда үйлесімсіз көрінетін кеңдік пен аэродинамика сынды дүниелерді біріктіру және синергияға қол жеткізу идеясы жатыр. Қарама-қайшы элементтерді біріктіруде үндестікке қол жеткізе отырып, «Yet» философиясы заманауи дизайн мен технологиялардың шегін кеңейтеді және сол арқылы әлемге жаңа, таңғаларлық және күтпеген мүмкіндіктерді ашады.

2016 жылдың қарашасында бүкіл әлемге танымал дизайнерлер мен дизайн саласындағы кураторлардан тұратын қазылар алқасы байқауға қатысуға жіберілген өтінімдерді қарау үшін жиналды. Жұмыстарды мұқият әрі жан-жақты бағалап, ұзақ талқылағаннан кейін қазылар алқасының мүшелері 12 финалистке таңдау жасады.

Lexus Design Award 2017 байқауының қазылар алқасы идеялары байқау кураторларының тәлімгерлігімен толық көлемді прототип жасау мүмкіндігіне ие болатын төрт авторды таңдады.

Төрт финалистке өз идеяларын жүзеге асыруға көмектесу үшін Lexus Design Award дизайн саласында танымал төрт кураторды тартты: бұл сәулетшілер мен көп салалы дизайнерлер Нери & Ху, дизайнер Макс Лэм, дизайнер және архитектор Елена Манфердини, сонымен қатар, Snarkitecture жобасының суретшілері мен сәулетшілері. Олар былтырғы байқауда да тәлімгерлік еткен.

Толық көлемді төрт прототип Миландағы дизайн апталығында өтетін Lexus көрмесінде байқаудың өзге сегіз қатысушысының жобаларының таныстырылымымен қатар көпшілік назарына ұсынылады. Шара 2017 жылдың 3 және 4 сәуірі (баспасөз күні және марапаттау рәсімі) аралығында өтеді. 3 сәуірде финалистер өз жобаларын қазылар алқасы мен БАҚ өкілдеріне таныстырады. Lexus Design Award 2017 жүлдесінің шарықтау шегі қазылар алқасы төрт прототипті мұқият бағалағаннан кейін Гран-при иегерін жариялау сәті болады.

Қосымша ақпарат пен суреттерді мына жерден табуға болады: Lexus Design Award шарасының ресми сайты Instagram @lexusdesignaward Ресми хэштегтер: #LexusDesignAward; #MilanDesignWeek