1. Discover Lexus
  2. Design
  3. Lexus Design Awards
  4. LDA finalists 2018
Байланысу

ДИЗАЙН САЛАСЫНДАҒЫ LEXUS ЖҮЛДЕСІ БЕДЕЛДІ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛИСТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Lexus International компаниясы Дизайн саласындағы беделді Lexus жүлдесінің 12 финалисін атады. Осымен алтыншы жыл қатарынан дизайн саласындағы бұл бірегей халықаралық байқау жас дизайнерлерді өз идеяларымен бөлісуге шақырады; биылғы жылдың тақырыбы – латынның "үндестікпен бірге" мағынасын беретін «CO-» қосымшасы. «CO-» әдісі табиғат пен қоғамды үйлестікте біріктіру арқылы дизайнның қалай шешімдер тауып, жаһандық мәселелер қатарынан кедергілерді еңсеруге көмектесетінін зерттейді.

Биыл Дизайн саласындағы Lexus жүлдесіне бұрын соңды болмаған өте көп – 68 елден 1300 өтініш келіп түсті. Байқау қазыларының бірі сэр Дэвид Аджайе былай деді: "Дизайнерлердің жаңа буынының қазіргі заманның іргелі мәселелерін инновациялық жолмен шешуде жаңа концепциялар мен философияларды қалай жүзеге асырып жатқанын түсіну толғанысты болды". Дизайн саласындағы Lexus жүлдесінің алдыңғы жеңімпаздары мен финалистері өз жетістіктерін жалғастырды: Себастиан Шерердің (Sebastian Scherer) (2014 ж.) «Ирисі» 2016 жылы дизайн саласындағы German Design Award неміс жүлдесінің жеңімпазы атанды, ал Caravan тобының (2015 ж.) Sense-Wear құрылғысы 2016 жылы Венецияда өткен тасымалданатын гаджеттер байқауында (Wearable Technologies Contest) топ жарды.

Мұқият талқылаудан соң биыл құрамына бүкіл әлем танитын сәулетшілер Дэвид Аджайе (David Adjaye) және Шигеру Бан (Shigeru Ban) кірген беделді қазылар алқасы он екі финалисті іріктеп алды. Ал ақтық мәреге шыққан 12 қатысушының төртеуі танымал ұсталар: Линдси Адельман (Lindsey Adelman), Джессики Уолш (Jessica Walsh), Су Фудзимото (Sou Fujimoto) және Formafantasma дизайнерлік тобынан құралған беделді команданың жетекшілігімен және тәлімгерлік қолдауымен өз жобаларының прототипін жасау үшін таңдалады.

Төрт прототип пен қалған сегіз финалистің жобасының толық таныстырылымы биылғы жылдың сәуірінде Миландағы дизайн апталығында* Lexus Design Event экспозициясында көрсетілді. Ақтық мәреге шыққан 12 қатысушы қазылар алқасы мен бұқаралық ақпарат құралдарына өз ұмыстарын таныстырды. Таныстырылымнан кейін Гран-при иесі таңдалды.

Қосымша ақпарат пен суреттер сілтеме бойынша қолжетімді:
Веб-сайт Дизайн саласындағы Lexus сыйлықтары
Instagram: @lexusdesignaward
Ресми хэштегтер: #LexusDesignAward; #MilanDesignWeek;

Lexus-тің 2018 жылғы Миланда өткен дизайн апталығына* қатысқаны жайлы қосымша ақпарат ақпан айының ортасында Дизайн саласындағы Lexus жүлдесінің веб-сайтында жарияланды.

* Компаниялар мен дизайнерлер шаралар өткізіп, жиһаз, сәнді киім және тоқыма бұйымдарды қоса алғанда, көптеген категориялар бойынша өз өнімдерін ұсынатын Salone Del Mobile атауымен танымал, дизайнға арналған әлемдегі аса ірі көрме.