Lexus International компаниясы Дизайн саласындағы беделді Lexus жүлдесінің 12 финалисін атады. Осымен алтыншы жыл қатарынан дизайн саласындағы бұл бірегей халықаралық байқау жас дизайнерлерді өз идеяларымен бөлісуге шақырады; биылғы жылдың тақырыбы – латынның "үндестікпен бірге" мағынасын беретін «CO-» қосымшасы. «CO-» әдісі табиғат пен қоғамды үйлестікте біріктіру арқылы дизайнның қалай шешімдер тауып, жаһандық мәселелер қатарынан кедергілерді еңсеруге көмектесетінін зерттейді.
Биыл Дизайн саласындағы Lexus жүлдесіне бұрын соңды болмаған өте көп – 68 елден 1300 өтініш келіп түсті. Байқау қазыларының бірі сэр Дэвид Аджайе былай деді: "Дизайнерлердің жаңа буынының қазіргі заманның іргелі мәселелерін инновациялық жолмен шешуде жаңа концепциялар мен философияларды қалай жүзеге асырып жатқанын түсіну толғанысты болды". Дизайн саласындағы Lexus жүлдесінің алдыңғы жеңімпаздары мен финалистері өз жетістіктерін жалғастырды: Себастиан Шерердің (Sebastian Scherer) (2014 ж.) «Ирисі» 2016 жылы дизайн саласындағы German Design Award неміс жүлдесінің жеңімпазы атанды, ал Caravan тобының (2015 ж.) Sense-Wear құрылғысы 2016 жылы Венецияда өткен тасымалданатын гаджеттер байқауында (Wearable Technologies Contest) топ жарды.
Мұқият талқылаудан соң биыл құрамына бүкіл әлем танитын сәулетшілер Дэвид Аджайе (David Adjaye) және Шигеру Бан (Shigeru Ban) кірген беделді қазылар алқасы он екі финалисті іріктеп алды. Ал ақтық мәреге шыққан 12 қатысушының төртеуі танымал ұсталар: Линдси Адельман (Lindsey Adelman), Джессики Уолш (Jessica Walsh), Су Фудзимото (Sou Fujimoto) және Formafantasma дизайнерлік тобынан құралған беделді команданың жетекшілігімен және тәлімгерлік қолдауымен өз жобаларының прототипін жасау үшін таңдалады.