1. Discover Lexus
  2. Design
  3. Lexus Design Awards
  4. LDA judges
Байланысу

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ

ПАОЛА АНТОНЕЛЛИ (PAOLA ANTONELLI) Куратор

Еңбек жолын 1994 жылы Заманауи өнер мұражайында бастаған және қазіргі таңда Архитектура және дизайн департаментінің бас кураторы, сонымен қатар ғылыми зерттеулер бойынша директор қызметін атқарады. Антонелли TED алаңында, Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда және басқа да халықаралық конференцияларда дәріс оқыды. Оның мақсаты – дизайнның қоршаған ортаға жағымды әсер етуі идеясын кеңінен танытып, енгізу үшін оны белсенді дәріптеу. Қазіргі уақытта ол заманауи дизайн саласындағы бірнеше шоу-жобаларға қатысып, дизайн салаларының алуандығы туралы "Дизайнның жағдайы" кітабын жазып жатыр.

АРИК ЧЕН (ARIC CHEN) Куратор

Батыс Коулун (Гонконг) мәдени ауданында салынып жатқан жаңа Визуалды мәдениет мұражайы M+-те дизайн және архитектура бойынша жетекші куратор. Бұрын Бейжіңдегі дизайн апталығында креативті куратор ретінде дәріс оқыды, 2011 және 2012 жылдары осы шараға табысты жетекшілік етті. Чен бүкіл әлем бойынша көптеген көрмелер мен мұражайлар, биеннале және басқа да шараларға арналған жобаларды ұйымдастырып, жетекшілік етті, оның жарияланымдары The New York Times, Monocle, Architectural Record және PIN-UP сынды басылым беттеріне жиі шығады

ТОЙО ИТО (TOYO ITO) Архитектор

1965 жылы Токио университетінің архитектура факультетін тәмамдады. Негізгі жұмыстары: Сендай медиатекасы, Тама (Хачиоджи) көркемөнер университетінің кітапханасы, Әлеуметтік ғылымдар колледжі (Тайвань), Гифу университетінің «Minna no Mori» медиаорталығы және басқалар. Қазір оның жобасы бойынша Тайчундегі (Тайвань) Ұлттық театр, Аоморидегі жаңа стадион мен спорт саябағы және т.б. салынып жатыр. Ол алған көптеген марапаттар ішінде Жапония архитектуралық институтының жүлдесін, Венециялық бьеналле аясындағы "Алтын Арыстан" жүлдесін, Британиялық архитекторлардың корольдік институтының Корольдік алтын медалін және Притцкер архитектуралық жүлдесін атауға болады.

БИРГИТ ЛОМАНН (BIRGIT LOHMANN) Designboom-ның бас редакторы

Гамбургте дүниеге келген. Флоренцияда өнеркәсіптік дизайнды оқып, содан кейін Миланға қоныс аударған. Қазір сонда тұрады және 1987 жылдан бері кәсіби іспен айналысады. Көптеген архитекторлар мен бас дизайнерлер үшін дизайнер және өнімді дамыту менеджері ретінде жұмыс істеді. Одан бөлек, әділет органдары мен халықаралық аукциондарда дизайн тарихы бойынша маман қызметін атқарды. Зерттеуші әрі лектор ретінде Ломанн бірқатар беделді халықаралық жоғарғы оқу орындарында өнеркәсіптік дизайн бойынша семинарлар өткізді. 1999 жылы designboom журналының тең құрылтайшысы атанды және әлі күнге дейін сонда бас редактор, оқу бағдарламаларының жетекшісі және халықаралық көрмелердің кураторы ретінде қызмет етіп келеді.

ЭЛИС РОУСТОРН (ALICE RAWSTHORN) Дизайн саласының сыншысы

Элис Роусторн International New York Times газеті мен frieze журналы үшін дизайн жайлы жазады. Оның "Сәлем, дизайн өмірмен кездесетін әлем" деп аталатын соңғы кітабы дизайнның біздің өмірімізге – өткеніміз, бүгініміз және келешегімізге тигізетін әсерін зерттейді. Роусторн TED-конференциялар және жыл сайын өтетін Швейцарияның Давос қаласындағы Халықаралық экономикалық форум сынды жаһандық шараларда дәріс оқиды. Chisenhale қамқоршылық кеңесі галаереясының және Майкл Кларктың (Michael Clark) заманауи би труппасының төрайымы, сонымен қатар Whitechapel галереясының қамқоршысы. Дизайн және көркемөнер саласына сіңірген еңбегі үшін Британиялық империя орденімен марапатталған.

ЙОШИХИРО САВА (YOSHIHIRO SAWA) Куратор

Киото технологиялық институтын инженерлік-конструкторлық жұмыстар саласындағы ғылымдар бакалавры дәрежесінде тәмамдады. 1990 жылы Toyota Motor Corporation компаниясындағы еңбек жолының басынан ол жаһандық дизайн (жоспарлау бөлімі) жетекшісін қоса алғанда, дизайнмен байланысты қызметтерді атқарды. 2016 жылдың сәуірінде Lexus International компаниясының атқарушы вице-президенті болып тағайындалды.