Lexus International компаниясы дизайн саласындағы Lexus жүлдесінің 2019 жылғы жеңімпазын атады. Лиза Маркс әлемнің 65 елінен ұсынылған 1548 жұмыс арасында ең үздік деп танылған "Алгоритмдік шілтер" әзірлемесі үшін беделді марапатқа ие болды.
Lexus компаниясы өнер құдіретінің әлемді өзгертуге қабілетті екендігіне кәміл сенеді. Он жылдан астам уақыт бойы Lexus Design Event Миландағы сән апталығына келушілерге Lexus дизайнының философиясын айқындайтын тамаша әсерлер алу мүмкіндігін береді.
Үйлесімді дербестіктің әсерлі салтанаты
Lexus International компаниясы дизайн саласындағы Lexus беделді жүлдесінің 2018 жылғы 12 финалисін атады. Осымен алтыншы жыл қатарынан дизайн саласындағы бұл бірегей халықаралық байқау жас дизайнерлерді өз идеяларын ұсынуға шақырып келеді; биылғы жылдың тақырыбы – латыннның "бірге үндестікте" деген мағына беретін «CO-» қосымшасы.
CRAFTED FOR LEXUS жиынтығында уақыт сынағынан өткен шеберлік пен заманауи дизайн бірігіп, тауарлардың бірегей жиынын көрсетеді. Үздіксіз жетілетін топтама екі бірегей тауармен толықты.
Lexus компаниясы Дизайн саласындағы Lexus жүлдесінің қазылар алқасының құрамын кеңейтті: төрешілер қатарын толықтырған сәуегей сәулетші сэр Дэвид Аджайе (David Adjaye). Алдыңғы қатарлы төрешілер құрамына өз буынының ең ықпалды сәулетшілердің бірі сэр Дэвид Аджайе кіреді.
Lexus International Lexus Design Award 2018 дизайн байқауына қатысуға өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Lexus International дизайн саласындағы Lexus Design Award 2017 байқауының 12 финалисінің есімдерін атайды. 2013 жылы ұйымдастырылған байқаудың мақсаты бүкіл әлем бойыша жас әрі талантты дизайнерлерді табу және болашақта адамзаттың өмірін жақсарта алатын идеяларды іздеу. Басты тақырыбы Lexus-тің «Yet» (ағылшын тілінен аударғанда «Сонымен қатар») философиясы болып табылатын бесінші Lexus Design Award 2017 байқауына әлемнің 63 елінен 1152 өтініш келіп түсті.
2016 жылдың қарашасында бүкіл әлемге танымал дизайнерлер мен дизайн саласындағы кураторлардан тұратын қазылар алқасы байқауға қатысуға жіберілген өтінімдерді қарау үшін жиналды. Жұмыстарды мұқият әрі жан-жақты бағалап, ұзақ талқылағаннан кейін қазылар алқасының мүшелері 12 финалистке таңдау жасады.
Lexus компаниясы дизайн саласының әлемдік деңгейдегі сарапшыларын Дизайн саласындағы Lexus жүлдесінің төрт финалистіне тәлімгер болуға шақырды: көптеген айлар бойы Lexus тәлімгерлері өз дизайнерлік шешімдерінің прототипін әзірлеп жатқан финалистермен баға жетпес идеяларымен, кәсіби ұсыныстарымен және кеңестерімен бөліседі.