1. Discover Lexus
  2. Design
  3. Lexus Design Awards
  4. LDA winner 2018
Байланысу

МИЛАНДА ӨТКЕН "ШЕКСІЗ ҚАТАР ӨМІР СҮРУ" (LIMITLESS CO-EXISTENCE) ҒАЖАП КӨРМЕСІНДЕ ДИЗАЙН САЛАСЫНДАҒЫ LEXUS ЖҮЛДЕСІ 2018 БАЙҚАУЫНЫҢ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРЛЕРІ ХАБАРЛАНДЫ.

Бұл беделді байқаудың шарықтау шегі жеңімпаздың хабарлануы болды; Lexus International компаниясы Дизайн саласындағы Lexus жүлдесі 2018 байқауының гран-при иегерін атады: бұл жүлдеге Extrapolation Factory (Кристофер Вебкен (Christopher Woebken), Эллиотт П. Монтгомери (Elliott P. Montgomery) дизайн студиясының "Гипотезаларды тестілей отырып" жобасы лайық деп танылды. Дизайн саласындағы Lexus жүлдесі 2018 байқауына қатысуға әлемнің 68 елінен 1319 өтінім келіп түсті; биылғы жылдың тақырыбы " бірге үндестікте" мағынасын беретін «CO-» қосымшасы болды.

Lexus компаниясы шығармашылық әлемді өзгерте алады дегенге нық сенеді. Сондықтан Lexus компаниясы өз күшін келешекті кеңейту, идея алмасу және қиялды ынталандыру үшін қолданатын болашағы зор дизайнерлерді өсіріп, ынталандырады.

"Биылғы гран-при иегері дизайнның біздің үздіксіз дамып жатқан технологиялар мен технологиялық жағынан жетіліп келе жатқан қоғамдағы дизайнның рөлі жайлы өзекті түсінікті білдіреді. Бұйымдар үлкен рөл ойнамайды – алдыңғы қатарға ойлау, білім және дизайнды оқу шығады. Қарапайым адамдар мен дизайнерлер бұйымдармен, үрдістермен және болашақпен өзара байланысты болғандықтан, біздің болашаққа бағытталған және технологиялық жағынан дамып келе жатқан әлемімізге дизайнның ықпалын жанамалауда үлкен мәнге ие болып келеді. Таңдалған жоба қоғам мен дизайнерлерді болашақтың болуы мүмкін нұсқаларына тартудың әдістері мен технологияларын, сонымен қатар біздің технологиялар әлемінің ықпал ету факторларын талқылауды көрсетеді", – деді Дизайн саласындағы Lexus жүлдесі 2018 байқауының қазылар алқасы мүшесі архитектор Дэвид Аджайе (David Adjaye).

Extrapolation Factory дизайн студиясының мүшесі Эллиотт П. Монтгомеридің (Elliott P. Montgomery) пікірі: "Бұл нағаж ғажайып, әрі біздің менторлармен – Formafantasma студиясымен жұмыс істеу тәжірибесі керемет болды. Lexus компаниясының қолдауынсыз біздің қолымыздан келмес еді".

2013 жылдан бері Дизайн саласындағы Lexus жүлдесі әлемнің түкпір-түкпіріндегі өсіп келе жатқан дизайнерлер буынына қолдау көрсетеді. 2018 жылғы алтыншы Сыйлықтың тақырыбы – латын тілінде "бірге үндестікте" деген мағына беретін «CO-» қосымшасы. Lexus компаниясы керемет дизайнның табиғат пен қоғамның үндестікте қатар өмір сүруін қамтамасыз ете алатынына сенеді. Бұл мағынада «CO-» – брендтің серіктестік, үйлестіру және байланыс арқылы жаңа мүмкіндіктер жасай отырып, өзінің шынайы әлеуеті мен қоршаған ортаның әлеуетін кеңейтуіне мүмкіндік беретін амал-тәсіл.

«CO-» ұранын басшылыққа алған байқауға қатысуға келіп түскен көптеген қатысушылардың ішінен қазылар алқасы 12 финалисті іріктеп алды, олардың төртеуі жобаларының прототипін жасаса, тағы сегізі жобаларын таныстырды. Халықаралық дизайнерлік қоғам изайн саласындағы ең маңызды шара – Миландық дизайн апталығында – Lexus-тің 2018 жылдың 17-22 сәуір аралығында Леонардо да Винчи атындағы ғылым және технологиялар ұлттық мұражайындағы Cavallerizze кеңістігіндегі "шексіз ҚАТАР ӨМІР СҮРУ" LIMITLESS CO-EXISTENCE экспозициясында танысты.

Бұл экспозиция кеңістігінің концепциясын Lexus компаниясының тапсырысымен жапониялық архитектор Сота Ичикава (Sota Ichikawa) жасады. Басты инстоляцияда Сота Ичикава (Sota Ichikawa). шексіз ҚАТАР ӨМІР СҮРУДІҢ (LIMITLESS CO-EXISTENCE) инновациялық әдістерін пайдаланды. Жапониялық архитектордың бірегей әдісі бұрын Солтүстік америкалық халықаралық автосалонда таныстырылған Lexus LF-1 концепт-карының концепциясының шексіздігін көрсету үшін қолданылған.

ДИЗАЙН САЛАСЫНДАҒЫ LEXUS ЖҮЛДЕСІ 2018 БАЙҚАУЫНЫҢ КӨРЕРМЕНДЕР КӨЗАЙЫМЫ ЖҮЛДЕСІ

Өткен жолы қоғам Дизайн саласындағы Lexus жүлдесін қызу талқылады, сол себепті қоғаммен анағұрлым жақсы байланыс орнату мақсатында Lexus компаниясы "ДИЗАЙН ҮШІН БЕРІЛЕТІН LEXUS ЖҮЛДЕСІ 2018 БАЙҚАУЫНЫҢ КӨРЕРМЕНДЕР КӨЗАЙЫМЫ ЖҮЛДЕСІ" номинациясын ұсынды. Көрермендер көзайымы жүлдесін иеленгендер веб-сайтта 16 және 21сәуір аралығында дауыс беру арқылы анықталып, жеңімпаз 23 сәуірде белгілі болды. Көрермендер көзайымы жүлдесін Aesthetid тобының "Адал жұмыртқа" (Honest Egg) жобасы алды.

Қосымша ақпарат сілтеме арқылы қолжетімді: Дизайн саласындағы Lexus жүлдесі: www.lexusdesignaward.com Lexus-тің Миландағы дизайн апталығындағы экспозициясы: www.lexusdesignevent.com Ресми хэштегтер: #LexusDesignAward; #LexusDesignEvent;

 

LEXUS-ТІҢ МИЛАНДАҒЫ ДИЗАЙНЕРЛІК АПТАЛЫҚТАҒЫ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ