2019 lexus design awards hero

LEXUS DESIGN AWARD

ЛИЗА МАРКСТЫҢ АЛГОРИТМДІК ШІЛТЕРІ ДИЗАЙН САЛАСЫНДАҒЫ LEXUS ЖҮЛДЕСІН АЛДЫ

Lexus International компаниясы дизайн саласындағы Lexus жүлдесінің 2019 жылғы жеңімпазын атады. Лиза Маркс әлемнің 65 елінен ұсынылған 1548 жұмыс арасында ең үздік деп танылған "Алгоритмдік шілтер" әзірлемесі үшін беделді марапатқа ие болды.
Прототип Lexus брендінің біздің болашағымызды жақсартатын дизайнерлік идеялардың дамуына үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді және Lexus-тің дамып келе жатқан әлемде адамды басты орынға қоятын философиясына сай келеді.
Алғаш рет қазылар алқасына мүше болған танымал дизайнер және компьютерлік технологиялар саласының сарапшысы Джон Маэда былай деді: "Біз алгоритмдер туралы ойлағанда, әдетте компьютерлер мен жоғары технологиялар саласы туралы ойлаймыз. Бірақ алгоритмдер алғаш рет 19 ғасырда тоқыма өнеркәсібінде мата кескінінің жаңа нұсқаларын шығару үшін қолданылды.
Лиза Маркстың " Алгоритмдік шілтер" жобасы осы бай тарихқа сүйеніп қана қоймайды, оның тамыры терең – 16 ғасырда шілтердің күрделі суреттерін тоқу үшін қолданылған тәсілдерден бастау алады. Дизайнер сүт безінің обырын және мастэктомияны бастан өткерген әйелдерге арналған жеке төс тартқыштар жасау үшін осы ежелгі үрдісті заманауи үшөлшемді модельдеумен үйлестікте пайдаланады. Мұның нәтижесі дененің эстетикалығын жақсартатын және толыққанды жайлылықпен қамтамасыз ететін функциялық пен сұлулықтың үйлесімі болды".
Сыйлық алу барысында Лиза Маркс былай деді: "Lexus компаниясының осы іспен айналысуына еш қажеттілік жоқ. Оның бренді онсыз да табысты болар еді. Алайда ол дизайнның дамуын қолдайтынын жәнеәлемді жақсартуға деген ұмтылысын көрсетеді. Байқауда жеңіске жеткен прототип, сонымен қатар Дизайн саласындағы Lexus жүлдесі 2019 байқауының басқа финалистерінің прототиптерін Тортона ауданындағы Superstudio Più көрме орталығында 2019 жылдың 9 сәуірі мен 13 сәуірі аралығындағы Миландық дизайнрелік апталықта Lexus-тің «Leading with Light» экспозициясында көруге болады.