lexus limitless co existence milan hero

LEXUS DESIGN ОҚИҒАЛАРЫ

LEXUS-ТІҢ МИЛАНДАҒЫ ДИЗАЙНЕРЛІК АПТАЛЫҚТАҒЫ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ — «шексіз ҚАТАР ӨМІР СҮРУ»

Дизайн арқылы және қиял мен шығармашылықты қолдау арқылы ең жақсы әлем құруды міндет еткен Lexus компаниясы тағы бір межеге жетті: бренд шексіз ҚАТАР ӨМІР СҮРУ» (LIMITLESS CO-EXISTENCE) экспозициясын таныстырды. "Люкс" классындағы автокөліктерді өндіруші он бірінші рет беделді Миландағы дизайнерлік апталыққа қатысты.

«шексіз ҚАТАР ӨМІР СҮРУ» (LIMITLESS CO-EXISTENCE)

Экспозицияға келушілерді ойлауға мәжбүр ететін, қоғам үшін шекарасыз және шексіз болашақты керек ететін дизайн қызықтырды. Lexus компаниясы дизайнды үздіксіз өзгерістердің, мүмкіндіктер мен инклюзивтіктің кеңеюінің катализаторы деп есептейді. Дизайн үйреншікті дүниені ерекше дүниеге айналдырып, «СО-» қосымшасының "серіктестік", "жәрдемдесу" жәнее "қатар өмір сүру" сөздерінде біздің мүмкіндіктерімізді шексіз ететінін көрсетуге қауқарлы.
Экспозицияның doubleNegatives Architecture студиясының өкілі, жапониялық архитектор Сота Ичикава (Sota Ichikawa) жасаған сенсациялық бас инсталяциясы келушілерді төрт өлшемде жасалған динамикалық туындылардан көрініс тапқан «CO-» тақырыбымен бетпе-бет кездестірді. Ақпараттық технологиялар мен дизайнды физикалық кеңістікті қайта ойластыруда үйлестіре білетіндігімен танымал Сота Ичикава (Sota Ichikawa) инсталяциясын цифрлық және аналогтық технологиялар жігінде жасады. Оның негізінде әр адам ғаламның орталығы деген идея жатыр: тік қалыпта ілінген көптеген қылдар жекелеген адамдарды білдіреді. Тік ілінген әр қылдың бір жарық көзінен алынатын көмескі жарығы бар және қылдардың ешбірі күңгірттелмеген: бұл әр жеке тұлғаның келешегі – бұл оның жеке орталығы дегенді білдіреді. Технологиялар мен инновациялық дизайнерлік ойлауды пайдалану бір қарағанда мүмкін емес сияқты көрінетін дүниені жасауға мүмкіндік берді.
Соңғы жылдары Lexus компаниясының дизайнға деген құштарлығы брендтің артып келе жатқан тартымдылығын арттырды және Миланда Lexus өзінің су жаңа концепциясы – Lexusтің дизайнның болашағы жайлы көзқарасын білдіретін инновациялық Lexus LF-1 Limitless концепт-карын көрсетеді.
Миландағы дизайнерлік апталықтағы Lexus Design Event экспозициясы Леонардо да Винчи атындағы ұлттық ғылым және технологиялар мұражайының жуырда қайта қалпына келтірілген Cavallerizze кеңістігінде таныстырылды. Бұл ХІХ ғасырдағы бірегей монастырь мен атқоралар жуырда қаланың архиектурасын қалпына келтіру жобасының аясында реставрацияланды.
Қонақтарға бірегей гастрономиялық әсер сыйлаған миландық ALTATTO компаниясының үш жас бас аспазы. Бұл кулинария шеберлері шексіз ҚАТАР ӨМІР СҮРУДІ" басқа өлшемге ауыстыра отырып, сезімдерді дәм мен көз арқылы күшеюге мәәжбүрлейді. Келушілер сонымен қатар Дизайн саласындағы Lexus 2018 байқауының 12 финалистінің жұмыстарымен танысты, ал 16 сәуір, Баспасөз күнінде байқаудың беделді қазылар алқасы бүкіл әлемнен жиналған БАҚ өкілдерінің көзінше гран-при иегерін таңдады.

2018 MILAN LEXUS DESIGN EVENT TEASER