2017 lexus frankfurt motor show nx hero

АНАҒҰРЛЫМ АҚЫЛДЫ ӘРІ ӘСЕМ NX ПЕН CT-ДІ ҰСЫНАМЫЗ

ФРАНКФУРТТЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОСАЛОНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН LEXUS NX КРОССОВЕРІ МЕН СТ КӨПКЕ ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ. ЖАҢА ҚУАТТЫ ДИЗАЙН. СПОРТТЫҚ ИНТЕРЬЕР. АҚЫЛДЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕЛЕРІ. ЖАҚСАРТЫЛҒАН NX ПЕН СТ-ДІ ҚАРАҢЫЗ.
Биыл Франкфурттегі автосалонда таныстырылған батыл, агрессивті дизайн. Біз Lexus NX пен Lexus CT-ді ұсынамыз. Сіздерге көлік жүргізуден ерекше әсерлі сезім сыйлау үшін дизайн мен технологиялар жаңартылды.

Жаңартылған NX: анағұрлым спорттық стиль, қуатты дизайн

Заманауи дизайн мен жүргізудегі жайлылықтың үйлесімі арқасында, NX кроссовері Lexus топтамасында танымалдыққа ие болды. NX жаңартылған шанақ дизайны мен анағұрлым сенімді қаупсіздік жүйесінің арқасында клиенттердің көңілінен шығады.
NX жаңа қуатты кескіні мен шанақтағы ырғақты сызықтарын көрсетеді. Біз Лексустің радиатор торын жаңарттық, екі бамперін де қайта жасадық, 18 дюймдік эксклюзивті жеңіл балқытылған дискілер мен жүк бөлімінің есігінің электрлі жетегін қостық.
Сол аралықта NX салонының дизайны спорткар дизайнын көбірек еске салып, үлгіге аса сәнділік сезімін берді. Ортаңғы дисплей экраны ұлғайды, сонымен қатар климат-бақылау мен сағаттық белдеуге байланысты автоматты жаңаратын ортаңғы сағат оңтайландырылды. Сондай-ақ салон әрлеуінің көптеген нұсқалары пайда болды: ақшыл сары түсті және охра түсіндегі әрлеу және арнайы NX F SPORT үлгісі үшін қызыл және қыша түстес сары түстегі әрлеу қосылды.

Жаңартылған CT - әсерлі жүргізу, керемет келбет.

Өзіңіз үшін жаңа шағын әрі динамикалық хэтчбекті ашыңыз. Жаңа Lexus CT 200h жетілдірілген қауіпсіздік жүйесімен және отын шығынын арттырмай-ақ әсерлі жүргізу сипатын бейнелейтін бірегей дизайнмен жабдықталған.
Біз белсенді өмір салтына сәйкес келіп, жолда қуатты келбетін кескіндеу үшін CT шанағына заманауи әрі агрессивті дизайн бердік. Одан бөлек біз түстік палитрасын кеңейтіп, ашық екі түсті теп-тегіс былғарыны, мата мен өте төзімді синтетикалық былғарының үйлесімін, сонымен қатар матадан жасалған жаңа қаптауышты қоса алғанда, салон қаптаудың жаңа үйлесімдерін қостық.

CT 200h F SPORT

CT 200h F SPORT үлгісі 2018 жылға арналған дизайнның кәдімгідей жаңарғанын көрсетеді. Радиатор торындағы бірегей сурет пен негізгі жарықтың жаңа шамдарынан бөлек, бұл үлгі торлар мен әрлеудің эксклюзивті қара түсімен жабдықталған. F Sport нұсқасы үшін екі дербес эмаль түстері дайындалған: Lava Orange CS (Crystal Sunshine) және Heat Blue CL (Contrast Layering). Салон ішінде F SPORT нұсқасы екі түсті былғарыны, мата мен синтетикалық былғарыны және жаңа қос түсті экстерьерді қоса алғанда, жаңа эксклюзивті интерьер үйлесімімен мақтана алады.

Ақылды қауіпсіздік жүйесі

Жаңартылған NX пен CT-де енді Lexus Safety System+ (LSS +) ақылды қауіпсіздік жүйесі қолжетімді. Белсенді қауіпсіздіктің жаңа интеллектуалды жүйесі жүргізушінің жол жағдайына қарай әрекет етуіне көмектесуге арналған.
LSS+ ақылды қауіпсіздік жүйесі автокөліктің алдындағы нысандарды анықтап, төтенше жағдайда жылдамдықты бәсеңдететін соқтығысуды ескерту жүйесінен тұрады. Бейімделгіш круиз-бақылау (АСС) және Қозғалыс жолағында ұстап тұру жүйесі (LDA) автомагистральмен келе жатқанда жүргізушінің қауіпсіз қашықтықты сақтауына көмектеседі және соқтығысуды ескертеді. Алысқа түсетін жарықты жақынға түсетін жарыққа автоматты түрде ауыстыру жүйесі (AHB), сонымен қатар Жол белгілерін тану жүйесі (RSA) жайлы жүргізуді қамтамасыз етеді.

Lexus Safety System+ A қауіпсіздік жүйесін ұсынамыз

Біздің су жаңа флагмандық аса сәнді Lexus LS седанымыздағы жетілдірілген Lexus Safety System+ A қауіпсіздік жүйесін назарыңызға ұсынамыз. LSS + A – бұл жақсартылған Lexus LSS функциясы мен жаңа озық технологиялардың үйлесімі. Жүйе Белсенді рөлмен басқарудан, Lexus CoDrivе жоғары деңгейлі жүргізушіні қолдау жүйесінен, Lane Tracing Assist жүйесінен және бұрылыстарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Front Cross Traffic Alert жүйесінен тұрады.