Direct4 Hero image

Toyota Қазақстанға автокөліктерді жектізу мерзімін екі есе қысқартты

Ұлы Жібек жолы, аты аңызға айналған Орта ғасыр бағдары осы күнге дейін өзінің маңыздылығын сақтап қалуда.

Ұлы Жібек жолы, аты аңызға айналған Орта ғасыр бағдары осы күнге дейін өзінің маңыздылығын сақтап қалуда. Трансұлттық компаниялар Марко Полоның ашқан осы жолдарын әртүрлі тауарларды, соның ішінде автокөліктерді жеткізу үшін пайдалануды жалғастыруда.
14 ақпанда «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы жеткізу мерзімдерін екі есе қысқартып, Жапониядан Қазақстанға Жаңа жібек жолымен жеткізілген алғашқы автокөліктерді қабылдап алды.
Осыдан бұрын Жапониядан Қазақстанға автокөліктерді жеткізу шамамен 80 күн ішінде жүргізілетін. Компанияда жаңа бағдардың арқасында Жапониядағы өндіруші зауыттан жөнелтілген сәттен бастап автокөліктер Қазақстанға орта есеппен 35 күнде келетін болады, деп түсіндірді.
        image 3
Суретте: "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясының Бас менеджері Сергей Зяблов пен Көлік-логистика орталығының Басшысы Ерлан Диханбаев.
«Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС Президенті Кит Симмонс келесіні атап өтті: «Жаңа Жібек жолы логистикалық бағдарының ашылуы Toyota компаниясының логистика және қорларды басқару саласындағы стратегиясында маңызды кезең болып табылады және Қазақстанның ірі логистикалық орталық және Орталық Азиядан Еуропаға өткізетін жол ретіндегі әлеуетін растайды. Автокөліктерді жылдамырақ жеткізу де біздің «Клиент бірінші орында» деген негізгі приницпімізге сәйкес келеді».
Жаңа бағдарды әзірлеу
2018 жылдың екінші жартысында Тойота Мотор Қазақстан өзінің маңызды мақсатын белгіледі – жеткізу уақытын оңтайландыру және клиенттер үшін автокөліктердің келуін күту уақытын қысқарту. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін компания автокөліктерді Қазақстанға жеткізудің балама нұсқаларын қарастырды. Жеткізудің ықтимал жолдарын мұқият зерделеу нәтижесінде Toyota ҚХР аумағы арқылы өтетін Жаңа Жібек жолы деп аталатын көлік жүйесін таңдады. Бұл бағдар компанияның мақсаттары мен болжалдарына толығымен сәйкес келеді.
Тойота Моторс Қазақстан таңдалған бағыт бойынша транзиттің барлық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін зерттеп шығып, 2020 жылдың басында жаңа жолмен автокөліктерді жеткізуді байқап көрді. Транзиттің барлық кезеңдері мен процестерінің сенімді және тиімді екеніне және автокөліктердің келу уақытын айтарлықтай үнемдейтініне көз жеткізгеннен кейін, компания жобаны 2021 жылдың басында ресми түрде іске қосты.
Жаңа бағыт бойынша жеткізу процесінде автокөліктер Жапониядан жөнелтіледі және теңіз арқылы ҚХР-дағы портқа келеді. Бұдан әрі автокөліктер оларды ҚР аумағындағы межелі жерге дейін темір жолмен тасымалдауға арналған мамандандырылған вагондарға тиелетін болады.
        image 1
Оңтайландырылған жол
Жаңа Жібек жолымен Lexus брендінің барлық автокөліктері, Toyota Land Cruiser 200 және Toyota Land Cruiser Prado модельдері келетін болады 1. Сонымен қатар Компания жеткізу мерзімін қысқарту үшін басқа модельдердің транзитін оңтайландыруды жоспарлап отыр.
«Тойота Мотор Қазақстан» сату және маркетинг басқармасының бас менеджері Сергей Зяблов: «Бұл бағдар міндетті түрде біздің клиенттеріміз үшін жағымды өзгерістердің басталуын білдіреді. Жобаны іске асыру оңайға соқпады, көптеген логистикалық есептер мен тестер талап етілді, олар арқылы біз осы бағдардың артықшылықтарын анықтадық. Toyota компаниясы үшін сапа маңызды көрсеткіш болып табылады, сондықтан бағдардың барлық нүктелеріндегі операциялардың сапасын тексеруді Тойота Мотор Корпорэйшн инженерлері жүргізді. Бағдардың барлық жерлерінде дамыған инфрақұрылым болып, Қазақстан және Қытай тарапынан белсенді қатысушылық болғандықтан, осындай көлемді жобаны қысқа мерзім ішінде жүзеге асыру қолымыздан келді. Toyota жобаға қатысқан барлық серіктестеріне, сондай-ақ осыны арнап құрған клиенттерімізге алғыс білдіреді», – деп мәлімдеді.
        image 2
1«Тойота Мотор Қазақстан» «Тойота Мотор Еуропаның» еншілес компаниясы болып табылады – ол 2008 жылы 20 мамырда Алматыда құрылып, өз қызметін 2009 жылғы 1 қаңтарда бастады. Toyota және Lexus брендтерінің ресми дистрибьюторы бола тұра, ол осы брендтердің Қазақстан Республикасы және Қырғызстан Республикасы аумақтарындағы маркетингі мен оларды сату үшін жауапты.