lx Hero image

ШЕКСІЗ СӘН-САЛТАНАТ

СУ ЖАҢА LEXUS LX АВТОКӨЛІГІНІҢ ӘЛЕМДІК ТҰСАУКЕСЕРІ

● 13 қазан күні жаңа Lexus LX автокөлігінің — брендтің аңызға айналған флагмандық жол талғамайтын көлігінің әлемдік тұсаукесері өтті.
● Lexus LX жаңа буыны өз бойына брендтің көптеген жылдар бойы дамытқан үздік жүріс сипаттамаларын сенімділікпен және төзімділікпен үйлестірді.
● Жаңа рамалы конструкция басқарылу сипаттамаларын жақсартуға, сондай-ақ дизайнерлерге жарқын дизайнды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
● Автокөлік жаңа твин-турбо қозғалтқыштарына ие болды: көлемі 3,5л құрайтын V6 бензиндік қозғалтқышы және көлемі 3,3л құрайтын V6 дизель қозғалтқышы.
● Жол талғамайтын көлікте функционалдық әсемдік пен сәнділікті үйлестіретін Lexus дизайнының жаңа тұжырымдамасы іске асырылды.
● Талғампаз клиенттер үшін Lexus мамандары төрт бөлек орындығы бар және жайлылық деңгейі аса жоғары VIP сәнді жинақтамасын жасап шығарды.
        LX image 1
Су жаңа Lexus LX автомобилінің әлемдік тұсаукесері Ресейде 2021 жылдың 13 қазанында өтті.

1996 жылы іске қосылған сәтінен бастап Lexus LX әлемде брендтің флагмандық жол талғамайтын көлігі ретінде үлкен ықыласпен қарсы алынды. Автокөліктің үздік жайлылық деңгейі, озық жүріс қасиеттері, сондай-ақ теңдессіз сенімділігі арқасында Lexus LX сатылымы дүниежүзі бойынша 50-ден астам нарықта 500 000 бірліктен асты.

Жаңа Lexus LX жүргізуші мен жолаушыларға қай жерде болмасын салтанатты сапарды қамтамасыз ету және олардың өмірлерін одан әрі қанық ету үшін жасап шығарылған. Lexus мамандары автокөліктің сенімділігі мен өткіштігін қамтамасыз ету үшін шанақтың дәстүрлі рамалы қонструкциясын сақтай отырып, жол талғамайтын көліктің сипаттамаларын жаңа GA-F платформасымен, қатаңдығы жоғары шанақпен жаңартып, салмағын 200 кг-ға азайтты.

Қауіпсіз және жайлы жүргізу үшін аспаптар панелінде 12,3 дюймдік үстіңгі экраны мен 7 дюймдік төменгі экраны бар Lexus бірегей қос дисплейі, сондай-ақ автокөліктің алдыңғы және артқы бөлігі астындағы аймақты көрсететін әлемдегі бірінші Multi-terrain Monitor жүйесі орнатылған.

Оған қоса VIP-нұсқа Lexus клиенттеріне ең жоғары деңгейдегі жайлылықты ұсыну үшін кез келген жолда ыңғайлы және қауіпсіз саяхаттауға арналған барлық мүмкіндіктерге ие.

Бренд мамандары дизайнды әзірлеген кезде флагмандық жол талғамайтын көлікке тән талғампаздықты, күш-қуат пен сипатты үйлестіретін пропорцияларға қол жеткізді. Басқа технологиялардың арасында Lexus модельдік қатарында алғашқы болып табылатын саусақ іздері бойынша сәйкестендіру функциясы бар старт-стоп ауыстырып қосқышын атап өткен жөн, ол әр пайдаланушыға автокөліктің негізгі баптауларын сақтап қоюға мүмкіндік береді, бұл бірнеше адамның автокөлікті пайдалануын жеңілдетеді.
ЖАҢА LEXUS LX АВТОКӨЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

Жаңа буын Lexus автокөлігінің функционалдық пен сәнділікті үйлестіретін дизайн тілі
        lx image 2
Жаңа Lexus LX автокөлігі дизайнының жалпы тұжырымдамасы флагмандық жол талғамайтын көлікке лайық талғампаздық пен қуатты және айбынды сыртқы түрді үйлестіретін бейнені жасауға бағытталған. Радиатордың фирмалық торы Lexus дизайнының жаңа функционалдық тіліне сәйкес келеді, экстерьердің тұтастығын, көлемді силуэтті ерекшелейтін үш өлшемді, осымен бір мезгілде салқындату тиімділігін арттырады.

Жаңа Lexus LX автокөлігінің артқы жағының ортасында брендтің жаңа дәуірін білдіретін «LEXUS» әріптік жазуы орналасқан.

Tazuna салонының тұжырымдамасы негізінде жүргізуші мен автокөлік арасындағы ажырамас байланыс идеясы жатыр. Дисплей мен басқа ауыстырып қосқыштар адам тіпті тегіс емес жолда дене қалпын өзгертпейтіндей орналасқан. Аспаптар панеліне екі дисплей орнатылған. Диагоналі 12,3 дюймді үстіңгі бөлік навигацияны басқару элементтерін және автокөліктің жалпы баптауларын көрсетеді. Экран жолсыз жерлермен қозғалған кезде төңіректі бақылауға арналған монитор ретінде де қолданылады. 7 дюймдік төменгі сенсорлық дисплейде климат-контроль экраны бейнеленеді, сонымен қатар ол қозғалу режимдерін таңдау статусын және жол талғамайтын көліктің өзге функцияларын көрсету үшін пайдаланылады.
        lx image 3
Қала жағдайларында да, жолсыз жерлерде де керемет жүріс қасиеттері

Lexus жаңа GA-F платформасын үздік басқарылу мен өткіштікке қол жеткізу үшін алғаш рет қолданды. Автокөліктің алдыңғы және артқы ауырлық орталықтары қозғалтқыштың өзгеше орналастырылуы арқылы оңтайландырылды. Күштік агрегат габариттерін кішірейтумен және биіктікті белсенді бақылауы (AHC) бар жаңа жеңілірек аспаны пайдаланумен қатар төбе материалы алюминийге алмастырылды.

LX бірінші буынынан мұраға алынған 2850 мм дөңгелек базасы мен алдыңғы модельдегі көрсеткіштерге баламалы жол саңылауының бұрыштары (кіру бұрышы, шығу бұрышы және рампадан шығу бұрышы) жолсыз жерлерде өткіштікті әрі жайлы ішкі кеңістікті қамтамасыз етеді. Жүргізу жағдайларына қарай жол саңылауын реттеуге мүмкіндік беретін AHC аспасы енді алуан түрлі жол саңылауы нұсқаларын ұсынады. Бұған қоса, енді AHC қажеттілігіне қарай серіппе қатаңдығын оңтайландыра отырып, бұрылған, үдеген және бәсеңдеген кезде автокөліктің қалпын тұрақтандырады. Жолсыз жерлермен қозғалу кезінде көмектесу жүйесінің жаңа мониторы жүргізушіге автокөлік айналасындағы жағдайды бақылауға көмектесу үшін төрт камераны пайдаланады.

Multi-terrain Monitor атты жаңа функция да назар аударуға лайық, оның арқасында жүргізуші салоннан шықпай, автокөлік астындағы жай-күйді, сондай-ақ алдыңғы және артқы дөңгелектер айналасындағы аймақтарды тексере алады. Сондай-ақ жүргізуші тәжірибесін оңтайландыру үшін енді авторежиммен жабдықталған, жолсыз жерлермен жүруге арналған Multi-Terrain Select озық технологиясы жаңартылды.

Қуатты және тиімді күштік агрегаттардың жаңа желісі
        lx image 4
Lexus LX 600 моделінде 3,5 литрлік, қос турбиналы үрлемі бар V6 бензиндік қозғалтқышы орнатылған. Ол төмен айналымдарда қуатты айналу сәтін және газ педалін басуға керемет реакцияны қамтамасыз етеді. Максималды қуат – 415 а.к. (305 кВт), ал максималды айналу сәті 650 Нм құрайды. Қозғалтқыш айналу сәтінің сипаттамаларын жоғары айналымдар диапазонына дейін кеңейтетін жағымды үдеу сезімін қамтамасыз етеді.

Lexus LX 500d моделі 3,3 литрлік, қос турбиналы үрлемі бар V6 дизель қозғалтқышымен жабдықталған, ол 299 а.к. (220 кВт) максималды қуатқа және 700 Нм максималды айналу сәтіне қол жеткізу үшін әр бөлшегінің оңтайландырылған конструкциясымен, сондай-ақ оңтайлы отын шығынымен ерекшеленеді. Қозғалтқыш жүргізушінің ниетін тезірек жүзеге асыратын қуатты үдеуге қол жеткізу үшін төмен айналымдар диапазонынан артатын айналу сәтінің сипаттамаларын пайдаланады.

Реттелетін форсункалары бар қос турбокомпрессорлар кез келген жағдайда әсерлі үдеу үшін жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Сезімталдығы жоғары дара турбоайдағыш – төмен жылдамдықта қуатты үдеуге, ал қос турбоайдағыштардың үлкен енгізу көлемі спидометрдің екінші жартысында баяу үдеуге мүмкіндік береді. Күштік агрегаттардың екеуі де баяу және жайлы жүргізу ырғағын, сондай-ақ жақсартылған старттық үдеуді, жоғары жол талғамайтын сипаттамаларын және үлкен жылдамдықта отынның үнемделуін қамтамасыз ететін 10 сатылы беріліс қорабымен жабдықталған.

Жаңа VIP жинақтамасы
        lx image 5
Жаңа VIP жинақтамасы көлденең артық жүктеме мен жол жабынының жоғары тұрақтылығының арқасында ең жоғары жайлылық деңгейін қамтамасыз ететін жеке креслолармен жабдықталған. Артқы орындықты арнайы консоль көмегімен 48 градус бұрышқа еңкейтуге болады. Алдыңғы жолаушы орындығын жиып, көру аймағын кеңейтуге және аяқты жайлы қоюға 1100 мм бос кеңістік жасауға болады. Сонымен қатар жайлы болу үшін алдыңғы жолаушы орындығының астындағы аяқ қойғышты пайдалануға болады.

VIP жинақтамасының климат-контроль функциясына арналған ауа өткізгіштер төбеде орналасқан және ауаны біркелкі таратады. Оған қоса екінші қатар орындықтарында орталық консоль негізінің екі жағына қыста салон ішінде температура балансын қалыптастыратын ауа өткізгіштер қосылды.

Екінші қатардың жайлылық функциялары орталық шынтақ таянышында орналасқан сенсорлық дисплей көмегімен басқарылады.

Жаңа буын мультимедиалық жүйесі
        lx image 6
Жаңа мультимедиалық жүйені қолдану сымсыз қосылу арқылы Android Auto және Apple CarPlay қолданбаларымен толық үйлесімділік арқасында бұрынғыдан да ыңғайлы болды. Lexus LX 25 динамикті премиум Mark Levinson Premium Surround аужиожүйесімен қолжетімді. Оңай түсінуге болатын сенсорлық панелі бар, салонның артқы бөлігіне арналған жаңа буын ойын-сауық жүйесі бірден VIP класында қолжетімді.

Заманауи қауіпсіздік пен қорғау технологиялары

Lexus Safety System+ қауіпсіздік жүйелерінің кешені қауіпсіздік пен жүргізушіге көмек берудің белсенді функцияларының кең пакетін ұсынады, соның ішінде: жаңа шұғыл рульдік басқару функциясы бар кеңейтілген қақтығысуды ескерту жүйесі, жақсартылған қозғалыс қатарын қадағалау жүйесі, бұрылыстарда жылдамдықты басқарудың жаңа функциясы бар бейімді круиз-контроль. Сондай-ақ жаңа LX моделінде BladeScan AHS шалғай жарықты бейімді басқару жүйесі қолжетімді. Жүйе алдында жарық көзі болғанда (қарсы немесе ілесіп келе жатқан автокөліктер) жарық түсіруді дәл басқарады. Шалғай жарықты әртүрлі мақсаттарда қолдануға болатындықтан, жүйе әдеттегі шалғай жарығы фараларын қолданғанда анық көру қиын жолдарды, мысалы, жол жиегін жарықтандырады. Сондай-ақ бұл жүргізушіге қарсы келе жатқан жүргізушілерді қоса алғанда басқа жүргізушілерге, кедергі келтірмей, жаяу жүргіншілер мен жол белгілерін анағұрлым тез байқауға мүмкіндік береді.
        lx image 7
LEXUS LX БАС ИНЖЕНЕРІ ТАКАМИ ЁКООНЫҢ ЖОЛДАУЫ

«Клиенттеріміздің жан-жақты өмір салтына сәйкес болу үшін біз жаңа LX көлігін жүргізу концепциясын келесідей тұжырымдадық: “Әлемнің кез келген жолында қарапайымдылық және сапа”. Біз ерекше жол талғамайтын сипаттамаларға ие бола отырып, қалада болсын, тасжолда немесе қатал жағдайларда болсын кез келген жолда еркін қозғалатын және барлық жүргізушілерге жайлы сапар шегуге мүмкіндік беретін автокөлік жасауға тырыстық.

Біз қатты жолда сынаудан кейінгі бұзылуларды бірнеше рет жөндей отырып, Lexus LX автокөлігінің дәстүрлі жол талғамайтын сипаттамаларын жақсарттық, ал әзірлеушілерден құралған командамыз бен жетекші мамандарымыз Lexus Driving Signature стандартын жасауда ымырасыз тәсіл арқылы жолдағы сипаттамаларын жақсартуда бірлесіп жұмыс істеді. Біз жүргізушінің ниетіне сәйкес лезде жауап беретін Lexus автокөлігін жүргізуден керемет әсер қалдыруға тырыстық.

Сонымен қатар дүниежүзінде клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін VIP жинақтамасын ұсынамыз. Стандартты және VIP модельдердің ішкі көрінісі әзірлеушілер командасы еңбегінің және ұсақ бөлшектеріне дейін назар аударуының жемісі.

Жолсыз жерлерде сенімді әрі қауіпсіз жүргізу мүмкін болуы үшін, сондай-ақ клиенттерге жоғары сапа мен жайлылықты қамтамасыз ету үшін біз түрлі тегіс емес жолдарда жүргізудің көптеген сынақтарын өткізіп, жаңа Lexus LX автокөлігінің жол талғамайтын сипаттамаларын жақсарттық. Жолаушылардың жайлылығына арналған биіктікті белсенді бақылауы (AHC) мен бейімді шассиі (AVS) бар аспа тегіс емес жолдарда жермен жақсартылған байланыс пен жоғары қозғалыс сапасын қаптамасыз ете отырып, дәл бапталған.

Оған қоса клиенттеріміз тіпті жолсыз жерлерде жаңа Lexus LX автокөлігін айдаудан рақаттануы үшін біз бірнеше пайдаланушы мониторының қалай қаралатынымен және жүргізушіге көмек жүйесі басқарылатынымен көп жұмыс істедік. Біз әрбір клиентіміз дүниежүзі бойынша жолдың барлық түрлерінде жайлы жүргізуге мүмкіндік беретін Lexus LX жүріс сапаларын бағалай алады деп сенеміз.

Қазақстанда су жаңа Lexus LX автокөлігінің жинақтамалары мен бағалары туралы толығырақ ақпаратты 2022 жылдың басында алуға болады.

Lexus бренді жайында
Lexus бренді 1989 жылы құрылып, кемеңгерлікке, керемет сапаға және алдыңғы қатарлы жоғары технологиялық өнімге ұмтылуы, сондай-ақ клиенттермен жұмыс істеуде бірегей тәсілді қолдануы арқасында әлемге танымал болды. Lexus брендінің сөзсіз құрастыру сапасы, сәнді ішкі көрінісі және заманауи технологиялар сияқты дәстүрлі құндылықтары L-Finesse дизайны философиясын қолданумен күшейе түседі.

Компания туралы ақпарат
«Тойота Мотор Қазақстан» — «Тойота Мотор Еуропаның» еншілес компаниясы, ол 2008 жылы 20 мамырда Алматыда құрылып, өз қызметін 2009 жылғы 1 қаңтарда бастады. Toyota және Lexus брендтерінің ресми дистрибьюторы болып табылатын ол осы брендтердің Қазақстан Республикасы және Қырғызстан Республикасы аумақтарындағы маркетингі мен оларды сату үшін жауапты.