Online Sales Hero image 1

Lexus онлайн-сатылымдарды бастады

Lexus ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды.
Қазіргі таңда Қазақстанның көптеген қалаларында қозғалыс шектеулі болғандықтан және басқа адамдармен тікелей байланыс қауіпті болуы мүмкін болғандықтан бұл әдіс дәстүрлі сауданың сенімді және ыңғайлы баламасы болып табылады.
Осыған байланысты «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы Lexus ресми дилерлерімен бірлесіп жаңа автомобильдерді онлайн сатып алуға мүмкіндік жасады. Бұл клиенттерге карантин мен төтенше жағдай кезінде сатып алуды мүмкіндігінше сенімді, қауіпсіз және оңай жасауға мүмкіндік береді.
Ресми дилерлердің автосалондарындағыдай, жеке сату жөніндегі менеджер автомобильді таңдау, брондау және сатып алудың барлық сатыларында клиентке телефон қоңырауы, онлайн немесе видео чат арқылы қолдау көрсете отырып, толық көлемде консультация жүргізеді. Клиентке автомобильдер, кредиттеу, сақтандыру, дилерде бар басқа өнімдер мен қызметтер туралы толық ақпарат беріледі.
Онлайн сатып алу кезінде клиент алдын-ала төлем жасай алады және бұл оған таңдаған автомобильді брондауға немесе сатып алуды аяқтау үшін толық төлем жасауға мүмкіндік береді.
Төлемді бірнеше жолмен жүзеге асыруға болады: сайттағы банк картасын пайдаланып, интернет-банкингтегі жеке кабинет арқылы немесе тікелей банк аударымы арқылы.
Сатып алу аяқталғаннан кейін клиент дилермен автомобильді алудың келесі нұсқаларының бірін келіседі:
• Автомобильді үйге жеткізу;
• Шарттар жеңілдетілгенге дейін немесе карантин мен төтенше жағдай аяқталғанға дейін автомобильді дилерлік орталық аумағында сақтау.

Сипатталған шарттар мен опциялар жаңа автомобильдерді сатып алуға қолданылады.
Жақын арада онлайн режимде өтінім жасап, кредит алуға мүмкіндік беретін онлайн-кредиттеу қолжетімді болады. Lexus Finance бөлімшесі клиенттердің қалауы мен тілектерін ескере отырып, жаңа мүмкіндікті белсенді түрде сынақтан өткізуде. Онлайн-кредиттеуді бастау туралы ақпарат жақын арада Lexus брендтерінің ресми сайттарында қолжетімді болады. Қазіргі уақытта клиенттер кредиттеу бойынша егжей-тегжейлі онлайн кеңестер ала алады, кредит алуға өтінішті қашықтан жасай алады.
Онлайн сатып алу функциясы келесі Lexus дилерлерінің веб-сайттарында қолжетімді:
– Лексус Ақтөбе: https://shop.lexusaktobe.kz
Жақында бұл функцияны басқа дилерлердің сайттарында іске қосу жоспарлануда.