ДИНАМИКА

F ФИЛОСОФИЯСЫ

Біз автокөліктің динамикасы – бұл жәй ғана қуаттылықтан артық екенін білеміз. Ол физикалық және эмоциялық сезімдермен байланысты.

ДИНАМИКАҒА ҚҰШТАРЛЫҚ

Біз сізге сезімдерді оятып, эмоцияны қозғап, мүмкіндіктерді арттыруға және жүргізушіні автокөлікпен біріктіруге қауқарлы естен кетпес ерекше әсер беруге тырысамыз. Бұл ұмтылыс пен амал-тәсіл "F философиясы" деген атауды иеленді. Сіз Lexus F-тің рөліне қашан отырсаңыз да, жүргізуден теңдессіз әсер аласыз.

ЖАРЫС ЖОЛЫНДА ЖАРЫҚҚА ШЫҚҚАН

Жүргізуден алатын естен кетпес тамаша әсермен қамтамасыз етуге қауқарлы автокөлік қалай жасалады? Сіз оны жарыс жолында жасап, жетілдіресіз. Біз өз үлгілерімізді көрермен жүрегін лүпілдететін автоспортың аңыздары рекорд жасап, жеңіске жететін тас жолдарда сынақтан өткіземіз.

        lexus lfa born on track
  •         lexus fuji nurburgring

    ЖАРЫС ЖОЛЫНДА ЖАРЫҚ КӨРГЕН

    ФУДЗИ СПИДВЕЙ ЖӘНЕ НЮРБУРГРИНГ

    Біздің сынақтардың басым бөлігі әлемдегі ең күрделі тас жолдардың бірі, аңызға айналған жапониялық Фудзи Спидвей автодромында өтеді. Біздің F философиямыздың атауындағы "F" литерасы дәл сонымен байланысты.

    Сонымен қатар, біз Еуропадағы әйгілі неміс тас жолы Нюрбургрингте сынақ өткіземіз. Бұл тректің құрметіне LFA-дің Nürburgring Edition деп аталатын әсерлі нұсқасы жарық көрді. Бұл сипатамалары бойынша ерекше әрі өте сирек кездесетін автокөлік: бар болғаны 50 данасы шығарылған.

    Жаңа аса сәнді Lexus LC купесі жыл сайынғы "Нюрбургрингтің 24 сағаты"жарысында алғаш жарық көрді, ол кезде автокөлік жарыс алдындағы шеруде таныстырылған болатын.

  •         lexus performance heritage

    ЖАРЫС ЖОЛЫНДА ЖАРЫҚ КӨРГЕН

    АСА БАЙ МҰРА

    Lexus LFA — қай жағынан алып қарасаң да, нағыз суперкар. Ол біздің жарыстық инновацияларымыздың тарихын жалғастырады және толықтырады. Амбициялық идеяның мінсіз іске асқандығының жарқын мысалы бола отырып, автокөлік біздің мүмкіндік аясын кеңейтуге деген үздіксіз ұмтылысымызды көрсетеді.

    LFA сізге біздің жүргізуші мен автокөлік арасында мінсіз қарым-қатынас орнатуға деген ықыласымызды толық сезінуге мүмкіндік береді. Оның жаңашыл рухы F-ті қоса алғанда, басқа да үлгілерге терең ықпал етеді. Бастапқыда LFA үшін жасалған дүние көп уақыт өтпей өзге де автокөліктерден көрініс табады. Lexus автокөліктерінің бәріне тән абсолютті, шабыт беретін қарқындылыққа қол жеткізу үшін біз жарыс тас жолын F сериясына арналған инновациялар зертханасы ретінде пайдаланамыз.

ДИНАМИКАНЫҢ МІНСІЗ КӨРІНІСІ

Lexus автокөліктерінің бәріне тән абсолютті, шабыт беретін қарқындылыққа қол жеткізу үшін біз жарыс тас жолын F сериясына арналған инновациялар зертханасы ретінде пайдаланамыз.

        2017 lexus discover performance overview f sport

ДИНАМИКАНЫҢ МІНСІЗ КӨРІНІСІ

F SPORT

F SPORT-тың орындалуы сізге Lexus-тің кез келген үлгісінің рөлінде отырып, F философиясын бағалауға мүмкіндік береді. Дизайн мен аспа баптауларының ерекше элементтері спорттық мінезін айқындайды.