ДИНАМИКА

LC СПОРТТЫҚ КУПЕСІ

Жаңа LC — бұл компания мен көлік иелері үшін жаңа кезеңнің басталғанынан хабар беретін Lexus тарихындағы жаңа меже. Біздің Жапониядағы озық аэродинамикалық орталығымызда жасалған автокөлік сіз қайда бағыт алсаңыз да, сізге естен кетпес әсер сыйлайды.

ЖАҢА ДӘУІР ҮШІН ЖАРАЛҒАН

2016 жылы Детройттағы (NAIAS) Халықаралық автосалонда алғаш таныстырылған LC бірден өзіне назар аудартып, тамаша пікірлерге ие болды. Lexus-тің бөлімшелері өз бойына озық дизайн мен тамаша қарқындылықты үйлестірген үлгіні жасау үшін бірікті. Автокөлік басқарылуы жағынан өте ыңғайлы және Lexus-тің болашақтағы даму бағытын көрсетеді.

КОНЦЕПЦИЯДАН —ШЫНАЙЫЛЫҚҚА

LC-ді жасау концепциядан сериялық өндіріске бірегей өтумен жүрді. Экспрессивті дизайн инженерлік өнермен үйлесіп, әр бөлігі аса сәнді бола отырып, шектелмеген динамиканы қамтамасыз етті.

        lexus lc 500 concept to reality
  •         lexus lc 500 unprecedented achievement

    КОНЦЕПЦИЯДАН —ШЫНАЙЫЛЫҚҚА

    КЕРЕМЕТ ЖЕТІСТІК

    Бұл ең ұсақ бөлшектеріне дейін іске асқан көрнекті концепция. LС 2012 жылы таныстырылып, автокөлік индустриясында төңкеріс жасаған кең танымал LF-LC концепт-карының негізінде әзірленген.

    Оны жасау Lexus-тің инженерлері мен дизайнерлері тарапынан үлкен күш жұмсауды қажет етті. Бүкіл әлемге танымал LFA суперкары сияқты, LC купесін де такуми шеберлері өндіреді. Автокөлік құрастыру – олардың әуес ісі, тәжірибесінің арқасында, олар дәлдік пен мінсіздіктің не екенін өте жақсы біледі және орындау сапасын жаңа деңгейге көтереді.

  •         lexus lc 500 unmatched performance

    КОНЦЕПЦИЯДАН —ШЫНАЙЫЛЫҚҚА

    ҮЗДІК ДИНАМИКА

    Бірқатар инновациялық технологиялар мен функциялардың арқасында, сіз LC-тің рөлінде отырып, жүргізуден естен кетпес ләззат аласыз. Біздің L-Finesse философиямыздың шынымен де кербез, әсерлі және әсем көрінісін бейнелейтін үлгінің қарқыны мен сән-салтанаты да ерекше әсер береді.

    Такуми шеберлігінің арқасында LC толықтай біздің Жапониядағы озық аэродинамикалық орталығымызда әзірленген үлгілердің бірі болды. Ол жаңа дәуірдің басталғандығынан хабар береді.

КӨП САТЫЛЫ ГИБРИДТІ ЖЕТЕК

LC500h Lexus-тің жаңа гибридті технологияға ие алғашқы автокөлігі болды. Ол тиімділігі жоғары және экологиялық қасиетке ие, әрі спорттық және эмоциялық жүргізуді қамтамасыз ететін озық көп сатылы гибридті жетекпен жабдықталған.

        lexus lc 500 next generation power

КӨП САТЫЛЫ ГИБРИДТІ ЖЕТЕК

ӨЗГЕ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚУАТТЫЛЫҚ

Жаңа буынның гибридті технологиясын қарсы алыңыз. Көп сатылы гибридті жетекте екі энергия көзі интеллектуалды алгоритм негізінде үйлеседі. Батареядан қуат алатын электрлі қозғалтқыш пен бензинді ІЖҚ автокөлікті жеке іске қоса алады, ал қажет болған жағдайда бірге жұмыс істейді.

Бұл ерекше тиімділікті, шығарындылардың төмен деңгейін, әсерлі жүргізумен аса әсерлі екпін алуға кепілдік береді. Жүйе жол жағдайын қадағалайды және оңтайлы параметрлерді іріктеу арқылы қуат ағымын үздіксіз түзетеді. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда сіз Drive Mode Select селекторының көмегімен қозғалыс режимін өз бетіңізше орната аласыз.

Көп сатылы гибридті жетек – анағұрлым спорттық сипатқа ие гибридті жүйе. 4 сатылы автоматты беріліс қорабы жүргізуші өте жылдам ауыстырып қоса алатын 10 жеке берілісті қайталауға мүмкіндік береді. Лезде қуатты жауап алу үшін акселератор педалін екпінмен басыңыз немесе бірқалыпты жүріс барысында жетектің интеллектуалды тиімділігінен ләззат алыңыз.

ДИНАМИКА

LC техникалық мінсіздігімен және тамаша қарқынымен таңғалдырады. Себебі біз тіпті ұсақ бөлшектердің де жалпы нәтижеге үлес қосатынын білеміз.

        lexus lc 500 driving dynamics
  •         lexus lc 500 a drive like no other

    ДИНАМИКА

    ЖҮРГІЗУДЕН АЛАТЫН ЕСТЕН КЕТПЕС ӘСЕР

    LC500 қозғалтқышының құрылымына оның "тыныс алуына" көмектесетін қосарланған енгізу тракты кіреді және оған керемет дыбыс береді. Бұл атмосфералық күштік құрылым спорттық купенің жалпы сипатымен үндеседі. Ол қуаттың бағдарлы берілуін жақсартып, автокөлікті жеңіл әрі қызықты басқарумен қамтамасыз етеді.

    Болашақтың технологияларын әзірлей отырып, біз қарқындылықтың мүлде жаңа сезіміне қол жеткіздік. Сипаты жағынан LC Lexus-тің бір де бір үлгісіне ұқсамайды.

  •         lexus lc 500 built for agility

    ДИНАМИКА

    АБСОЛЮТТІ ЕПТІЛІК ҮШІН ЖАРАЛҒАН

    LC-ді жасау барысында біз жұмыстың әр кезеңінде біз қол жеткізуді қалаған нәтижені: жоғары дәлдікпен үйлескен керемет жүргізу сезімін көрнекті еттік. Епті, қарқынды, қуатты.

    Біз аса сәнді купенің образына сай тамаша жүріс қасиеттерін жүргізушілерді таңдандырып, эмоциясын оята отырып, қамтамасыз етуге тырыстық. Егер сіз LC автокөлігін сынау мүмкіндігіне ие болсаңыз, онда сіз біздің амбициялық мақсатқа қол жеткізгенімізді білесіз.