1. Discover Lexus
  2. Performance
  3. Motorsport
  4. RC F GT3
Байланысу
Байланысу

2017 ЖЫЛҒЫ RC F GT3

Жаңа, батыл шешімдер қабылдауға деген ұмтылыс – элиталы брендтің маңызды құрамдас бөлігі.

Сондай қарсылықтың бірі біздің F үлгілеріміздің үздіксіз жетілдірілуі мен динамикасының жақсартылуы болып табылады. Әртүрлі жарыстарға қатысудағы тәжірибеміздің арқасында, біз бүкіл әлемдегі Lexus автокөліктерінің иелерін жүргізуден естен кетпес әсермен қамтамасыз ете аламыз. Дәл сол себепті 2017 жылы біз RC F GT3-ті ұсына отырып, өзіміздің автоспорттағы орнымызды кеңейтеміз.

Біз әр жарыстан тек қосымша білім алуға ғана емес, спорткарларымыздың саны артып келе жатқан табынушыларын да қуантуға талпынамыз.

RC F GT3 жұмыс көлемі 5.4 литрді құрайтын V8 қозғалтқышымен және жарыстық алты сатылы секвентальді беріліс қорабымен жабдықталған. Көліктің қақпағы, бамперлері, артқы спойлері, есік панельдері, ауа сүзгісінің корпусы мен алдыңғы панелі көміртекті пластиктен жасалған, бұл автокөліктің массасын 1300 келіге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Рұқсат алысымен FIA, RC F GT3 Жапонияда, АҚШ-та өтетін чемпионаттарда және бірнеше еуропалық жарыстарда өнер көрсетеді.

АҚШ-та 3GT Racing командасы мінген екі Lexus RC F GT3 IMSA WeatherTech SportsCar Championship Series сериясының GTD классында жарыс жолына шығады. Жапонияда LM corsa командасының екі спорткары GT300 классында Super GT Series жарысына шығады.

Еуропада өткен кезеңде RC F GT3-ті тізгіндеп VLN Endurance сериясына қатысқан Farnbacher Racing және Emil Frey Racing командалары GT3 классында анағұрлым жоғары жетістікке жету үшін бұл кезеңде де жұмысын жалғастырады. 2017 жылы олардың көліктері International GT Open сериясындағы жарысты қоса алғанда, еуропалық бірнеше сайысқа қатысады.

Өткен жылы Lexus компаниясы Нюрбургринг тас жолының Солтүстік бұралаңындағы төзімділік сыналған жарыста жеңіске жеткен тұңғыш азиялық автоөндіруші болды. 2016 жылдың 8 қазанында RC F GT3 прототипі VLN чемпионатының 9-кезеңінде жалпы есепте алғашқы орынды иеленді.

Одан бөлек, Lexus компаниясы RC F GT500 – RC F негізінде жасалған тағы бір үлгімен керемет нәтиже көрсетті. RC F GT500 2016 жылы жапониялық Super GT сериясында басымдылық танытып, Team SARD командасының шабандоздары Хейкки Ковалайнену (Heikki Kovalainen) мен Кохеи Хиратенің (Kohei Hirate) GT500 категориясының командалық және жеке есебінде жеңіске жетуіне мүмкіндік берді.

 

Автокөліктің атауы LEXUS RC F GT3
Қозғалтқыш V8, жұмыс көлемі 5,4 л
Қуаттылығы 373 кВт-тан аса (DIN бойынша 500 а. к-нен астам)
Айналу сәті Деректер жоқ
6 сатылы жарыстық секвентальді беріліс қорабы
Дөңгелектер 13 x 18 алдыңғы, 13 x 18 артқы, орталық бұғаттаумен 13 x 8

 

Жарақталған масса

Тежеуіштері Болат дискілік
Жалпы ұзындығы 4845 мм
Жалпы ені 2030 мм
Жалпы биіктігі 1270 мм
Дөңгелек базасы 2730 мм
1300 кг