2018 lexus performance hero

ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Инновациялық технологиялар — дұрыс бағытқа жасалған қадам.

Кейде, расымен де үлкен идеяларды табу үшін санамызға сіңіп кеткен дайын үлгілерден тыс ойлау жеткіліксіз – кез келген дайын үлгіні жойып, барлығын нөлден бастау керек. Өнеркәсіптік дизайнер және технологиялық жаңалық ашушы Лоуренс Кембалл-Куктың амал-тәсілі дәл сондай болды: ол күннен-күнге ушығып бара жатқан климаттың өзгеруіне байланысты жаһнадық мәселеге қатысты мүлде жаңа, шығармашылық шешім табуға бел байлады.

Өзі өнеркәсіптік дизайн және технологияны оқыған Лафборо университетіне барар жолда үнемі жел және күн энергиясына баламаның болу мүмкіндігі жайлы ойланатын Лоуренс инновациялық амал-тәсіл ойлап тапты.

«Жылына 75 миллион адам өтетін "Виктория" темір жол вокзалы арқылы өтіп бара жатып, мен онда жүрген адамдардың біршама кинетикалық энергияларын алу мүмкіндіктері жайлы ойлана бастадым», – дейді Кембалл-Кук. "Менің қайта қалпына келетін энергия көздері мен қалалық инфрақұрылымға қатысты өзіндік зерттеулерім маған қала тұрғындарының қадамының энергиясын пайдалануға шабыт берді".

        2018 lexus performance1 landscape

2009 жылы Кембалл-Кук Pavegen компаниясын құрып, жол жабынын төсеудің ақылды жүйесін әзірлеуді бастады. Ол электромагниттік генераторлар сериясын сығымдау үшін жаяу жүргіншілердің қадамының салмағын пайдаланады. Айналмалы қозғалыс жасау арқылы жинап, аккумуляторда сақтауға немесе жарықтандыру жүйесін энергиямен қамтамасыз ету, сезгектер және деректерді беру үшін орнында пайдалануға болатын аздаған мөлшердегі энергия өндіреді.

Кембалл-Кук бірден өзінің ақылды жабындарын насихаттау үшін тиісті мүмкіндіктерді іздеуге кірісті және бастапқыда жаңа клиенттерді тартудың бірегей әдістерін қолдануға мәжбүр болды.

«Біз алғашқы сатылым үшін құрылыс алаңына еш рұқсатсыз Pavegen плитасын орнатып қойдық, содан кейін әлеуметтік желі арқылы мердігерді Pavegen жүйесін сатып алуға көндірдік», – дейді ол. "Сол уақыт аралығында біз бүкіл әлем бойынша клиент жинап, серіктестер мен басшылар командасының халықаралық желісін құрдық".

  •         2018 lexus performance quote landscape
            2018 lexus performance quote portrait

    «БІЗДІҢ ТЕХНОЛОГИЯМЫЗДЫҢ АЛҒАШҚЫ ПРОТОТИПТЕРІ БІЗБЕН СЕРІКТЕС БОЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН ІСКЕРЛІК САЛА ӨКІЛДЕРІНІҢ, ТҮРЛІ ИНВЕСТОРЛАР МЕН PAVEGEN» ПЛИТАЛАРЫН ПАЙДАЛАНАТЫН АДАМДАРДЫҢ ҮЛКЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ТУДЫРДЫ.», — ДЕЙДІ ОЛ.

    Лоуренс Кембалл-Кук, өнеркәсіптік дизайнер және технологиялық жаңалық ашушы
  • Pavegen жүйесі туралы жаңалық лезде тарады, бүгінде Кембалл-Куктың командасы Вашингтондағы Дюпон Серкл (Колумбия округі) мен Лондонның орталығындағы түрлі нүктелерді қоса алғанда, әлемнің 30 елінде 200-ден аса тұрақты және тәжірибелік жобаларды іске асырды.

    Бірқатар қалалар мен Google және Nike сынды ірі корпорациялар Pavegen-мен жұмыс істеу үшін кезекке тұрып жатқанын ескерер болсақ, тұрақты кинетикалық энергияның болашағы зор сияқты көрінеді.

            image 2018 07 26 11 00 37 095 v2

Өнертапқыш жүйенің басқа да энергия көздерімен үйлесу мүмкіндігінің зор екендігін және климаттың өзгеру мәселесін шешуге белсенді қатысатын анағұрлым интеллектуалды және тиімді қалалар құру үшін көлік торабы, мектеп және сауда орталықтары сынды алуан түрлі салаларда пайдалануға жарайтынын айтты.

«Энергетикалық дағдарысты еңсере отырып, біз қоғамның маңызды міндетін орындаймыз және азық-түліктің жеткіліксіздігі мен сапасыздығы, биологиялық алуандықты жоғалту сынды кейбір мәселелерді шешу үшін шығармашылық мүмкіндіктер мен энергияны көбірек шығарамыз», – дейді ол. "Біздің жалғыз ғана ғаламшарымыз бар, сондықтан өзіміз тәуелді болып отырған табиғи ресурстарды сақтау біз үшін маңызды".

        2018 lexus performance2 landscape

ЖАҢАШЫЛДЫҚ

БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ ЖАСАЙ ОТЫРЫП

Инновациялар мен бірегейлік Lexus амал-тәсілінің дәл жүрегінен орын алған. Lexus үнемі су жаңа технологиялармен және өз саласындағы ең мықты ғалымдармен, сарапшылармен жұмыс істейді; компания тынымсыз революциялық шешімдерді іздейді, соның арқасында Lexus өрлеп, теңдессіз деңгейге жетеді.