ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ГИБРИДТІ ЖҮЙЕЛЕРДІ ӘЗІРЛЕУ

Өзіңіз үшін Lexus компаниясымен әзірленіп, жетілдірілген гибридті технологияны ашыңыз. Ол отынды барынша үнемдеуді, шығарындылардың төмен деңгейін, қолжетімді қуаттылық пен жүрістің бірқалыптылығын қамтамасыз етеді.

ГИБРИДТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ

Lexus-тің гибридті технологиясы бұрынғыдай әлемдегі ең үздігі болып келеді. Біз толық гибридті өндіріске жіберген алғашқы компания болдық және содан бері осы концепцияны үздіксіз жетілдірудеміз. Жалпы алғанда миллионнан аса жүргізуші біздің революциялық технологиямен жабдықталған автокөліктермен миллиондаған шақырымды еңсерді.

        technology hybrid engineering long standing hybrid leadership 01
  •         technology hybrid engineering long standing hybrid leadership 02

    ГИБРИДТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ КӨП ЖЫЛДЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚ

    ГИБРИДТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ КӨП ЖЫЛДЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚ

    Біз гибридті жетектің артықшылықтарын арттыру арқылы күткеннен де жақсы нәтиже көрсетудеміз. Енді сіз Lexus-тің жаңа, революциялық жүйесі – LC 500h және LS 500h үлгілеріне арналған көп сатылы гибридті жетекті бағалай аласыз.

    Бұрын қолданылған сатысыз беріліс қорабымен (CVT) қатар, жүйеге 4 сатылы автоматты нұсқа да кіреді, бұл LC 500 бензинді қозғалтқышына арналған 10 берілістің болуын имитациялауға мүмкіндік береді. Жүргізуші рөл астындағы ауыстырып қосқыштардың көмегімен берілістерді жылдам ауыстыра алады.

    Бұл анағұрлым қызықты жүргізуді қамтамасыз етеді. Қарқындылықтың, жылдамдықтың және қосылу мүмкіндіктерінің арқасында, бұл гибридті жүйе әлемдегі ең елгезек әрі тиімді жүйе болып табылады. Сіз акселератор педалін екпінмен басып, тамаша қуатты сезінесіз және анағұрлым ырғақты қозғалыста жүйенің тиімділігін бағалай аласыз. Көп сатылы гибридті жетек жаңа стандарттар береді. Lexus гибридті жетек саласында көшбасшы болып келеді, ал жаңа технология болашақта компанияның модельдік қатарында кең таралады.

  •         technology hybrid engineering long standing hybrid leadership 03

    ГИБРИДТІ ЖЕТЕК САЛАСЫНДАҒЫ БҰЛЖЫМАС КӨШБАСШЫЛЫҚ

    DRIVE MODE SELECT ҚОЗҒАЛЫС РЕЖИМІН ТАҢДАУ СЕЛЕКТОРЫ

    Lexus-тің гибридті жетегі жол жағдайын қадағалайды және оңтайлы параметрлерді іріктеу арқылы қуаттылық ағымын түзетеді. Қалауыңыз бойынша сіз электрлі, аралас не бензинді қозғалтқышты пайдаланатын қозғалыс режимін таңдай аласыз.

    Қозғала бастау, екпін алу, орташа қарқындағы қозғалыс және баяулау – сіз параметрлерді өзіңіз бересіз. Барлық сапар үшін не бағыттың бір бөлігі үшін. Жүргізуші мен автокөлік жүйелерінің өзара байланысы шығарындылар деңгейін төмендетіп, тиімділікті арттыруға жәрдем береді.

    Normal отын үнемдеудің және қозғалтқыш қуатының оңтайлы теңгерімін қамтамасыз етеді. Sport режимі рөлмен басқарудың жауап беруін жоғарылату үшін акселератор педалін басқанда анағұрлым жылдамырақ және қарқындырақ жауап беруімен ерекшеленеді. ЕСО режимінде отынды қосымша үнемдеу үшін климат-бақылаудың, қозғалтқыштың қолайлылығы мен қуатының анағұрлым бірқалыпты баптаулары іске қосылады.