blind spot monitor

ЖҮРГІЗУШІНІ ҚОЛДАУ

"КӨРІНБЕЙТІН" АЙМАҚТАРДЫ БАҚЫЛАЙТЫН АЙНА

"Көрінбейтін" аймақтар мониторы жүріс қарқындылығын арттыруға мүмкіндік береді, себебі сіз үнемі маневр жасауға дайын боласыз. "Көрінбейтін" аймақтар мониторы жүргізушілердің өзге автокөліктердің орнласуы жайлы хабардар болуына кепілдік береді, қабылдауды жақсартып, жүргізушінің қозғалыс жолағынан баяу шығуына мүмкіндік беріп, оны күйзелістен сақтайды
Миллиметрлік диапазондағы радарлы хабарлағыштың көмегімен "көрінбейтін" аймақтар мониторы жүргізуші көрмейтін жерлердегі автокөліктерді анықтайды: көрші жолақта хабарлағыштың іске қосылу қашықтығы 60 метрді құрайды. Жүйе сонымен қатар жүргізушіге арт жақта жоғарғы жылдамдықта қозғалып келе жатқан автокөліктер туралы ескертеді.
Жүргізуші қозғалыс жолағының ауысқаны туралы сигнал берген кезде сыртқы айнада – жүргізушінің көзі түсетін қатарда – кедергі тұрған бөлікке жарық түсіріледі. Бұл функция автомагистральда жүруді барынша оңтайландырып және сізге сенімділік бере отырып, сіздің жүргізушілік дағдыларыңызға қосымша ретінде қызмет етеді: себебі сіз қозғалыс жолағын ең оңтайлы сәтте ауыстыру мүмкіндігіне ие боласыз және айналаңыздағы жағдай туралы толықтай хабардар боласыз.
Жауапкершілікті шектеу: Ешқандай жағдайда Lexus-тің қауіпсіздік жүйесін әдеттегі жүргізу қағидаларына балама ретінде пайдаланбаңыз; жүйені басқаруға кіріспес бұрын, мына нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз. Қауіпсіз жүргізу үшін тек жүргізуші жауапты.

ОСЫ ТЕХНОЛОГИЯҒА ИЕ ҮЛГІЛЕР