1. Discover Lexus
  2. Technology
  3. Pioneering Technology
Байланысу

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Технологиялар жүргізуден алатын әсерді түбегейлі өзгертеді. Біз осы орайда ашылатын мүмкіндіктерді толыққанды пайдалануға тырысамыз. Жаңа функциялар мен инновациялардың есебінен біз сізге ештеңемен салыстыруға келмейтін әсер сыйлауға ұмтыламыз.

ЖҮРГІЗУДЕН АЛАТЫН ЖАҢА ӘСЕРЛЕР

Жаңа әзірлемелер жүргізуші және жолаушы түсінігін қайта ойластыруға мүмкіндік береді. Инновациялар жүргізуден алатын әсерді жылдам өзгертеді және біз оларды пайдалану мүмкіндіктерін үздіксіз зерттейміз. Біздің концепт-карлар бұл болашақтың көрінісін жүзеге асырады.

ҚИЯЛДАУ ШЕГІН КЕҢЕЙТЕ ОТЫРЫП

Біздің концептуалды үлгілеріміз келешекті идеялардың негізінде туындайды және болашақтың технологиялары үшін шабыт көзі ретінде қызмет етеді. LF-FC, UX концепт-кары мен кинетикалық орындық концептісі (Kinetic Seat Concept) болашаққа ұмтылған, бірақ сонымен бірге біз жаңа технологиялық жаңалықтар жасау үшін қиялға ерік беріп, жаңа идеяларымызды сынақтан өткізетін озық лабораториялар болып табылады.

ЖАҢА ТҮРДЕГІ ОРЫНДЫҚТАР

Lexus-тің кинетикалық орындығының революциялық концептісі 2016 жылы Париж автосалонында көпке таныстырылды. Орындықтарға жаңа көзқараспен қараған біз, жайлылық деңгейін көтеретін инновациялық торлы құрылымды әзірледік.

Күшейтілген талшықтар орын ауыстыру барысында қауіпсіздік пен қажетті демеумен қаматасыз етеді. Бұл орындықта сіз физикалық және эмоциялық тұрғыда босаңси аласыз.

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ИНТЕРФЕЙСТЕР

UX және LF-FC концепт-карларында адам мен автокөлік арасындағы өзара қарым-қатынастың анағұрлым қарапайым, табиғи әрі ыңғайлы концепциялары іске асқан.

келешекте бұл үлгілер сіздің ым-ишараңыз бен жанасуларыңызды түсініп, оларға жауап қайтара алатын болады. Одан бөлек, болашақ голограммаларды пайдаланудың кең мүмкіндігін ашады.

LS-ТІҢ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Жаңа LS қауіпсіздік технологияларын мүлде басқа деңгейге шығарады. Оның негізінде жаңа, озық функциялармен толықтырылған және жүргізушіні жақсартылған қолдаумен қамтамасыз ететін Lexus Safety System+ белсенді қауіпсіздік жүйелерінің кешені жатыр. Жетілдірілген шешімдердің қатарында соқтығысудың алдын алу жүйесі (PCS), қозғалыс жолағының ауысқаны туралы ескерту жүйесі (LDA) және динамикалық круиз-бақылау бар. Жаңа LS түйсікті және интеллектуалды алгоритм негізінде әрекет етіп, сіздің сезім мүшелеріңіздің мүмкіндіктерін толықтыратын жаяу жүргіншілерді анықтау және рөлмен басқарудың белсенді көмекшісі сынды функциялардың арқасында, соқтығысудың алдын алудың инновациялық амал-тәсілін іске асырады.