technology premium specification hero

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ПРЕМИУМДЫҚ ЖИЫНТЫҚ

Lexus-тің әр автокөлігі сапасы ең ұсақ бөлшектеріне дейін ойластырылған озық технологиялармен жабдықталған. Біз жүргізудің барлық аспектілерін жетілдіруге ұмтыламыз.

Стандартты жиынтықтағы бірегей технологиялар.

Lexus-тің барлық үлгілері ең жаңа озық технологиялармен жабдықталады. Аса жоғары сапасының арқасында, олар жүргізуден естен кетпес әсер сыйлайды. Салонның тамаша әрлеуі мен LSS+ сынды интеллектуалды және түйсікті қауіпсіздік жүйелеріне дейін: жоғарғы технологиялар мен сән-салтанат біз жасағанның барлығында қолданылады.

        technology premium specification exceptional technology as standard

ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ЖАБДЫҚТАУ

Біздің автокөліктердің стандартты жиынтығында біздің озық шешімдеріміздің басым бөлігі бар, бірақ сіз сонымен қатар ойын-сауық құрылғыларын, климаттық жүйелер мен қауіпсіздік функцияларын өз талғамыңызға сай таңдай аласыз. Бұл рөлде отырғанда жүргізуден ерекше әсер алуға мүмкіндік береді.

Сапар барысында барлығы да сіздің бақылауыңызда болады. Аспаптар панеліндегі батырманы басу арқылы сіз айналаңыздағы кеңістікті өзгерте аласыз.

АКУСТИКАЛЫҚ МІНСІЗДІК

Премиумдық класстағы аудижүйелерді өндіретін Mark Levinson® компаниясымен бірге біз автокөліктің ойын-сауықтық мүмкіндіктерінің жаңа деңгейін қалыптастыратын ерекше шешімдер әзірлейміз.

Mark Levinson® компаниясының мамандары жаңа үлгінің концепциясы пайда болған сәттен бастап әзірлеудің барлық кезеңіне қатысады. Бұл оңтайлы акустиканы қамтамасыз ету үшін салонның баптаулары мен параметрлерін іріктеуге мүмкіндік береді. Динамиктердің орналасуы мен сипаттамалары автокөліктің ішкі кеңістігінің ерекшеліктеріне толық сәйкес келеді.

        technology premium specification acoustic perfection 02

ДЫБЫСТЫҢ АБСОЛЮТТІ ТҰНЫҚТЫҒЫ

Lexus пен Mark Levinson® бір мақсатты көздейді — ол дыбыстың мінсіздігі. Оған қол жеткізу үшін біз цифрлық қысымдалған тректердің дыбысталуын жақсартатын технологиялармен талмай жұмыс жасадық.

Harman Clari-Fi® жүйесіндегі алдын ала шифрланған алгоритмдер аудиосигналды шынайы уақытта талдап, цифрлық жазбалардың дыбыстық өзгешеліктерін қайта қалпына келтіреді, бұл дыбысталудың жалпы сапасын арттырады. Lexus автокөлігінен мұндай дыбысты бір рет естіп, сіз одан кейін ымыраға келе алмайсыз.

ЖАҚСАРТЫЛҒАН АТМОСФЕРА

Автокөліктегі атмосфера көзге көрінбеуі мүмкін, бірақ үлкен маңызға ие. Біз оған ерекше мән береміз және сол себепті бірқатар марапаттарға ие болған, салондағы ауаның құрамын микроскоптық деңгейде қадағалап, түзететін Nanoe® технологиясын пайдаланамыз. Климаттық жүйелердің дәстүрлі функцияларының аясынан шыға отырып, бұл инновация кез келген жағдайда абсолютті жайлылыққа кепілдік береді.

        technology premium specification optimised atmosphere

БАЛҒЫНДЫҚТЫ СЕЗІНІҢІЗ

Біз пайдаланатын Nanoe® озық технологиясы ауаны тазартып қана қоймай, мінсіз ылғалдықты қамтамасыз етеді.

Тері мен көздің шырышты қабығын тітіркендіретін басқа климаттық жүйелермен салыстырғанда, Nanoe® сізді сергітіп, сапар барысында оңтайлы жағдай жасайды.

БЕЛСЕНДІ ҚАУІПСІЗДІК

Сіздің автокөлігіңіздің сіздікіне ұқсас, бірақ әлдеқайда жетілген сезім мүшелері бар деп елестетіңізші. LSS+ белсенді қауіпсіздік жүйелерінің кешені армандарды шындыққа айналдырады. Ол адами қабылдаудың мүмкіндіктерін кеңейте отырып, сізге жолда сенімділік береді. Жаңа LS-те бұл технологиялар Lexus-тің қауіпсіздік саласындағы болашақ бағытын көрсете отырып, қосымша жетілдірілді.

ИНТЕЛЛЕКТУАДЫ ҚОЛДАУ

Lexus автокөліктері қоршаған орта жайлы көптеген ақпаратты қабылдай отырып, үздіксіз дамуда. Олар болжау функциясымен жабдықталған, соқтығысудың алдын алады және сіз бен сіздің жолаушыларыңызды және жаяу жүргіншілерді қорғайды.

Бірақ сіз жағдайды үнемі өз бақылауыңызда ұстайсыз. Біздің қауіпсіздік жүйелеріміз тек қажет болған кезде ғана іске араласып, көмегін ұсынады. Басқа уақытта олар көзге түспей және сіздің қауіпсіздігіңіз бен рөлдегі сенімділігіңізді қамтамасыз ету жолында тынымсыз жұмыс істеп, әрдайым қызметке дайын тұрады.

ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Lexus-тің модельдік қатарында ең озық технологиялар ұсынылған. Сіз қай үлгіні таңдасаңыз да, одан жайлы, қызықты әрі қауіпсіз жүргізуге арналған инновациялық функцияларды табасыз. Олардың көбі стандартты жиынтықтарды қолжетімді, басқалары қосымша ұсынылады. Сіз өзіңіз үшін мінсіз конфигурацияны таңдай аласыз.