БІЗ БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАТЫНЫНА СЕНЕМІЗ. ӨЗІҢІЗГЕ АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Lexus Қазақстанның COVID-19 вирусының таралуы салдарынан Төтенше Жағдай режимін енгізуге байланысты барлық өзекті жаңалықтары

Төтенше Жағдай режимі енгізілуіне байланысты Lexus дилерлік орталықтарының жұмыс режимі

Құрметті Клиенттер,

Lexus брендін таңдап, сенім артқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.

Lexus ресми дилерлік орталықтарының жұмыс режиміне қатысты кейбір өзгерістер туралы хабарлаймыз.

Елдегі төтенше жағдай жариялануына және 2020 жылғы 26 наурызда күшіне енген түзетулерге байланысты кейбір автосалондардың, сондай-ақ сервистік орталықтардың жұмыс кестесі өзгертілді.

Сондай-ақ, ҚР Президенті төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын шектеу мақсатында меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін 30 наурыздан 30 сәуірге дейін тоқтата тұру туралы шешіміне сәйкес, сондай-ақ осы шешім шеңберінде қабылданған әкімдіктердің жергілікті актілеріне сәйкес Lexus дилерлік және сервистік орталықтарының қызметі мына қалаларда уақытша тоқтатылды: Алматы, Атырау, Орал, Ақсай, Қызылорда, Қарағанды, Өскемен, Ақтау, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар.

Орталықтардың қызметін тоқтата тұру мерзімі әкімдіктердің үкімдеріне сәйкес белгіленген. Осы кезеңде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дилерлік және сервистік орталықтар автомобильдерді және қосалқы бөлшектерді сатуды, автомобильдерді жөндеу мен қызмет көрсетуді қоса алғанда, сервистік жұмысты тоқтатады. Дегенмен, дилерлер Онлайн чат немесе телефон арқылы кеңес беруді жалғастырады..

Жоғарыда көрсетілген қалалардағы орталықтардың қызметі тиісті қалалардың әкімдіктерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарынан ресми рұқсат алған сәттен бастап әдеттегі режимге қайта оралады.

Басқа қалалардағы дилерлік орталықтардың жұмыс тәртібі мен қызметі туралы толық ақпарат алу үшін аймағыңыздағы Lexus ресми дилерлерінің біріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Сіздерге қолайлы болу үшін байланыс орталығы да жұмыс істейді. Онлайн чат арқылы немесе біздің сайтта алдын ала онлайн өтінім негізінде телефон арқылы өнімдеріміз бен қызметтер бойынша толық кеңес беруге дайын.
Бізге түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз және жақын арада дилерлік орталықтарымызда қайта қауышатынымызға сенеміз.

Төтенше Жағдай режимі енгізілуіне байланысты сұрақтар мен жауаптар

Lexus Финанс несиелері бойынша мерзімін ұзарту туралы ақпарат

Құрметті Клиенттер,

ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің 2020 жылғы 22 наурыздағы № 17 қаулысына сәйкес Lexus Финанс келесі қолдау шараларын қабылдады:

1. Микронесие бойынша төлемдердің мерзімін өткізіп алу үшін айыппұлдарды есептеу ТЖ әрекет ету кезеңіне уақытша тоқтатылды. Сізге бұл сұрақ бойынша өтініш қалдырудың қажеті жоқ. Айыппұлдар бойынша есептеулерді тоқтатуды Lexus Финанс өз бетімен өткізетін болады.

2. ТЖ әрекет ету кезінде қаржылық жағдайы нашарлаған қарыз алушыларға несие төлемдерді шегіндіруге рұқсат беріледі.

1. Өтінімді қалай беруге болады?
• Toyota Финанс мобильді қосымшасы арқылы
• қоңырау шалып: +7 727 244 45 45, +7 701 052 43 46, +7 701 081 32 99. Жұмыс уақыты 09.00-18.00 Дс-Жм
• хабарламаны электрондық мекенжайға жіберіп: care@kz.toyota-fs.com. қарыз алушының ЖСН, шарт нөмірі және байланыс үшін ұялы телефон нөмірін міндетті түрде көрсету қажет
• SMS жіберу арқылы: +7 701 052 43 46. Қарыз алушының ЖСН мен шарттың нөмірін міндетті түрде көрсету қажет.

2. Кім өтінім бере алады?
1. Қарыз алушылар- жеке тұлғалар, егер қаржылық жағдайы мынадай себептер бойынша нашарласа:
• карантин енгізілуіне байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық
• ақы төленбейтін еңбек демалысында болу
• жұмыстан босату, еңбек шартын бұзу және өзге де еңбек қатынастарын тоқтату
• жалақыны немесе өзге де кірістерді төлеуді төмендету немесе тоқтата тұру
• қызметкер аумағында төтенше жағдай және (немесе) карантин қолданылатын жерге кіру (шығу) шектеулеріне байланысты жұмыс орнында бола алмайтын жағдайда
• қаржылық жағдайдың нашарлауын куәландыратын өзге де себептер

2. Қарыз алушылар-шағын және орта бизнес субъектілері:
• егер де келесі салаларда қызмет көрсетсе:
- Сауда секторы, сонымен қоса СОО жалға алушылар, ТНП дүкендері, тауарларды жеткізу тізбегі, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және олармен байланысты жеткізілімдерді қоспағанда,
- Спорт, туризм және қонақ үй бизнесі, сонымен қоса туроператорлар мен турагенттер.
- Жолаушылар және жүк тасымалдау секторы, азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді тасымалдауды қоспағанда.
- Қоғамдық тамақтандыру секторы, сонымен қоса мейрамханалар мен дәмханалар.
- Тұрмыстық қызмет көрсету секторы, демалыс пен бос уақытты өткізу мекемелері, сонымен қоса театрлар, кинотеатрлар, фото және бейнетүсірілімдер, көрмелер мен конференциялар, салтанаттарды ұйымдастыру мекемелері, сұлулық салондары және фитнес орталықтары.
• Сатылған тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендегені, кідіртілгені, сатып алушылардан ақы төлеу мерзімдерін ауыстыру (тоқтата тұру), қызметкерлердің штат санының қысқарғаны немесе ТЖ режимінің қолданылу кезеңінде басқа да объективті себептер бойынша қаржылық жағдайы нашарлағаны расталған кезде
Өтініштер қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттар негізінде жеке тәртіппен қаралады.

3. Қандай несиелер қатысады?

2020 жылғы 16 наурызға дейін берілген барлық несиелер қатысады. Қарыз алушыда бір өтінім берген кезде шарттарға сәйкес келетін бірнеше несиесі болған кезде, қарастыру барлық осындай несиелер бойынша жүзеге асырылатын болады.
4. Өтінім беру кезеңі: кез келген сәтте 2020 жылдың 16 наурызынан 15 маусымына дейін

5. Төлемдерді тоқтата тұру кезеңі: 3 ай (2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейін)

6. Өтінім беру үшін құжаттар:
• жеке тұлғалар үшін құжаттардың қажеті жоқ
• ШОБ және ЖК субъектілері үшін қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттар талап етіледі.

7. Өтінімді қарау мерзімі: берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде. Қабылданған өтінімді өңдегеннен кейін Lexus Финанс қарыз алушыны өтінімде көрсетілген ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

8. Өтінімді қарау үшін комиссиялар және өзге де төлемдер: жоқ

9. Айыппұлдар мен өсімпұлдар: ТЖ кезеңінде есептелмейді

10. Несие тарихы: нашарламайды. Ай сайынғы төлемдерді төлеуді тоқтата тұрғаннан кейін мерзімі өткен күндердің саны мерзімі өтіп кеткен жағдайда тоқтатыла тұрады

Қосымша ақпарат:
"Халықтың әлеуметтік осал топтары" санатына жатқызылған қарыз алушы-жеке тұлғалар бойынша өтінім беру талап етілмейді. Lexus Финанс барлық 2020 жылдың 16 наурызға дейін берілген несиелер бойынша 2020 жылдың 16 наурызынан 15 маусымына дейінгі мерзімінің ішінде ай сайынғы төлемдерді шегіндіру рәсімі туралы клиенттерге SMS хабарлама жіберу арқылы қосымша хабарлайды.