1. New Cars
  2. ES
Байланысу
ES моделінің әсерлі радиатор торы, шатырдың купетәрізді сызықтары және үштік жарықдиодты фаралары адуынды әрі әсем седанның сұлулығын құрайды. Жаңа белсенді қауіпсіздік жүйелерінің кешенімен Lexus Safety System + үйлескен мінсіз басқару көлік жүргізуден қайталанбас ләззат сыйлайды. Жаңа ES моделін жасағанда біз үздіксіз жетілдіруге тырыстық, мультимедиа жүйесін және технологияларын жаңа деңгейге көтердік, сондай-ақ жаңартылған Ammonite Sand салоны мен жаңа ES F SPORT Design нұсқасын жасадық.

ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ТАНДАУ

ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ТАНДАУ:

5 Опциялар

No results

  • ES - Executive - Sedan 4 Doors

    ES Executive

    Sedan 4 Doors

    Explore

    Мына мәннен бастап

    27 620 000 Т

    8 Speed Automatic | 4X2
  • ES - Progressive - Sedan 4 Doors

    ES Progressive

    Sedan 4 Doors

    Explore

    Мына мәннен бастап

    28 180 000 Т

    8 Speed Automatic | 4X2
  • ES - Premium - Sedan 4 Doors

    ES Premium

    Sedan 4 Doors

    Explore

    Мына мәннен бастап

    31 500 000 Т

    8 Speed Automatic | 4X2
  • ES - F Sport - Sedan 4 Doors

    ES F Sport

    Sedan 4 Doors

    Explore

    Мына мәннен бастап

    39 190 000 Т

    8 Speed Automatic | 4X2

    Мына мәннен бастап

    33 660 000 Т

    8 Speed Automatic | 4X2
  • ES - Luxury - Sedan 4 Doors

    ES Luxury

    Sedan 4 Doors

    Explore

    Мына мәннен бастап

    41 680 000 Т

    8 Speed Automatic | 4X2

    Мына мәннен бастап

    36 270 000 Т

    8 Speed Automatic | 4X2

ДИНАМИКА

  • МЫҚТЫ ҚАТТЫЛЫҚ / ЖЕҢІЛ ШАНАҚ 

    ES моделінің мықты қатты шанағы автокөліктің ерекше бірқалыпты әрі тұрақты жүрісін қамтамасыз етеді. Шанақты құрастыру кезінде жетілдірілген лазермен дәнекерлеу технологиясы және соңғы шыққан құрылымдық желімдер қолданылды. Жеңілдетілген материалдарды көптеп қолданудың арқасында автокөліктің салмағы азайып, оның сипаттамалары жақсарды. Оған қоса, мотор бөліміндегі аспа тіреулерінің кергіштері мен жетілдірілген артқы аспа элементтері есебінен шанақтың мықты қаттылығына қол жеткізу мүмкін болды.

  • ТИІМДІЛІГІ ЖОҒАРЫ КӨЛЕМІ 2,5 Л БЕНЗИНДІК ҚОЗҒАЛТҚЫШ 

     Жұмыс көлемі 2,5 литр бензиндік қозғалтқыш отынды тез жағу технологиясы негізінде жасалды, соның арқасында ол термореттеу тұрғысынан алып қараған ең тиімді қуат агрегатына айналды. Бұл пайдаланылған газдардың улылығын және отын шығынын ұлғайтпай қуатты арттыруға мүмкіндік берді. Соншалықты таңғалдырарлық нәтижелердің ерекшеліктерінің арасында – ауаны тікелей енгізу арналары, клапандардың ұлғайтылған еңкею бұрышы және лазермен тегістелген ершігі бар. Өнімділікті реттейтін май сорғысы, көп арынды форсункалар, сондай-ақ ауа енгізу клапандарындағы VVT-iE жүйесі де тамаша сипаттамаларға қол жеткізуге үлкен үлес қосқан.

ҚАУІПСІЗДІК

  • NCAP РЕЙТИНГІНДЕ 5 ЖҰЛДЫЗ / 10 ҚАУІПСІЗДІК ЖАСТЫҒЫ

    ES моделі бірінші рет таныстырылғаннан кейін «Ең қауіпсіз отбасылық ірі габаритті автокөлік» және «Euro NCAP ұсынған ең қауіпсіз автокөлік/гибрид автокөлік» атағына ие болды. Автокөлікке Euro NCAP рейтингінде максималды бес жұлдызды алуға бетпе-бет соқтығысу қаупі туралы ескерту жүйесін (PCS) қамтитын Lexus Safety System + белсенді қауіпсіздік жүйесі сияқты озық технологиялар көмектесті. Жаңартылған ES жүргізуші мен жолаушыны барынша қорғау үшін он қауіпсіздік жастығымен жабдықталған — бұл бұрынғыдан да әлдеқайда жоғары қауіпсіздік деңгейі. Оның жиынтығына жүргізуші мен жолаушының алдыңғы қауіпсіздік жастығы, тізеге арналған қауіпсіздік жастығы, сондай-ақ алдыңғы және артқы орындықтардағы бүйір қауіпсіздік жастықтары кіреді. Бүйірлік қорғаныс қалқалары терезенің бүкіл ұзындығы бойына жайылады.

  • LEXUS SAFETY SYSTEM + БЕЛСЕНДІ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ КЕШЕНІ

    ES модельдері үшін ұсынылатын Lexus Safety System + (LSS+) белсенді қауіпсіздік жүйелерінің кешеніне бетпе-бет соқтығысу қаупі туралы ескертетін инновациялық жүйе (PCS) кіреді, ол жаяу жүргіншілерді түнгі уақытта және велосипедшілерді тәуліктің жарық мезгілінде анықтауға қабілетті. Осы және басқа да озық жүйелер, сондай-ақ олардың ішінде жол қиылысынан өту көмекшісі және апатты жағдайда рульді басқаруға көмектесетін жүйе ES моделін бұрынғыдан да қауіпсіз ете түсті.

  • ВИЗУАЛДЫ, ДЫБЫСТЫҚ ЕСКЕРТУІ, АВТОМАТТЫ ТЕЖЕУ ЖӘНЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР МЕН ВЕЛОСИПЕДШІЛЕРДІ АНЫҚТАУ (PCS) ФУНКЦИЯСЫ БАР БЕТПЕ-БЕТ СОҚТЫҒЫСУ ҚАУПІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ ЖҮЙЕСІ

    Бетпе-бет соқтығысу қаупі туралы ескерту жүйесінің жаңартылған нұсқасы тек қарсы келе жатқан көлік құралдарын және күндізгі уақытта жаяу жүргіншілерді анықтаумен қатар, түнде жаяу жүргіншілерді және тәуліктің жарық мезгілінде велосипедшілерді де анықтауға қабілетті. Ол үшін біз камераның сезгіштігін арттырып, динамикалық диапазонын кеңейттік, бұл қарсы келе жатқан көлік құралының фара жарығының әсерінен жаяу жүргіншілерді байқау қиын болатын тәуліктің қараңғы мезгілінде болатын жол-көлік оқиғасының санын азайтуға септігін тигізеді. Оған қоса, миллиметрлік диапазон радары үшін көру қашықтығы арттырылды, бұл тәуліктің жарық мезгілінде велосипедшілерді анықтауға мүмкіндік береді. Егер жүйе соқтығысу қаупін жоғары деп бағаласа, автоматты түрде тежеу орындалады.

LTA жүйесі жүргізушіге автокөлікті белгілі бір жол қатарының ортасында ұстауға көмектеседі. Оған қоса, жүйенің жаңа нұсқасы, бұрынғы нұсқасына қарағанда, радиусы кішкентай бұрылыстарда тиімді әрекет етеді. Егер жүйе автокөліктің сызықтан шығып кеткенін анықтаса, ол ескерту шараларын қолданып, автокөлікті жол қатарының ортасына қайтаруға көмектеседі. Автокөлік пен велосипедші немесе жаяу жүргінші өте жақын қалғанда немесе жол қатары шегінде болғанда ES моделіне орнатылған рульді басқаруға көмектесу жүйесі жүргізушіге дұрыс әрекет жасауға, автокөліктің тұрақтылығын арттыруға және жолақтан кездейсоқ шығып кетуге жол бермеуге көмектеседі.

Lexus BladeScan® (AHS) деп аталатын шалғай жарықты бейімдеп басқаратын опциялық жүйені әлемде бірінші болып қолданды, оны жасау үшін 13 жылдық зерттеу жұмысы қажет болды және ол жүргізушіге әдеттегі жарықдиодты фаралармен салыстырғанда аса кең көріністі қамтамасыз етеді. Жүйенің жұмыс принципі – 12 LED-элементтен шығатын жарық сәулесі минутына 6000 айналым жылдамдығымен айналып тұратын ұстара жүзі тәрізді айнаға бағытталады да, линза арқылы өтіп, фараның жарық легін жасайды. Мұқият жүргізілген тест BladeScan®AHS жүйесінің жаяу жүргіншілерді және жол белгілерін алыс қашықтықтан (кәдімгі жүйелердің 32 м қарсы 56 м) қарсы бағыттағы көлік жүргізушілерінің көзін қарықтырмай анықтауға мүмкіндік беретінін көрсетті.

БАТЫЛ ДИЗАЙН

  • КУПЕТӘРІЗДІ СИЛУЭТ ЖӘНЕ АДУЫНДЫ РАДИАТОР ТОРЫ

    Стильді әрі таңдамалы бизнес-седан батыл фирмалық Lexus торына және үштік жарықдиодты фараларға екпін жасалған өзінің адуынды әрі талғампаз стилімен көздің жауын алады. Айрықша даралыққа жаңа ES көбіне спорттық купені де сыйымды седанды да еске салатын төбесіндегі біркелкі сызығының арқасында қол жеткізді, ол төмен клиренсті, шанақтың жақсартылған сүйірлігі мен автокөліктің аэродинамикалық қасиеттері айрықшалап тұрады. Жаңа ES моделінің сүйкімді спорттық мәнерін айқын дөңгелек дискілері мен шанақтың «Сұр хром металлик» түсі толықтырады.

  • F SPORT                                                                                                                        

    ES F SPORT нұсқасында жаңа айқын 19 дюймдік дөңгелек дискілерімен, алдыңғы бампердің эксклюзивті дизайнымен және қою қара радиатор торымен албырттықтың ең жоғарғы деңгейіне қол жеткізілген, бұл бейнені жасау үшін үшөлшемді модельдеудің күрделі әдістері пайдаланылған бірнеше айлық қажырлы еңбек қажет болды. Алайда бұл автокөлік өзінің заманауи стилімен таңғалдырады, F SPORT жай таңғалдыруға емес, ашық жолдарға арналған.

  • ҮШТІК ЖАРЫҚДИОДТЫ ФАРАЛАР                                                                                                    

    Дизайны әсем үш кішкене жарықдиодты линза жарық легін тамаша таратады. Фаралар бірізді бұрылыс сигналының индикаторларымен және кез келген ауа райына арналған шамдармен жабдықталған, олар тұман жағдайында жақсы көріністі қамтамасыз етеді. Шалғай жарықты бейімдеп басқару жүйесімен (AHS) бірге кез келген ауа райына арналған шамдар түнгі сапар кезінде тұман түскен жағдайда қарсы бағыттағы көлік жүргізушілерінің көзін қарықтырмайды.

ES F SPORT Design моделінің керемет нұсқасы, ол F SPORT модельдерінің стилінде жасалған, айрықша сүйкімді әрі F SPORT қара торымен, 19 дюймдік F SPORT дөңгелек дискілерімен, сондай-ақ қосымша опция ретінде ұсынылатын үштік жарықдиодты фаралармен дараланады. Автокөлік салонында Tahara былғарысымен қапталған контурлы орындықтардан ләззат алуға болады.

Мол ассортимент ішінен мыналарды таңдай аласыз: мысалы, екі түспен механикалық жолмен өңделген және ашық сұр металлик түсімен қапталған 17 дюймдік дискілер, механиккалық жолмен өңделген және қара сұр металлик түсімен қапталған жаңа екі түсті 18 дюймдік дискілер, сондай-ақ шу деңгейі төмен және Hyper Chrome жабыны бар 18 дюймдік дөңгелектер. 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

  • ПРОЕКЦИЯЛЫҚ ДИСПЛЕЙ

                                                                                                                                    Автокөлік жұмысының параметрлері тікелей алдыңғы әйнекке түспен проекцияланады. Проекциялық дисплейде (260 × 97,5 мм) әртүрлі деректер көрсетіледі, мысалы, навигация жүйесінің көмекші сөздері, аудиожүйе баптаулары немесе қауіпсіздік жүйесінің мәртебесі, осының арқасында жүргізушіде өз назарын жолдан алаңдатпауға мүмкіндік туады.

  • MARK LEVINSON® PUREPLAY АУДИОЖҮЙЕСІ 17 ДИНАМИКПЕН БІРГЕ 

    Mark Levinson® PurePlay инновациялық жүйесі жүргізушілер мен жолаушыларды қуатты, таза әрі тұнық дыбыс атмосферасына сүңгітеді. PurePlay жүйесінде тамаша ойнату сапасына кепілдік беретін көптеген технологиялық шешімдер пайдаланылады: тұнықтық баптауы, дизайн және динамиктердің жоғары деңгейде орналасуы, қайталанбас тюнинг және сығымдалған деректерді қалпына келтіру технологиясы. Салондағы барлық жеті Unity™ динамигі иық деңгейінде орналасқан — осылайша акустика жақсарып, синергия әсері жасалады. Оларды артқы терезе астында орналасқан үлкен сабвуфер (265 мм) толықтырады. 

Тірі графикасы мен таңдаулы нысандарды іздеу сияқты көптеген функциясы бар карталардың соңғы нұсқалары сымсыз тәсілмен жаңартылады. Қосымша ыңғайлылық үшін жүйе электрондық пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен жабдықталған. 

Apple CarPlay® және Android Auto® интерфейстерін қолдауы арқасында жаңа ES смартфонның кейбір қолданбаларын 12,3 дюймдік сенсор экранға оңай шығарып, оларды қолдануға мүмкін береді.

Lexus-пен жүріп шаттаныңыз: тест-драйв үшін автокөлікті, орынды және бағдарды өзіңіз таңдаңыз

КӨЛІК ИЕСІНЕ АРНАЛҒАН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

Біз Lexus автокөлігін иелену сізге тек жақсы эмоциялар қалдыруы үшін барлығын істейміз. Бұл үшін сіздің қажеттіліктеріңізге және автокөлігіңіздің қажеттіліктеріне сай келетін қызметтерді сізге жеке көрсетеміз. Ұсынылатын артықшылықтар арасында:

  • 3 жыл мерзімге / 100 000 км жол жүргенше берілетін кепілдік

ES ГАЛЕРЕЯСЫ

ES модельдері дизайнының астамдығымен, әсемдігімен және стандартты нұсқаларымен танысыңыз.

БАСҚА МОДЕЛЬДЕР

POST https://dxp-webcarconfig.lexus-europe.com/v1/model-filter-results/kz/kk