1. New Cars
  2. All-New RX
Байланысу
БІР ҚАДАМ ОЗЫҚ

RX

БЕЛГІШЕНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ АЯҚТАЛДЫ

image - no description

МҮЛДЕМ ЖАҢА LEXUS RX

Әйгілі RX кроссоверінің сән-салтанаты мен дизайны бір көргеннен-ақ тамсандырады — ол дәл осындай жұрттың назарында, топтың алдында болғанды жақсы көретіндерге арналып жасалған. Айрықша жайлы және динамикаға толы, бұл тіпті бір орында тұрғанда да байқалады. Бұл кроссовер өз иесіне көлік жүргізуден баурап әкететін рақат сезімін сыйлауға дайын.

  • ШАНАҚ ТҮРІ
    Үлкен кроссовер
  • ОРЫНДЫҚТАР
    5
  • ОРЫНДАЛУ НҰСҚАЛАРЫ
    4
МҮЛДЕМ ЖАҢА LEXUS RX

ЭТАЛОНДЫҚ СЫРТ КЕЛБЕТ

RX кроссоверінің бесінші буыны орасан зор сенімділік нұрын шашады. Ең алдымен жаңартылған «купе пішінді шанақ», созыңқы капот және үлкен 21 дюймдік дөңгелектер көзге ілінеді. Жаңа фирмалық жақтаусыз радиатор торы жайымен шанаққа ұласып кеткен, ал үш-үштен топталған жіңішке жарықдиодты фаралар көліктің мен мұндалап тұрған сырт келбетін айшықтап тұр. Ұлғайтылған дөңгелек базасы мен ерекшеленіп көрінетін өзіне тән сызықтар RX автокөлігіне қосымша динамикалық сипат береді.

  • ТАРТЫМДЫ СЫРТ КӨРІНІСІ
  • ДИНАМИКАЛЫҚ ДИЗАЙН
  • ШЫНАЙЫ СЕЗІМДЕР
RX ЭКСТЕРЬЕРІ

ЖОҒАРЫ ҚУАТТЫҢ ТҮРЛІ ЖҮЗЕГЕ АС

Өз сипаттамалары бойынша таңғалдыратын жетектің екі нұсқасының кез келгенін таңдаңыз. Дәстүрлі RX350, ең жаңа 2.4 л бензин қозғалтқышы бар турбо зарядталған немесе Lexus тарихында алғаш рет турбоайдауышы бар іштен жану қозғалтқышымен жабдықталған RX 500h гибриді көлік жүргізу қу

RX ЭКСТЕРЬЕРІ

АВТОКӨЛІКТІ БАСҚАРУ ГАРМОНИЯСЫ

Автокөлік пен жүргізуші арасындағы тірі диалогты сезініңіз. RX кроссоверінің платформасы жеңілірек, ал беріктігі жоғары, төменге ығыстырылған ауырлық ортасы және жаңа көп иінтіректі артқы аспасы бар. Мұның нәтижесі — теңдесі жоқ динамика, әдеттен тыс жайлылық пен талғамшылдық, со

RX ЭКСТЕРЬЕРІ

ЖАҢАРТЫЛҒАН ЭТАЛОН

RX жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін ұқсап бағуға тырысатын үлгі болып қала береді. Дизайнның жаңа ерекшеліктерінің ішінде — фирмалық қара түсті артқы тіреуімен бірге купе стиліндегі төбе. Автокөліктің артқы бөлігін бір сызықпен кесіп өтетін Lexus фирмалық жарықдиодты шамы

RX ЭКСТЕРЬЕРІ

ФУНКЦИОНАЛДЫ ӘДЕМІЛІК

Бұған дейінгі RX буындарының бедел эстафетасын жалғастыра отырып, осы мүлдем жаңа автокөлік динамизмімен, әдемілігімен және сенімділігімен жарқырайды.

МҮЛДЕМ ЖАҢА LEXUS RX

БІРЕГЕЙ СӘН-САЛТАНАТ

Әйгілі Такуми шеберлерінің жүргізушіні де, жолаушыларды да Омотенашиге шому сезіміне бірдей бөлеп, бар өнерін салып еңбектенгенін түсіну үшін RX сәнді салонына бір рет көз салудың өзі жеткілікті.

  • БІРІНШІ СЫНЫППЕН САЯХАТ
  • ФУТУРИСТІК КЕЛБЕТ
  • ӘР ТЕХНОЛОГИЯ ӨЗ ҚОЛДАНЫСЫН ТАПҚАН
RX ИНТЕРЬЕРІ

ҚАУІПСІЗДІК ҮЛГІСІ

Біздің инженерлеріміз әр бұрылыста өзінің қауіпсіздігін дәлелдеп отыратын кроссовер жасап шығара білді. Жүргізушінің көмекші жүйелеріне автокөлік жолындағы мотоциклдер мен басқа да нысандарды анықтайтын жаңартылған соқтығысудың алдын алу жүйесі (Pre-Collision Safety) жатады. Бейі

RX ИНТЕРЬЕРІ

ҚИСЫНДЫЛЫҚ ПЕН ТҮЙСІККЕ ЖАҚЫН

Үлкейе түскен аяқтарға арналған орынның және жақсартылған көріністің арқасында RX салонында кеңістік сезімі қалыптасады. Үлкен проекциялық дисплей мен түйсікпен сезіп білуге болатын құралдардың орналасуы жолдан алаңдауды қажет етпейді. 64 түрлі түстен тұратын фондық жарықтандыру

RX ИНТЕРЬЕРІ

LEXUS ТҮСІНІГІНДЕГІ СӘН-САЛТА

Тәжірибелі шеберлер ең сапалы материалдарды қолдана отырып, заманауи сән-салтанат ортасын қалыптастырды. Алғаш рет былғары емес интерьер таңдау мүмкіндігі бар: орындықтар, руль және берілістерді ауыстыру тұтқасы жоғары сапалы Tahara жасанды материалымен қапталған.

RX ИНТЕРЬЕРІ

КӨЛІК ЖҮРГІЗУДЕН АЛАТЫН ҰМЫТЫЛМАС СЕЗІМДЕР

RX интерьерінде дәстүр мен инновациялар ұштастырылған, осының арқасында сән-салтанат бірегей стильге ие болды, ал жүргізуден алатын әсерді ешнәрсемен салыстыруға келмейді.

МҮЛДЕМ ЖАҢА LEXUS RX

СІЗДІҢ ӨМІР СҮРУ СТИЛІҢІЗГЕ САЙ КЕЛЕТІН МОДЕЛЬ

image - no description
image - no description
RX 500h

LEXUS PERFORMANCE ДИНАМИКАЛЫҚ ГИБРИДІ

Модельдік қатардың үздік нұсқасы, «зарядталған» RX 500h Performance  жаңа гибриді — турбоайдауышы бар алғашқы Lexus гибриді. Турбоайдауышы бар 2,4 литрлік қозғалтқышты және 6 сатылы автоматты беріліс қорабын қамтитын мүлдем жаңа гибридті архитектураның арқасында қол жеткізілетін қуат 371 аттың күшін немесе 273 кВт-ты құрайды және автокөлікке жылдамдығын таңғалдырарлық 6,2 секундта 100 км/сағ-қа дейін үдетуге мүмкіндік береді. DIRECT4 толық жетек жүйесі жолмен үздік кері байланысты қамтамасыз ете отырып, тіпті жоғары жылдамдықта тамаша басқару мүмкіндігін кепілдендіреді.