Lexus link 1920x1080 hero banner

ИЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

BLUETOOTH®

Автокөліктегі Bluetooth® технологиясының арқасында көлік жүргізуден алатын әсеріңізді арттырыңыз. Телефонды Lexus-іңізге қосыңыз, сонда сіздің әр сапарыңыз одан да ыңғайлы болады.

        2017 lexus care bluetooth compatibility

ДАУЫС ЗОРАЙТҚЫШ АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСУ

МОБИЛЬДІ ТЕЛЕФОНЫҢЫЗДЫ BLUETOOTH® АРҚЫЛЫ ҚОСУ

Құрылғыны қосып, сіз дауыс зорайтқыш арқылы сөйлесе аласыз және телефонның көптеген функцияларын қолыңыздың көмегінсіз қолдана аласыз: сапар үстінде өміріңіз тоқтап қалмайды.

BLUETOOH ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ СҰРАҚТАРЫҢЫЗҒА ЖАУАПТАР

Егер көлігіңіздегі Bluetooth технологиясына қатысты сұрақтарыңыз болса, төмендегі жиі қойылатын сұрақтар тізімін қараңыз немесе жергілікті Lexus дилерлік орталығына хабарласыңыз.

  • BLUETOOTH ТЕХНОЛОГИЯСЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ОЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

    Bluetooth — қысқа қашықтықта деректермен алмасудың сымсыз технологиясы. Деректерді беру үшін шағын радиус желісінде белгілі бір радиожиілік қолданылады. Bluetooth байланысы — бұл ұялы телефондардан бастап цифрлық фото және бейнекамераларға дейін көптеген құрылғыларда қолданылатын деректермен алмасудың сенімді әдісі.

  • МЕНІҢ КӨЛІГІМДЕ BLUETOOTH АРҚЫЛЫ ҚАЛАЙ ҚОСЫЛУҒА БОЛАДЫ?

    1. Мобильді құрылғыдағы Bluetooth-ды қосыңыз.

    2. Аяқтарыңыз педальдарда болмауы тиіс, беріліс қорабының селекторы PARK күйінде болуы керек. Радио мен мультимедия жүйесін қосу үшін POWER түймесін бір рет басыңыз.

    3. Жүйені қосқаннан кейін орталық консольдағы MENU түймесін басып, мәзірді шығарыңыз.

    4. Remote Touch контроллерін пайдаланып SETUP (БАПТАУ) > BLUETOOTH > ADD DEVICE (ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОСУ) тармағына өтіп, қолжетімді құрылғылар тізімінен өз құрылғыңызды таңдаңыз.

    5. Тіркеуді аяқтау үшін құрылғының экранындағы нұсқаулықтарды орындаңыз. Телефоныңызды сәйкестендіру үшін растау кодын енгізу қажет болуы мүмкін немесе байланыс автоматты түрде орнатылады.

    6. Құрылғыны тіркегеннен кейін BLUETOOTH баптауларының мәзіріне оралып, телефонды, аудио ойнатқышты немесе екі құрылғыны да қосуды таңдаңыз.

    7. Құрылғыңыз бен Lexus NX арасында байланыс орнатылғаннан кейін автокөлігіңіз құрылғыны автоматты түрде анықтайды: қосылу үшін бар болғаны құрылғыдағы Bluetooth қызметін қосыңыз.

    8. Смартфонды қосу арқылы қарапайым әрі қауіпсіз түрде қоңырау шалуға, сонымен қатар телефоннан немесе планшеттен аудио жазбаларды тыңдауға болады: ол үшін автокөліктің мультимедия жүйесінің AUDIO (АУДИО) мәзіріне кіріңіз

  • МӘСЕЛЕЛЕР АЯҒАНА ДЕЙІН ШЕШІЛМЕДІ. МЕНІҢ LEXUS-імдегі BLUETOOTH ҚОСЫЛЫСЫНЫҢ АҚАУЛАРЫН ҚАЛАЙ ЖОЮҒА БОЛАДЫ?

    Ақаулар болған кезде, қосымша қолдау алу үшін Lexus дилеріне хабарласпай тұрып төмендегілерді тексеріп алыңыз.

    1. Жоғарыда сипатталған әдістердің бірімен телефоныңыздың Lexus Bluetooth технологиясымен үйлесімді екенін тексеріңіз.

    2. Телефон не автокөлік басқа құрылғыны анықтайтынын не анықтамайтынын тексеріңіз. Settings (Баптаулар) тармағын, содан кейін автокөлігіңіз оларды сенімді құрылғылар ретінде танитынын тексеру үшін Add phone (Телефонды қосу) тармағын таңдаңыз.

    3. Егер екі құрылғыны да анықтау мүмкін болмаса, олардың біреуін уақытша жойыңыз.