2018 recalls hero

ВЛАДЕЛЬЦАМ

АВТОКӨЛІКТЕРДІ КЕРІ ҚАЙТАРУ

Lexus жүргізушілеріне күтім жасаудың ең жоғары стандарттарын сақтауға мүмкіндік беретін қауіпсіздік мәселелеріне байланысты автокөліктерді қайтарып алу туралы ең соңғы жаңалықтарды алыңыз.

        2018 lexus ownership recalls customer satisfaction

LEXUS КЛИЕНТТЕРІНІҢ ҚАНАҒАТТАНУЫ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Lexus компаниясының басты мақсат ретінде әрдайым сапа мен қауіпсіздікті қоятынына байланысты, біз Takata қауіпсіздік жастықтарындағы толтырғышты пайдалану себебінен қайтарып алынатын автокөліктер санын көбейтудеміз.

Lexus үшін клиенттердің қауіпсіздігі ең жоғары басымдық болып табылады, сондықтан біз әртүрлі дереккөздер арқылы көліктеріміздің жұмысын үнемі қадағалап отырамыз. Егер бізге автокөліктеріміздің қандай да бір компоненті немесе аспектісі біздің қатаң стандарттарымызға сәйкес келмейтіні белгілі болса, біз тиісті шаралар қолданамыз, осы жағдайда да солай істейміз.

АҚПАРАТ

  • ЕУРОПАДАН ҚАЙТАРЫП АЛЫНАТЫН АВТОКӨЛІКТЕР

    Еуропадан қайтарып алуға тиісті автокөліктер – 2000 жылғы желтоқсаннан бастап 2011 жылғы желтоқсанға дейін шығарылған Lexus SC, IS, ES және GX, сондай-ақ 2009 жылғы қаңтар – 2013 жылғы желтоқсан аралығында шығарылған Lexus ES 350, GX 460, IS Convert, IS 350/250, IS-F және LFA; қайтарып алу қауіпсіздік жастықтарының толтырғышына байланысты.

  • КЛИЕНТТЕРГЕ КӨРСЕТЕТІН ҚОЛДАУЫМЫЗ

    Әрбір ұлттық дистрибьютор өз еліндегі клиенттермен байланысады. Қауіпсіздік жастықтарын ауыстыру автокөлік иелері үшін ақысыз өткізіледі. Егер сіздің сауалдарыңыз болса, өз еліңіздегі ұлттық дистрибьюторға немесе жергілікті Lexus дилеріне хабарласыңыз.

  • ҚАЙТАРЫП АЛУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ

    Аталған автокөліктердегі Takata қауіпсіздік жастықтарының толықтырғышында мынадай ақаудың пайда болуы ықтимал: жоғары абсолютті ылғалдылықтың, жоғары температураның немесе жоғары температураның циклдік әсерінің ұзаққа созылуы салдарынан газдың тозуы орын алуы мүмкін, бұл қауіпсіздік жастығы ашылған кезде оның толтырғышының жарылуына әкеп соғуы мүмкін.

  • ҚАЙТАРЫП АЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІН ТЕКСЕРУ

    Егер сізге Lexus автокөлігін қайтарып алуға байланысты хабарласса, немесе сіз өзіңіз автокөлігіңіз қайтарып алынуы тиіс деп сансаңыз, біздің 3-қадамдық Қайтарып алу қажеттілігін тексеруден өтіп, қосымша ақпаратты тез алуыңызға болады. Біз сіздің көлігіңіз Takata қауіпсіздік жастықтарына байланысты қайтарып алу науқанына жататынын тексеруге көмектесетін қарапайым процедураны әзірледік.