Car Service M8

Иелерге арналған ақпарат

Lexus сервисі

Біз жеке қызмет көрсетуді ұсына отырып, сізге және Lexus автокөлігіңізге қамқорлық жасаймыз.

LEXUS КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Біздің білікті механиктерден тұратын командамыз Lexus-іңізге ерекше қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз етеді.

        car service key features A
  • LEXUS КОМПАНИЯСЫНЫҢ БІЛІКТІ МЕХАНИКТЕРІ

    Үлкен жұмыс тәжірибесі және тұрақты техникалық оқыту Lexus механиктеріне барынша жоғары дайындықты қамтамасыз етеді: олар Lexus компаниясына адал және әр модель туралы терең түсінікке ие. Тұрақты тренингілер мен жаңа технологияларды зерттеудің арқасында біздің механиктеріміздің білімі үнемі жаңартылып отырады және әрдайым теңдессіз деңгейде болады.

  • LEXUS ТҮПНҰСҚА ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРІ

    Lexus қосалқы бөлшектері автокөліктеріміз сияқты тиянақтылықпен әзірленіп, жасалған; күн сайын Lexus механиктері автокөліктерді жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді ғана пайдаланады.

  • БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ

    Көлігіңізді тезірек қайта жүргізу үшін автокөлікті диагностикалаудың дұрыс құралдары өте маңызды. Диагностикалау көлігіңізді тез және дәл бағалауға және кез келген ақаудың себебін растауға мүмкіндік береді. Түпнұсқа бағдарламалық жасақтаманың жаңартулары және Lexus диагностикалау құралдары автокөлікке ең тиімді қызмет көрсетуді және оның оңтайлы күйіне кепілдік береді.

  • LEXUS-іңізге ӨМІР БОЙЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

    Мүлдем жаңа Lexus көлігіне де, 100 000 км шамасынан астам жол жүріп, пайдаланылған Lexus-ке де компоненттерді тексеру, реттеу, май мен сүзгілерді ауыстыруды қамтитын, автокөлігіңіздің шығарылған жылы мен жүріп өткен жолына сәйкес келетін қызмет көрсетіледі.

  • LEXUS АВТОКӨЛІГІН КӨЗБЕН ШОЛЫП ТЕКСЕРУ

    Lexus қауіпсіздігін көзбен шолып тексеру — Lexus механигі көлігіңіздің барлық негізгі компоненттеріне жүргізетін тексеру. Бұған шиналарды, рульді, тежегіштерді, фараларды, шанақты, шығару жүйесін және сұйықтық деңгейін тексеру кіреді. Тексеріс аяқталғаннан кейін сіз жақын болашаққа қажетті және ұсынылатын барлық шұғыл жұмыстар көрсетілген қауіпсіздікті көзбен шолып тексеру туралы есеп аласыз. Кез келген Lexus дилері сіздің Сервиске келуіңіздің аясында қауіпсіздіктің негізгі элементтерін тегін көзбен шолып тексере алады.