СЕРВИСТІК ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

LEXUS-іңізге COVID КЕЗЕҢІНДЕ ҮЙ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА КҮТІМ КӨРСЕТУ

Егер қазіргі уақытта сіз өзіңіздің Lexus-іңізді бұрынғыдан сәл аз жүргізсеңіз, оны кез келген уақытта жолға шығуға дайын күйде қалай сақтауға болатынын білетін боласыз.

        Parallax Image 1 Windscreen

СІЗДІҢ LEXUS-ҒА ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА КҮТІМ КӨРСЕТУ

АЛДЫҢҒЫ ӘЙНЕК

Ұзақ уақыт тұрып қалған көлікті жүргізгіңіз келсе, жолға шықпай тұрып алдыңғы әйнекті тексеріп алғаныңыз жөн. Оның бетіне шаң, тозаң немесе ағаш шырыны жиналған болуы мүмкін. Бұл өте маңызды, өйткені сіздің алдыңғы әйнекті жуғыш жүйесі оны алып тастай алмауы мүмкін, сондықтан мата мен әйнек тазалағыш ерітіндіні қолданыңыз (қосымша ақпарат алу үшін пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).

        Copy of Parallax Image 2 Tyres 1

СІЗДІҢ LEXUS-ҒА ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА КҮТІМ КӨРСЕТУ

ШИНАЛАР

Ұзақ уақыт пайдаланылмағаннан кейін, шиналардың бетінде тегіс дақ пайда болуы мүмкін, бұл алғашқы қозғалыс кезінде қозғалыстың шамалы бұзылуын немесе діріл тудыруы мүмкін. Діріл әдетте бірнеше километрден кейін жоғалады. Төмендегі сақтық шаралары шиналармен болатын өзге де мәселелерден аулақ болуға көмектеседі. Шиналардағы қысымды тексеру  Шектеулі пайдалану кезеңінде аптасына кемінде бір рет шиналардағы қысымды тексеріп отырыңыз.  Шиналардағы қысымның анықтамалық кестесі отын багы люгінің ішкі жағында орналасқан немесе пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

        Copy of Parallax Image 3 Tyres 2

СІЗДІҢ LEXUS-ҒА ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА КҮТІМ КӨРСЕТУ

ШИНАЛАР

Lexus-іңізді үш аптадан астам уақытқа пайдаланбай, тұраққа қою:  Әр шинаға 3 бар / 43 фунт / шаршы дюймге дейін Lexus-іңіздің жүксалғышындағы манометрі бар автокомпрессорды пайдаланып, ауа толтырыңыз.  Жанармай құю станциясында шиналарға ауа толтырмаңыз және шиналардағы қысым 3 бар / 43 фунт / шаршы дюйм болған кезде көлікпен жүруге тырыспаңыз, себебі бұл қауіпті болуы мүмкін.  Көлікті қайта жүргізбес бұрын шиналардағы қысымды қалыпты деңгейге дейін төмендетуді ұмытпаңыз (ұмытпау үшін өзіңізге ескерту жазып, оны аспаптар тақтасына орнатыңыз).  Сіздің автокөлігіңіз ұзақ уақытқа бір қалыпта қалса, шинаның қабырғасы зақымдануы ықтимал. Бұны болдырмау үшін көлігіңіздің қалпын ара-тұра өзгертіп тұрыңыз.

        Parallax Image 1 Instruments

СІЗДІҢ LEXUS-ҒА ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА КҮТІМ КӨРСЕТУ

АСПАПТАР ТАҚТАСЫ МЕН ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ТЕКСЕРІҢІЗ

Егер сіз көлігіңізді жүйелі түрде пайдаланбасаңыз, қозғалтқышты белгілі бер кезең өткен сайын іске қосып отырғаныңыз жөн:  Аспаптар тақтасында ескерту индикаторларының бар-жоғын тексеріңіз (сипаттамасы пайдаланушы нұсқаулығында берілген)  Бензин немесе дизель қозғалтқыштары үшін қозғалтқышты аптасына 20-30 минутқа қосып тұрыңыз.  Hybrid үшін аптасына бір рет «P» тұрақ режимінде кем дегенде 20 минутқа іске қосыңыз.  Барлық қосалқы электр жабдықтың, мысалы, радио не кондиционердің, өшірілгенін тексеріңіз.  Буларды жұтпау үшін қозғалтқышты тек ашық ауада іске қосыңыз.  Автокөлігіңізді қараусыз қалдырмаңыз.

        Parallax Image 2 Oil

СІЗДІҢ LEXUS-ҒА ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА КҮТІМ КӨРСЕТУ

МОТОР МАЙЫ

Мотор майының көлемін сүңгіштің көмегімен тексеріңіз (толық ақпарат алу үшін пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз). Егер сізге майды қосымша құю қажет болса, міндетті түрде оның ұсынылған түрін қолданыңыз (сіздің жергілікті Lexus сервисіңіз сізге май туралы кеңес беруге әрқашан да дайын).

        Parallax Image 3 Tank

СІЗДІҢ LEXUS-ҒА ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА КҮТІМ КӨРСЕТУ

ОТЫН БАГЫН ТОЛТЫРЫҢЫЗ

Көлік пайдаланылмай тұрған кезде, отын багын толтырып қою ұсынылады. Бұл қозғалтқыш жұмыс істемей тұрғаннан кейін алғаш рет қозғала бастаған кезде қозғалтқыштың үздіксіз жұмыс істеуіне көмектеседі.

        Parallax Image 4 Air Conditioning

СІЗДІҢ LEXUS-ҒА ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА КҮТІМ КӨРСЕТУ

АУАНЫ БАПТАУ ЖҮЙЕСІ (САЛОН КОНДИЦИОНЕРІ)

Ауа баптау жүйесін дұрыс майлауды қамтамасыз ету және иістердің жиналуын азайту үшін кондиционерді айына бір рет қосыңыз. Желдеткіш саңылауларды үрлеу үшін толық қуатты пайдаланыңыз.

        Parallax Image 5 Battery

СІЗДІҢ LEXUS-ҒА ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА КҮТІМ КӨРСЕТУ

12V АККУМУЛЯТОРЛЫҚ БАТАРЕЯЛАР

Егер 12v батареяның заряды таусылған болса, автокөлігіңізді қосалқы кабель мен екінші автокөліктің көмегімен оталдыруыңызға болады (осы процедура туралы дұрыс ақпарат алу үшін пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз). Балама ретінде Lexus ресми Сервис орталығына хабарласа аласыз. Әрқашан әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтаңыз.

СІЗІДҢ МОДЕЛІҢІЗГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТЫ ЖҮКТЕП АЛУ

Көлігіңіздің ұзақ уақыт бойы қозғалмай тұрып қалған кезде жақсы күйде сақталатынына көз жеткізу үшін сіздің Lexus моделіне арналған нұсқаулықты алыңыз.