gx

Lexus GX

Trade-in бағдарламасы бойынша жол талғамайтын тамаша Lexus GX автокөлігін сатып алыңыз

Бүкіл ландшафттарды бағындырушы, Lexus GX Trade-in эксклюзивті ұсыныс бойынша қолжетімді.

GX премиумдық жол талғамайтын көлігі көзге бірден түсетін Lexus фирмалық радиатор торымен, талғаммен жасалған бөлшектерімен және шүбәсіз эксклюзивті атмосферасымен өзіне еріксіз назар аудартады. Lexus GX ең күрделі жолсыз жерлерді бағындыруға арналған Multi-Terrain Select, Multi-Terrain Monitor, Crawl Control және KDSS жүйелерімен жабдықталған. Lexus Safety System + белсенді қауіпсіздік жүйелерінің кешені жүргізушілер мен жолаушылардың максималды қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.

Өз автокөлігіңізді Trade-in қызметі бойынша премиум сыныпты жаңа Lexus GX жол талғамайтын автокөлігіне ауыстыру мүмкіндігін пайдаланыңыз.

Қызмет Lexus ресми дилерлік орталықтарында қолжетімді, ондағы мамандар автокөлігіңізді бағалап, диагностикадан өткізеді және айырбастаудың мейілінше тиімді шарттарын есептеп береді.

Өз автокөлігіңізді су жаңа Lexus GX автокөлігін сатып алу кезінде алғашқы жарна ретінде салуыңызға болады. Автокөлігіңізді өткізген кезде Сізге сонымен бірге несие ұсыныстары қолжетімді болады.

Trade-in бағдарламасымен GX автокөлігін сатып алу шарттарын анықтау үшін өзіңізге жақын жердегі Lexus ресми дилерлік орталығына хабарласыңыз.

Егер сіз Lexus GX туралы көбірек білгіңіз келсе, сұрауды қалдырыңыз