lexus wltp hero

КІРІСПЕ

ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҮЙЛЕСТІРІЛГЕН ЦИКЛ (WLTP

Отын үнемділігі мен атмосфералық шығарындыларға сынақ жүргізудің жаңа әдісі

1980 жылдардан бері жаңа автокөліктердің шығарындылары мен отын үнемділігін сынақтан өткізу жұмыстары Еуропада Жаңа еуропалық жүріс циклын (NEDC) пайдалану арқылы жүргізілді. 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап сатып алушылар мен көлік иелеріне көлік құралының анағұрлым шынайы сипаттамасын беретін жаңа тест, жаңа автокөліктерге арналған дүниежүзілік үйлестірілген тестілік цикл (WLTP) қолданысқа енгізілді.

        lexus wltp section nedc to wltp

NEDC МЕН WLTP-ДІ САЛЫСТЫРУ: НЕ ӨЗГЕРДІ?

Автокөлік технологияларының жетілдірілуі мен жүргізу шарттарының өзгеруі 40 жыл бойы пайдаланылған NEDC тестілік жүріс циклының ауысуын қажет етті. Автокөліктің отын тұтынуы мен шығарындыларын есептеудің және салыстырудың анағұрлым дәл әдісін беруге тартылған жаңа WLTP тестісі әлдеқайда шынайы сынақ шарттарын пайдаланады, соның арқасында зертханалық өлшемдер автокөліктің жолдағы әрекетін жақсы көрсетеді.

WLTP ТЕСТІЛЕРІНЕН НЕ КҮТУГЕ БОЛАДЫ

Тестілік цикл

Автокөліктің шынайы жүргізу жағдайындағы әрекетіне қатысты анағұрлым репрезентативті, динамикалық тестілер

Цикл уақыты

Сынақ 30 минутқа жалғасады, 10 минутқа көбірек.

Жүріс циклдары

Анағұрлым динамикалық циклдар: 52% қала жағдайында, 48% – қаладан тыс жағдайда.

Циклдың қашықтығы

23,25 км, бұрынғы қашықтықпен салыстырғанда екі есе ұзақ.

Орташа және ең жоғарғы жылдамдық

Орташа жылдамдық – 46,5 км/сағ (12,5 км/сағ-қа артты), ал ең жоғарғы жылдамдық 131 км/сағ-қа артты.

Қосымша жабдық

Автокөліктің қосымша жабдығы ескеріледі (CO2 шығаруына және отын шығынына әсер ететін)

Берілістерді ауыстыру

Берілістерді ауыстыру нүктелері белгіленген: олар әр көлікте әртүрлі болады.

Сынақтардың температурасы

Енді өлшеу жұмыстары 23°C CO2 мәндері 14°C үшін түзетілген), ал 20–30°C емес.

ДӘЛДІКТІҢ АРТУЫН ҚАРСЫ АЛАМЫЗ

2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезеңде барлық жаңа автокөліктер WLTP процедурасына сай (аз тонналы жүк көліктері үшін бұл ауысу кейінірек болады) тестілеуге өтуі тиіс. RC F 2017 жылдың 4-тоқсанында Lexus-тің WLTP бойынша сертификатталатын алғашқы үлгісі болады

Lexus WLTP-ге өтуді қолдайды, себебі бұл біздің клиенттерімізге отын үнемділігі мен шығарындыларды есептеудің анағұрлым дәл құралдарын береді. Экологиялық мобильділікке қатысты көшбасшы бола отырып, біз автокөліктерді қалай қоршаған орта үшін әлдеқайда қауіпсіз етуге болады деген оймен жүргізілген зерттеулерге ондаған жыл уақытымызды арнадық және гибридті жетек сынды технологиялар парниктік газдарды шығаруды төмендету және экологияға қамқорлық танытатын қоғамқа қарай қозғалу тұрғысынан өз тиімділігін дәлелдеді.

  •         lexus wltp quote full width
            lexus wltp quote

    «ГИБРИДТІ ЖЕТЕК – БҰЛ БІЗДІҢ КҮШТІК АГРЕГАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАМЫЗДЫҢ АРҚАУЫ; ОЛ БІЗДІҢ 2050 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ АВТОКӨЛІКТЕРІМІЗДІҢ ҚҰРАМЫНДА КӨМІРТЕГІ БАР ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫН 2010 ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 90%-КЕ АЗАЙТУЫМЫЗҒА КӨМЕКТЕСЕДІ ».

    Д-р Йохан ван Зил, Toyota Motor Europe компаниясының президенті және атқарушы директоры
        lexus wltp section everyday tests

РЕПРЕЗЕНТАТИВТІ ТЕСТІЛЕР, ШЫНАЙЫ НӘТИЖЕЛЕР

Жаңа WLTP тестілерінің арқасында, зертханалық өлшемдер сізге күнделікті өмірде кездесетін жағдайларды жақсы көрсетеді. Бұл жаңа автокөліктер үшін берілген отынды тұтыну және шығарындылардың мәндері сіз іс жүзінде алатын нәтижені анағұрлым жақсы көрсетеді дегенді білдіреді.

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ БАР МА?

  • Менің автокөлігімнің шынайы отын тұтынуы өзгеруі мүмкін бе?

    Жоқ, іс жүзіндегі отын тұтынуы сол қалпында қалады, тек WLTP тестілік циклының әлдеқайда қатаң талаптары үшін автокөліктің CO2 шығаруының және отын тұтынуының сіз көріп жүргеннен біршама жоғары және соған жақын ресми мәніне ие болуы мүмкін.

  • WLTP көмегімен алынған отын тұтыну және CO2 шығару мәндері күткен нәтижеге сай бола ма?

    NEDC сияқты WLTP де зертханалық тест болып табылады. Жүргізу стильдері мен шарттары әртүрлі болатындықтан, ресми мәндер мен пайдаланушы көретін мәндер арасында біршама сәйкессіздіктер болуы мүмкін.

  • NEDC бойынша менің автокөлігім үшін алынған мән неліктен аяқ астынан ұлғайып кетті?

    Ауысу кезеңінде (2020 жылдың соңына дейін) NEDC мәндері WLTP мәндерімен қатар есептелетін болады. Ендігәрі бұрынғы NEDC процедурасын қолдану мүмкін болмағандықтан, CO2 шығарындыларының WLTP бойынша алынған мәндері NEDC бойынша эквиваленттер "корреляциялық тәжірибені" қолдану арқылы қайта есептелетін болады. Бұл не Еуропалық комиссия әзірлеген модельдеу құралының көмегімен, не физикалық қайта тестілеу көмегімен жасалады, NEDC-тің жаңартылған нұсқасы (WLTP негізінде) қолданылатындықтан, оның нәтижесінде сіздің автокөлігіңіз үшін NEDC бойынша CO2 мәнінің артуы мүмкін.