«Лексус Қазақстан» компаниясы Қостанай қаласында Lexus-тің Қазақстандағы алғашқы уәкілетті сервистік орталығының ашылғанын хабарлайды.
Lexus бренді Қазақстанға ресми түрде 2010 жылы келді және содан бері 6000-нан аса қазақстандық Lexus иесі атанды, бұл Қазақстанда Lexus маркасын ұнататынын және сервистік қызмет көрсететін орталықтар желісін кеңейту керектігін білдіреді. Бүгінгі күнге дейін бұл іспен ресми түрде тек Астана мен Алматыдағы екі дилер айналысып келді. Сол себепті басқа қалада тұратын Lexus иесіне өз көлігін жөндету үшін және қызмет алу үшін алысқа аттануға тура келетін еді.
Сондықтан Lexus компаниясы өңірлердегі Тойота орталықтары негізінде Lexus-тің уәкілетті сервистік орталықтары желісін ашу жөнінде шешім қабылдады. Бұл клиенттерді – Lexus автокөліктерінің иелерін Lexus брендінің халықаралық стандарттарына сай келетін қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алғашқы сондай орталық «Лексус Сервис Қостанай» болды.
Арнайы клиенттер – Lexus иелері үшін тұрақ орындары, уақытты жайлы өткізуге болатын жеке лаундж-аймақ, сервис бойынша жеке кеңесші, экспресс-сервис қызметі мен кепілдікті қызмет көрсету қолжетімді. Бұл орайда автокөліктермен жоғары білікті автомеханиктер жұмыс жасайтын болады.
Сапалы қызметті мұнда тек шеберлер ғана көрсетпейді. «Лексус Сервис Қостанайдың» барлық қызметкерлері «Lexus автокөлігіне иелік ету» бағдарламасы бойынша оқыған.
Сервистік орталықтарды Қазақстандағы Toyota дилерлері бар, бірақ Lexus дилерлері жоқ басқа да қалаларда ашу жоспарлануда.
Lexus сервистік орталықтары желісін Қазақстанда ресми іске қосу компанияның қызмет көрсетудің аса жоғары деңгейін ұсынып, Lexus автокөлігін жүргізуден одан да зор ләззат сыйлауына мүмкіндік бере отырып, өз клиентіне жақын болуына мүмкіндік береді.