ЗАҢДЫҚ АҚПАРАТ

 

ВЕБ-САЙТТЫҢ САЯСАТЫ

Осы сайтта (әрі қарай "Сайт") орналастырылған ақпаратты пайдаланбас бұрын, Сізден сайттың қазіргі ережелерімен (әрі қарай "Ережелер") танысуды сұраймыз. Сайтқа кіру және мұндағы ақпаратты пайдалану арқылы Сіз қандай да бір шектеулер мен ескертулерсіз, осы Ережелермен келісетініңізді білдіресіз.

Copyright© ТОО "Тойота Мотор Қазақстан".

МАЗМҰНЫ

Сайт автокөліктер, қосалқы бөлшектер, аксессуарлар және Lexus-тің басқа өнімдері (әрі қарай бірлесе Lexus өнімдері" деп аталатын), сонымен қатар Lexus-тің жарнамалық бағдарламалары туралы ақпараттан тұрады. Осы Сайтта көрсетілген автокөліктер, қосалқы бөлшектер, аксессуарлар мен Lexus-тің өзге өнімдері тек Қазақстан мен Қырғызстан аумағында сатуға ғана ұсынылады, Сайтта берілген жарнамалық бағдарламалар да тек Қазақстандық және/немесе Қырғызстандық клиенттерге ғана арналған.

Осы Сайтта берілген мәліметтердің барлығы тек ақпараттық сипатқа ие. Сайтта берілген ақпарат түпкілікті болып табылмайды. Анағұрлым толық әрі егжей-тегжейлі мәлімет алу үшін Сіз Lexus-тің Қазақстан мен Қырғызстандағы Уәкілетті Дилерлеріне жүгіне аласыз.

"Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і Lexus Өнімдерінің үлгілері, жиынтық түрлері, техникалық сипаттамалары және өнімнің бар-жоғы туралы мәліметті қоса алғанда, Сайтта жарияланған ақпаратқа кез келген уақытта өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Толығырақ ақпарат алу үшін Lexus-тің Қазақстан мен Қырғызстандағы Уәкілетті дилерлеріне жүгініңіз.

LEXUS ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАЛАРЫ

Lexus өнімдерінің бағасы туралы Сайтта берілген мәліметтер тек ақпараттық сипатқа ие. Мұнда көрсетілген бағалар қайта сатудың ең жоғарғы бағалары болып табылады және Toyota-ның Уәкілетті дилерлеріндегі бағадан өзгеше болуы мүмкін. Lexus-тің кез келген өнімін алу жеке сатып алу-сату келісімшартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Сайтта көрсетілген Lexus автокөліктерінің сипаттамалары мен жиынтық түрлері Қазақстан Республикасына және Қырғыз Республикасына жеткізілетін автокөліктердің сипаттамалары мен жиынтық түрлерінен өзгеше болуы мүмкін.

Toyota Өнімдері туралы Сайтта берілген ақпарат сол Өнімнің Lexus-тің Уәкілетті дилерлерінде дәл Сіз дилерлік орталыққа жүгінген сәтте болуы тиіс дегенді білдірмейді. Автокөліктің үлгісі мен жиынтығына, сонымен қатар оның сатылатын аумағына байланысты, түрлі жабдықтары, бөлшектері, тораптары мен басқа да жарақтары Сайтта көрсетілгендерінен сырттай өзгешелеу болуы мүмкін. Автокөліктің, аксессуар мен Lexus-тің өзге өнімдерінің түс реңкі де Сайтта жарияланған суреттегі түстен өзгешелеу болуы мүмкін.
Lexus автокөліктерінің отын шығындауы, ең жоғарғы жылдамдығы туралы деректер жүргізу мәнерінің, сонымен қатар отын шығынына ықпал ететін жол, ауа райы және басқа да жағдайлардың әсері есепке алынбаған мінсіз жағдайда алынды. Шынайы отын шығыны Сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін және тек тәжірибелік / эксперименттік жолмен ғана анықталады. Lexus Өнімдерінің бағалары, техникалық сипаттамалары және Lexus Өнімдері туралы Сайтта көрсетілген басқа да ақпарат пайдаланушыларға алдын ала ескертпей-ақ, кез келген сәтте өзгертілуі мүмкін. Lexus-тің Сіз тұратын аймақта сатылатын автокөліктері мен басқа да өнімдері туралы толық ақпарат алу үшін Сіз Lexus-тің өз аймағыңыздағы Уәкілетті дилеріне хабарласа аласыз.

"COOKIE" ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Cookie файлдары – бұл Сіздің компьютеріңізде, теледидарыңызда, мобильді телефоныңызда не сізге тиесілі басқа құрылғылардағы ақпарат сақталатын шағын файлдар. Олар Сіздің құрылғыңызға cookie файлдарын орнатқан ұйымдардың Сізді түрлі веб-сайттарда, қызметтерде, құрылғыларда және/немесе көру сеанстарында тануына мүмкіндік береді. Cookie файлдары көптеген пайдалы қызметтер атқарады. Мысалдар: cookie файлдары Сіз қызмет алу үшін пайдаланатын есепке алу деректерін жадында сақтайды, бұл деректерді әр кірген сайын енгізбеу үшін қолайлы. Cookie файлдары бізге және бөгде әзірлеушілерге біз көрсететін қызмет түрлерінің қай бөлігі сұранысқа ие екенін көруге көмектеседі.

Осы сайтты Сіз үшін анағұрлым пайдалы әрі ыңғайлы ету үшін "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і "cookie" технологиясын пайдаланушының Сайтқа/Сайттағы жолын анықтау, "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-інің Сайтқа кірушілердің белсенділігін тіркеуде жәрдем беруін, оның жұмысының тиімділігі мен жетілдірілуін бағалау үшін қолданады. "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і аталған технологияның көмегімен Сайттың жеке пайдаланушылары туралы ақпаратты тіркемейді – Сіз жайлы ешбір нақты ақпарат сақталмайды және пайдаланылмайды. Сіздің өз браузеріңізді Сіздің сайтқа жүгінуіңізді тіркеуден немесе егер сондай ұсыныс түсер болса ол туралы ескертуден бас тартатындай етіп баптай алатыныңызға назарыңызды аударамыз.

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР

Сайт пайдаланушылары өздері туралы берген кез келген мәліметті "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і тек Сізге көрсетілетін қызметтерді жақсартып, Сайтты пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, Сайтқа кірушілер статистикасын жасау мақсатында ғана пайдаланады. "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і Сіз Сайттағы үлгілерді толтырғанда, компания өкілдерімен телефон, электронды пошта, әлеуметтік желі және т.б. арқылы сөйлескен кезде, сонымен қатар Сайт арқылы сұратымдар жасағанда (Toyota өнімдері мен қызметтерін алу үшін)және Сайтты пайдаланған кезде туындаған мәселелер жөнінде есеп бергенде беруіңіз мүмкін ақпараттарды жинауы мүмкін.

"Тойота Мотор Қазақстан" Сайт пайдаланушылары жайлы деректерді олардың сипатына сай жинау, жіберу және сақтау үшін және Сіз берген жеке басқа қатысты мәліметтердің Сіздің тарапыңыздан сұралмаған хабарламаларды Сіздің рұқсатыңызсыз Сізге не үшінші тұлғаларға жіберуге қолданылмауы үшін бар күшін салады.

Оған қоса, "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і пайдаланушылар қалдырған ақпаратты мерзімді түрде тексеріп, оны себебін түсіндірместен редакциялау және Сайттан өшіру құқығын өзіне қалдырады. "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і іскерлік серіктестерін, техникалық және басқа қызметтер көрсететін мердігерлерді қоса алғанда, кейбір бөгде ұйымдармен етене қызмет етеді және олардан Сіз туралы ақпарат ала алады. 

"Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і сондай деректерді алған жағдайда Қазақстан Республикасының дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын есепке ала отырып, Сайт пайдаланушылары туралы дербес деректерді сақтауға, өңдеуге міндеттеледі. "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і автоматты түрде жиналған деректерді "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і олар заңға қайшы, арам ниетті және агрессивті әрекеттер жасады деп күдіктенген жағдайларды қоспағанда, Интернет желісінің жекелеген пайдаланушыларын сәйкестендіру үшін пайдаланбайды.
Бұл Сайт сіздің Сайттағы операцияларыңыз, мысалы IP-мекенжай бойынша Сіз қараған беттер тіркелетін сервер журналдарын пайдаланады. "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і ақпарат жинау үшін пайдаланатын автоматты процесстерге cookies, журнал мен Wi-Fi-ға қосылу нүктелерін қадағалау файлдары жатады. "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і журналдың сондай файлдары негізінде алынған деректерді Сайттың жүктелуін талдау және оның жұмысында болуы мүмкін мәселелерді зерттеу үшін пайдаланады.

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТПЕ

Осы сайтта ақпаратты пайдалану ( мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды және басқа) тек Қазақстан Республикасының авторлық құқық және интеллектуалдық құқық туралы қолданыстағы заңнамасының талаптары, сонымен қатар осы Ережелер сақталған жағдайда ғана жүзеге аса алады. Сайттағы ақпарат тек коммерциялық емес (жеке, танысу, зерттеу және соған ұқсас т.б.)мақсатта ғана қолданыла алады. Сайтқа кірушілердің ақпаратты қандай да бір коммерциялық мақсатта қосуға, өзгертуге, таратуға және "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-інің алдын ала жазбаша келісімінсіз.ақпаратты толықтай не жартылай жариялауға құқығы жоқ. 

Сайттағы ақпаратты көшіру дәл хабарламадан дәйексөз келтіру сияқты, тек Сайтқа ақпараттың дереккөзі ретінде сілтеме жасағанда ғана мүмкін болады. "Тойота Мотор Қазақстан ЖШС-інің алдын ала жазбаша келісімінсіз дәйексөз келтірілген (көшірілген) ақпаратты өзгертуге, қосуға не бұрмалауға болмайды.
Сайттағы ақпаратты көшіру және дәйексөз келтіруге тек Сайтқа дереккөз ретінде сілтеме бергенде ғана жол беріледі. Дәйексөз ретінде қолданылып отырған ақпаратқа өзгеріс енгізуге, мәтін қосуға немесе бұрмалауға жол берілмейді. Сайттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қорғау нысаны болып табылатын дизайны, суреті, графикасы, құрылымы және басқа да элементтері жаңа ақпараттық объектілер немесе аталған заңнаманы бұзатын өзге де мақсатта толықтай не ішінара пайдаланылмайды, сонымен қатар "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-інің жазбаша келісімінсіз кез келген тасымалдаушыға көшірме жасау арқылы таратылмайды.

ТАУАРЛЫҚ БЕЛГІЛЕР

Сайтта көрсетілген барлық тауарлық белгілер, логотиптер, қызмет көрсету белгілері "Тойота Мотор Корпорэйшн (Жапония) компаниясының, Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-інің және/немесе үшінші тұлғалардың меншігі болып табылады. Оларды Сайтта орналастыру құқық иесінің алдын ала жазбаша келісімсіз оларды пайдалануға рұқсат етуі немесе құқық беруі ретінде ешқашан қарастырылмайды.

ГИПЕРСІЛТЕМЕЛЕР

Сайтта орналасқан гипермәтіндік сілтеме арқылы басқа Интернет-сайттарға өткен пайдаланушы бұл сайттан шығады. "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і өзге ұйымдардың ақпараттық ресурстарынан тұратын басқа Интернет-сайттардағы мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы, қауіпсіздігі үшін жауап бермейді. Өзге сайттардың сілтемесі пайдаланушыға ыңғайлы болу үшін жасалған, бірақ бұл "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і сол сайттардағы деректердің мазмұнын мақұлдайды және/немесе олар үшін жауапкершілікке ие болады дегенді білдірмейді.

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

"Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і Сайтта орналасқан барлық ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін тиісінше күш жұмсайды. Сонымен бірге "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і Сайттағы ақпараттың толықтығына немесе дұрыстығына кепілдік бермейді, олқылықтар мен кездесуі мүмкін қателіктер не басқа да кемшіліктері, мезгілсіздігі үшін жауап бермейді, сонымен қатар Сайттың толассыз жұмыс істеуіне кепілдік бермейді.

Сайттағы ақпараттың барлығы Сізге "as is" (сол қалпында) қағидасы бойынша, шектеулер мен цензурасыз, сондай-ақ қандай-да бір кепілдіксіз берілген. Сайтта берілген ақпараттың сапасын, өзектілігін, толықтығы мен жарамдылығын бағалау – Сіздің құзыретіңізде. "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і смартфон және/немесе өзге де құрылғыларды қоса алғанда, Сіздің компьютерлік құрылғыңызға келген зақым сынды кез келген шығындар мен жағымсыз салдарлар үшін жауап бермейді.

ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ЖАҢАРТЫЛУЫ

"Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і осы Ережелердің мәтіні мен шарттарын алдын ала ескертусіз кез келген уақытта қайта қарау, өзгерту және толықтыру құқығын өзіне қалдырады. Енгізілген өзгерістер Сайтта орналастырылған сәттен бастап өз күшіне енеді. Осы Ережелерде болуы мүмкін өзгерістер туралы ақпарат алу үшін Сізге осы бетке жиі кіріп тұруға кеңес беріледі. Пайдаланушының Сайттағы материалдарды осы Ережелерге өзгеріс енгізілгеннен кейін пайдалануы автоматты түрде оның жаңартылған Ережелермен танысқанын, қабылдағанын және олармен келісетіндігін білдіреді.