HYBRID

ТЕХНОЛОГИЯ
Toyota C-HR Toyota C-HR

Премиум-класқа жататын гибридті автокөліктер

Lexus Hybrid Drive жүйесі орнатылған автокөліктегі әрбір сапар жеңілдік пен жайлылық сыйлайды. Сырттан зарядтау қажет емес — гибридті батарея қозғалыс, баяулау немесе тежеу кезінде автоматты түрде зарядталады.

Өздігінен зарядталатын Lexus гибридтері бензин мен электр моторларын үйлесімді түрде біріктіріп, экологиялық таза, үнемді және динамикалық көлік жүргізу стилін ұсынады. Бұл жай ғана автокөлік емес — бұл сіздің кемелдікке жету жолындағы мінсіз серігіңіз.

Зарядтау қажет емес. Дизельсіз. Теңдесі жоқ.

Әр қозғалыстағы тиімділік пен инновация

Өздігінен зарядталатын гибридті жүйе бензин қозғалтқышының қуатын және электр қозғалтқышының қоршаған ортаға зиянсыздығын біріктіреді, бұл жүріс жатықтығын және көлік жүргізуден ләззат алуды қамтамасыз етеді.

 

Қалада серуендеуге де, ұзақ сапарларға да өте ыңғайлы, қоршаған ортаға аз әсер ететін динамикадан ләззат алыңыз.

Бүгін қолжетімді болашақ.

Интеллектуалды тежеу


Lexus өздігінен зарядталатын гибридті жүйесі қозғалыстың әр кезеңінде энергияны тиімді пайдаланады. Аккумулятор сапар барысында зарядталады, ал тежеу немесе жылдамдықты азайту кезінде рекуперативтік тежеу жүйесі кинетикалық энергияны электр энергиясына айналдырады, бұл одан да көп зарядты жинақтауға мүмкіндік береді.

 

Бұл үнемділік пен қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың дұрыс шешімі.

Lexus Hybrid: болашақ үшін таңдау

Зарядтау қажет емес

Lexus гибридті автокөлігін зарядтау үшін розеткаға қосудың қажеті жоқ – жүйе өздігінен зарядталады. Ол әрдайым саяхатқа дайын және кез келген сапарда сізге сенімділік береді.

АЗ ТҰТЫНУ


Lexus Hybrid тамаша динамика мен өнімділікті сақтай отырып, бірқалыпты қуатты, отын үнемдеуді және CO2 шығарындыларын азайтуды біріктіреді.

ТИІМДІЛІК ЖӘНЕ ДИНАМИКА

Жанармай шығындары мен шығарындыларды азайтыңыз, өйткені гибридті Lexus электр қозғалтқышын уақыттың 50%-на дейін пайдаланады, әсіресе қала ішіндегі жүрістерде.
ЖАҢА RX HYBRID

 

Қуат, үнемдеу мен жайлылықтың бірегей теңгерімі. Озық гибридті технологиялар бірқалыпты және динамикалық көлік жүргізуді қамтамасыз етеді, ал заманауи дизайн мен премиум салон абсолютті үйлесімділік сезімін береді.

LM HYBRID МИНИВЭН

 

Премиум қозғалыстың жаңа деңгейі. Инновациялық шешімдермен жабдықталған кең салон, эксклюзивті әрлеу материалдары және ымырасыз жайлылық сіздің саяхатыңыз үшін мінсіз жағдайлар жасайды.

Lexus гибридті технологиясы:

Lexus гибридті автокөлігі – бұл екі энергия көзі бар автокөлік: дәстүрлі іштен жану қозғалтқышы (ІЖҚ) және электрмотор.

Дәстүрлі және электр күш қондырғыларының үйлесімімен Lexus гибридті автокөлігінің мынандай артықшылықтары бар:

  • Пайдаланудың қарапайымдылығы – Lexus гибридті автокөлігі қосымша білім мен дағдыларды қажет етпестен, әдеттегі автокөлік сияқты оңай басқарылады.
  • Тыныштық – Lexus гибридті автокөлігінде тек электр тарту күшімен қозғалу мүмкіндігі бар, соның арқасында көлік құралы шусыз қозғалады.
  • Лезде үдеу – қуатты электрмотордың арқасында жасалатын айналдыру моменті автокөліктің дөңгелектеріне дереу жеткізіліп, газ педалін басқан кезде автокөліктің жауап беру уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді, осылайша көлік жүргізуден теңдессіз әсер қалдырады.
  • Ұлғайтылған жүріс қоры – Lexus автокөліктерінде орнатылған заманауи гибридті күш қондырғылары электр тарту күшімен қозғалу арқылы жолдың бір бөлігін жүруге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде отын шығынын едәуір азайтады, демек, бір бакпен жүріс қорын арттырады.
  • Аз пайдалану шығындары – рекуперативтік тежеу, ұлғайтылған жүріс қоры, аз қосалқы бөлшектер және басқа да факторлар Lexus гибридті автокөлігіндегі жалпы шығындарды бензинмен жүретін ұқсас автокөлікпен салыстырғанда төмендетуге мүмкіндік береді.

Lexus (h) гибридті автокөлігі сыртқы қуат көздерінен қосымша зарядтауды қажет етпейді. Жоғары вольтты батарея еркін қозғалыс барысында немесе тежелген кезде бөлінетін энергияны рекуперациялау арқылы автоматты түрде зарядталады.

 

Алайда егер қуатты жоғары вольтты батареямен жабдықталған Lexus (h+) қосылатын гибридті автокөлігі туралы айтатын болсақ, онда мұндай күш қондырғысының барынша тиімділік көрсеткіштеріне жету үшін зарядтау станциясынан қосымша зарядтау қажет болады.

Toyota өзінің алғашқы гибридті автокөлігі Prius-ты жиырма бес жыл бұрын көпшілікке ұсынған, содан бері 20 миллионнан астам гибридтер сатылды. Lexus үшін бастау 2004/2005 жылдар болды, сол кезде Lexus RX гибридті автокөлігі көпішілікке ұсынылды. Содан бері шығарылған барлық гибридті модельдер нарықта өзін сенімді өнім ретінде көрсетті.

 

Электрлендірілген күш қондырғыларын өндіру бойынша осындай үлкен тәжірибе жинағандықтан, біз Lexus гибридті технологиясына сенуге болатынына сенімдіміз.

Шынымен де, электр тарту күшімен жұмыс істейтін жүріс қоры бар-жоғы бірнеше шақырыммен шектеледі, алайда Lexus гибридті автокөліктері үшін біз қашықтық туралы емес, электр тарту күшімен қозғалатын жалпы уақыт туралы айтып отырмыз. Lexus компаниясының кең ауқымды сынақтары көрсеткендей, тіпті климаты суық елдерде де Lexus гибридті автокөлігінің жүргізушісі бір сапар кезінде уақыттың жартысынан көбін электр тарту күшімен жүріп өте алады, бұл өз кезегінде көлік құралының жалпы жүріс қорының ұлғаюына және отын шығынының, сондай-ақ CO2 шығарындыларының азаюына айтарлықтай әсер етеді.

Lexus гибридті автокөлігінде орнатылған жоғары вольтты батарея сол автокөліктің қызмет ету мерзімімен тең уақыт бойы ауыстыруды қажет етпей қызмет ету үшін жобаланған.

 

Одан басқа, барлық гибридті қондырғыға берілетін кепілдік қайсысы ертерек орын алатынына қарай 5 жылға дейін немесе 100 000 км жүріс бойы қолданылады.  Сіз бұл кепілдікті қайсысы ертерек орын алатынына қарай 10 жылға дейін немесе 190 000 км жүріс қашықтығына дейін ұзарта аласыз.

Lexus компаниясы үшін автокөліктерді жобалау кезінде қауіпсіздік әрқашан басты басымдық болады. Lexus гибридті автокөліктері дәстүрлі күш қондырғысымен жабдықталған ұқсас автокөліктердің негізінде жобаланғанын атап өту маңызды. Яғни іштен жану қозғалтқышы бар бұрыннан таныс жүйе электрмоторларды, басқару блогын және жоғары вольтты батареяны енгізу арқылы жетілдірілді.

 

Бұл жағдайда гибридті қондырғының барлық компоненті автокөлікті пайдалану кезінде ең жоғары деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орнатылып, бапталған. Жоғары вольтты батарея металл корпусқа салынып, артқы осьтің жанында орналасқан, бұл оны әртүрлі жол жағдайларында сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Гибридті қондырғының жай-күйі үнемі тиісті басқару блогы арқылы бақыланады, ол жүйенің толық қауіпсіздігін және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Шынымен де, Lexus гибридті жүйесі қалалық ортада ең жоғары тиімділік көрсеткіштеріне ие. Алайда Аткинсон циклімен жабдықталған жоғары тиімді қозғалтқыштың арқасында, тіпті трассаларда жүргенде де гибридті автокөлік дәстүрлі күш қондырғысымен жабдықталған ұқсас автокөліктерге қарағанда әлдеқайда тиімді шешім болады.