СУ ЖАҢА LEXUS LM АВТОКӨЛІГІ
Lexus LM – бұл біздің су жаңа флагмандық автокөлігіміз, ол Lexus автокөліктерін жүргізуші басқаратын, ультра сәнді автокөліктер нарығының жаңа сегментіне шығарады.
СУ ЖАҢА LEXUS LM АВТОКӨЛІГІ
Lexus LM – бұл біздің су жаңа флагмандық автокөлігіміз, ол Lexus автокөліктерін жүргізуші басқаратын, ультра сәнді автокөліктер нарығының жаңа сегментіне шығарады.
ӘУЕЖАЙДАҒЫ «THE LOFT» КҮТУ ЗАЛЫ
Брюссель әуежайына су жаңа LM автокөлігімен жеткеннен кейін, саяхатыңызды біздің көптеген марапатқа ие күту залымызда жалғастыра аласыз. Ол Brussels Airlines компаниясымен бірлесіп жасалған, онда сізге барлық қажеттіліктеріңізді қанағаттандыратын бірегей «Омотенаши» қонақжайлығы ұсынылады.
LEXUS ТАКУМИ ШЕБЕРЛІГІ
Мұнда сіз сәнді Lexus LM автокөлігіңіздің сезінілуін, жұмыс істеуін және көрінісін басқа минивэндерге ұқсамайтындай етіп жасайтын Такуми шеберлерінің элиталық тобы туралы көбірек біле аласыз.
ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ТАНДАУ:
Бастапқы жиынтығының бағасы
63 500 000 Т
Қаржылық мәліметтер
Бастапқы жиынтығының бағасы
65 500 000 Т
Қаржылық мәліметтер
Бастапқы жиынтығының бағасы
75 500 000 Т
Қаржылық мәліметтер
Бастапқы жиынтығының бағасы
77 000 000 Т
Қаржылық мәліметтер
ЖҮРГІЗУШІ БАСҚАРАТЫН 4 ОРЫНДЫҚ КӨЛІК
Заманауи қонақ бөлмесі сияқты жайлы және мобильді кеңсе сияқты функционалды 4 орындық LM көлігі бірегей, кең демалыс бөлмесінің атмосферасына ие. Қолмен тігілген былғары орындықтар сенсорлық аспаптар тақтасы бар шынтақтаяныштармен және Lexus бедерлі бассүйегіштерімен жабдықталған. Smart refresh технологиясы бар артқы орындықтар оқуға арналған шамдармен және жиылмалы үстелдермен жабдықталған. Желдетілетін/жылытылатын орындықтар бірінші және екінші қатарларда ұсынылады, ал есіктер мен терезелердегі күннен қорғайтын перделер жайлылық пен құпиялықты арттырады. Жүргізуші сырғымалы есіктер мен артқы есікті жоғарғы аспаптар тақтасы арқылы басқара алады, бұл көлікке отыратын адамдарды керемет қабылдап алуға мүмкіндік береді.
БІРІНШІ КЛАСТЫ, ТОЛЫҚ ҚАЙЫРМАЛЫ ОРЫНДЫҚТАР
Эксклюзивті төрт орындықты жиынтық жүргізушісі бар компания басшысының қажеттіліктеріне тамаша сәйкес келеді. Артқы жағында ең жоғары жайлылықты қамтамасыз ететін эргономикалық пішіні бар бірінші класты, биік арқалықты екі орындық орналасқан. Орындықтар толық көлденең күйге қайырылады, ал жастықтар мен орындық арқалығының кіріктірілген ауа жастықтары санды, арқаны және иықтарды уқалайды, ал электр жетегі бар аяқ тіреуіштері балтырларды ұстап тұрады. Сонымен қатар Climate Concierge жүйесі климатты басқару үшін дене температурасын бақылайды, себебі желдетілетін орындықтар салонның салқындатылған ауасын орындықтардың үстіңгі бетінен өткізіп, жылу мен ылғалдықты азайтады. Артқы орындықтардың электр жетегі бар кең жұмсақ бөлігі балтырларды керемет тіреп тұрады, бұл жолаушыға жылытылатын жайлылықта демалуға мүмкіндік береді.
СУСЫНДАР, ЖУРНАЛДАР
Төменгі бөлімдегі қолжүкке арналған бөліктер, орындық шынтақтаяныштарындағы жиылмалы үстелдер және сүйікті басылымдарды немесе планшеттер сияқты заттарды сақтауға арналған бөлік – LM көлігінің барлық жолаушыларының сақтауға қатысты қажеттіліктерін қанағаттандырады. Егер демалғыңыз немесе шығармашылықпен айналысқыңыз келсе, аса кең, анықтығы жоғары экранмен жабдықталған артқы орындықтағы жолаушыға арналған ойын-сауық жүйесі сіздің көңіліңізден шығады. 14 литрлік тоңазытқыш сусындарды салқындатуға және әрқашан жаныңызда ұстауға мүмкіндік береді, бұл салқын сусын ішу, демалу және тіпті тойлау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
БЕРІК ПЛАТФОРМА
Жаңа LM 350h біздің GA-K платформамызда салынған, дөңгелек базасы ұлғайтылған, сонымен қатар қаттылықты арттыру үшін қосымша айқыштар мен тіректер орнатылған. Бұл қосымша беріктік Lexus инженерлеріне аспаны дәлірек реттеуге мүмкіндік берді, бұл өнімділікті де, жайлылықты да арттырды. Жолтабаны кеңірек және диаметрі үлкенірек дөңгелектер де сенімді күйді және жолмен ілінісуді қамтамасыз етеді.
4-БУЫННЫҢ ӨЗДІГІНЕН ЗАРЯДТАЛАТЫН ГИБРИДІ
Кез келген жағдайда жайлылық пен сенімділікті қамтамасыз ете отырып, Lexus LM 350h өздігінен зарядталатын гибриді 2,5 литрлік бензиндік қозғалтқыш пен электр қозғалтқыш(тар) қуатын біркелкі біріктіріп, 250 DIN а. к. немесе 184 кВт қуатты қамтамасыз етеді. Нәтижесінде 0-ден 100 км/сағ дейінгі үдеуге небәрі 8,7 секундта жетеді, ал тиімділік ең жоғары көрсеткіштерге жетеді: CO2 шығарындылары 161-167 г/км*, ал отын шығыны 7,0-7,4 л/100 км* құрайды. Ал қозғалыс барысында, орнынан қозғалғанда немесе тежегенде жүйе қайта зарядталатындықтан, сіз әрқашан айрықша жүріс қорына ие боласыз.
2,5 ЛИТРЛІК БЕНЗИНДІК ҚОЗҒАЛТҚЫШ / ГИБРИДТІ БЕРІЛІСТЕР ҚОРАБЫ
Су жаңа 2,5 литрлік LM 350h бензиндік қозғалтқышы әлемдік жылу тиімділігінің 41 % деңгейіне жетіп, алдыңғы нұсқасынан әлдеқайда асып кетеді. Керемет икемді және сезімтал қозғалысты қамтамасыз ету үшін алдыңғы электр қозғалтқыш, генератор және қуатты бөлу механизмі бір күрделі гибридті беріліс қорабына орналастырылған. Қозғалтқыштың/генератордың көп осьті орналасуының арқасында шағын бола тұра, ол өз класындағы ең жоғары тиімділікті, тыныштықты және өнімділікті қамтамасыз етеді.
ҮШІНШІ БУЫННЫҢ LEXUS SAFETY SYSTEM + ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ
Су жаңа LM автокөлігі озық белсенді қауіпсіздік және жүргізушіге көмек көрсету жүйелерімен жабдықталған, олар жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жаңартылған және қосымша функциялары бар Lexus Safety System + жүйесінің соңғы 3-буынында ұсынылған.
ЖЕТІЛДІРІЛГЕН СОҚТЫҒЫСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҮЙЕСІ
Күндізгі уақытта мотоциклдерді анықтаумен қоса, жетілдірілген Lexus соқтығысудың алдын алу жүйесі солға/оңға бұрылғанда, сондай-ақ кептелісте қозғалғанда ықтимал соқтығысулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ол жол қиылысында бұрылғанда, қарсы бағыттағы көліктерге немесе жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерге соқтығысу қаупін анықтай алады. Emergency Steering Assist (Апаттық жағдайда рульді басқаруға көмектесу) жүйесі арқасында соқтығысудың алдын алу қабілеті күшейтілген.
ДИНАМИКАЛЫҚ РАДАРЫ БАР КРУИЗ-КОНТРОЛЬ Бұл жүйе алда келе жатқан автокөлікті ажырату және тиісті қашықтықты сақтау үшін миллиметрлік радиолокациялық сенсор мен камераны пайдаланады. Егер алда келе жатқан көлік тоқтаса, LM де тоқтайды. Алдағы көлік қайтадан орнынан қозғалғанда, сіздің де көлігіңіз жүре бастайды. Жүйе алдағы көліктерді тез анықтайды және Lane Trace Assist (Жол сызықтарын кесіп өту туралы хабарлау) жүйесімен бірге бұрылыстарда қалыпты жолақты ұстанады. Сонымен қатар динамикалық радары бар круиз-контроль көршілес қатарда баяулау келе жатқан автокөлікке соқтығысуға жол бермейді.
*Жетілдірілген Lane Trace Assist (Жол сызықтарын кесіп өту туралы хабарлау) жүйесі LM автокөлігін қатар ортасында ұстауға көмектеседі, «қалыпты жол сызықтарын қадағалау» функциясын қолданады және бұрылыстардан өтуге көмектеседі.
LEXUS АВТОКӨЛІГІНІҢ БАТЫЛ КӨРІНІСІ
Алдыңғы жағында аса қуатты Lexus қолтаңбасы бар фирмалық тор LM 350h тартымдылығын айқындап көрсететін үш жарықдиодты фарамен ерекшеленеді. Бүйір жағындағы қараңғыланған тіректер терезелерді, кеңістікті және тегіс сызықтарды айқындайды. Қосымша динамизм LM ұзын дөңгелек базасымен және құйылған 19 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілермен немесе 17 дюймдік шуы төмен дискілермен қамтамасыз етіледі. Артқы жағындағы Lexus бірсызықты жарықдиодты қолтаңбасы бар көмескі жарық пен жаңа «LEXUS» жазбасы жолдағы көліктің футуристік көрінісін айқындай түседі. Төрт сыртқы түс, яғни Sonic White, Sonic Titanium, Graphite Black және Sonic Agate түстері осы көліктің артықшылықтарын талғампаздықпен жеткізеді. Артқы орындықтар аймағындағы кеңістік сезімін арттыратын сол және оң жақ шыны шатырлар ұсынылады.
ЖАҢА ҰРШЫҚ ТӘРІЗДІ КОРПУС / LEXUS ФИРМАЛЫҚ ТОРЫ
Сыртқы дизайнын әзірлеудегі негізгі мәселе MPV сегментіне жаңа буынның Lexus дизайнын енгізу болды. Мұнда біздің дизайнерлерімізге жаңа Lexus-тың «ұршық тәрізді корпус» дизайнын жаңа LM автокөлігіне енгізу міндеті жүктелді. Нәтижесінде электрлендірілген қуат пен төмен ауырлық орталығы сезімін беретін радиатор торының интеграциясы жақсарып, бұл автокөлікке орнықты және сенімді көрініс берді.
ҮШ ЖАРЫҚДИОДТЫ ФАРА / LEXUS ФИРМАЛЫҚ АРТҚЫ ЖАРЫҒЫ
Көрікті, сүйір келген және көлденеңінен созылған бұл керемет 3 проекциялы жарықдиодты фаралардың қарапайым дизайны өте күшті әсер қалдырады. Жебе тәрізді жоғарғы/төменгі фирмалық шамдар Lexus брендінің даралығын айқындай түседі, ал күндізгі жүріс жарықтарының біркелкі реттелуі жарықтың әдемі ауысып тұруын қамтамасыз етеді. Артқы біріктірілген шам L тәрізді фирмалық сызықша шамның үстінде орналасқан қосымша сызықша шамнан тұратын ерекше құрылымға ие, бұл керемет көрініс береді және автокөлік класын нығайта түседі.
АСА КЕҢ 10 ДЮЙМДІК ПРОЕКЦИЯЛЫҚ ДИСПЛЕЙ
LM 350h (7 орындық) қозғалыс деректері тікелей алдыңғы әйнекке түрлі түсті түрде проекцияланады. Бұл 10 дюймдік проекциялық дисплей навигацияны, қауіпсіздік мүмкіндіктерін, ақпаратты және дыбыс параметрлерін жолдан көз алмай тексеруге мүмкіндік береді. Рульдегі сенсорлық қосқыштардың арқасында оны басқару өте оңай.
23 ДИНАМИГІ БАР MARK LEVINSON® АУДИОЖҮЙЕСІ (4 ОРЫНДЫҚ)
Үнсіз дерлік 4 орындық LM 350h салоны 23 динамигі бар жаңа Mark Levinson® Premium Surround Sound аудиожүйесі үшін тамаша ортаны қамтамасыз етеді. Mark Levinson эксклюзивті серіктесімен бірлесіп жасалған бұл жүйе автокөліктің ішкі архитектурасына оңтайландырылған. Жаңа 3D Surround Mark Levinson® Surround System және Quantum Logic Immersion көмегімен үй кинотеатрының теңдесі жоқ 7.1 арналық әсерін ұсына отырып, ClariFi сығылған дыбыс көзін талдайды және жоғалған деректерді толықтырады, бұл ерекше дыбыс сапасын қамтамасыз етеді.
СЫМСЫЗ ЗАРЯДТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ
Үйлесімді смартфондарды немесе басқа электрондық құрылғыларды индуктивті сымсыз зарядтау құрылғысымен зарядтауға болады. 50 % жылдамырақ, ол орталық консоль қалтасында ыңғайлы орналасады. LM көлігінде құрылғыларды қайта зарядтауға және қосуға арналған кемінде сегіз USB ұясы бар. Android Auto® немесе сымсыз Apple CarPlay® көмегімен жаңа LM смартфонның көптеген қолданбаларын 14 дюймдік сенсорлық экранда немесе 14/48 дюймдік артқы дисплейде оңай көрсетуге және қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Біздің мақсатымыз – Lexus көлігін иелену тәжірибеңізді шынымен таңғаларлық ету. Ол үшін біз сіздің және автокөлігіңіздің қажеттіліктерін қанағаттандыратын арнайы қызметтерді ұсынамыз. Бұл артықшылықтар мыналарды қамтиды:
POST https://dxp-webcarconfig.lexus-europe.com/v1/model-filter-results/kz/kk