1. Discover Lexus
  2. LC car of the year 2018
Байланысу

LEXUS LC БРИТАНИЯЛЫҚ «ЖЫЛ АВТКӨЛІГІ» САЙЫСЫНДА КУПЕ КЛАССЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«Ұлыбританиядағы жыл автокөлігі» сайысында (2018 UK Car of the Year 2018) су жаңа Lexus LC купе классында үздік атанды.

Енді ол жалпы есепте жылдың ең үздік автокөлігі атағына таласады, ол қаңтар айының соңында белгілі болады.

Құрамына анағұрлым тәжірибелі және сыйлы автожурналистер енген қазылар алқасының мүшелері Lexus LC купесі туралы тек жағымды пікір білдіріп, оны керемет кескінге ие және басқаруда аса ыңғайлы көлік ретінде суреттеді, сонымен қатар олар оны 2017 жылы жүргізіп көрген көліктердің ішіндегі ең тартымдысы деп атады.

Қазылар алқасы мүшелерінің бірі былай деп атап өтті: Неліктен сіз купе сатып аласыз? Күнделікті тіршілікте ерекшелену үшін бе? Lexus LC сізге мүмкіндікті бұл береді. Одан бөлек, автокөлік заманауи технологиялармен толыққан және сенімділігімен ерекшеленеді.

Ұлыбританиядағы Lexus басшысы Эван Шепард (Ewan Shepherd) былай деп мәлімдеді: LC бұл маңызды үлгі, онда дизайн, инженерлік технологияларды дамыту мен Lexus-тің өнімділігін арттырудың жаңа бағыттары көрініс тапқан.Біз оның артықшылықтарының Ұлыбританиядағы "Жыл автокөлігі" сайысында көлікті өз классындағы ең мықты көлік деп атаған қазылар тарапынан мойындалуын аса жоғары бағалаймыз. Жаңа купе біздің жақында LS флагманы жарық көрген бағдарлама аясында модельдік қатарды кешенді жаңартудың бір бөлігі болып табылады, сонымен қатар жаңартылған IS, СТ және жаңа NX таныстырылды. Олардың барлығы біздің брендтің тартымдылығын арттырып, Lexus -ке жаңа клиенттер тартуға бағытталған.

Өткен жазда жарыққа шыққан Leхus LC компанияның дизайн, инженерлік әзірлемелер және технологиялар саласындағы соңғы жетістіктерін көрсетіп, марканың жаңа флагмандық купесі атанды. Үлгі екі нұсқада ұсынылған: жаңа көп сатылы Lexus Multi Stage Hybrid System гибридті жүйесімен үйлескен V6 бензинді қозғалтқышына ие гибридті LC 500h және қуаттылығы 471 ат күшіне тең V8 атмосфералық қозғалтқышымен және әлемде алғаш рет екі ілінісуі бар 10 сатылы автоматты беріліс қорабымен жабдықталған LC 500. Өнімнің толық сипаттамасы сілтеме бойынша қолжетімді.