Таныстырылымы: сән-салтанаттың керемет көрінісі
Lexus үнемі сән-салтанат түсінігінің жаңа қырларын және брендпен өзара әрекеттестіктің аспаздық, дизайн, кинематограф және тағы басқа балама арналарын іздеуге ұмтылады. Lexus International президенті Ёсихиро Саваның Lexus-ті "өз меймандары үшін шабыт беретін және керемет тәжірибе жасайтын" бренд деген мәлімдемесінің ізімен, Lexus өз клиенттеріне "Керемет әсер алыңыз" деген ұранды өздігінен сезінуге мүмкіндік беру үшін әлемдегі жетекші компаниялармен әріптестікте қызмет етеді.
Бұл жолы бренд өзінің LY 650 деп аталатын яхтасының тұжырымын көрсете отырып, су әлеміне қайта оралады. Lexus-тің L-finesse дизайны философиясының ең заманауи түрленіміне және автокөлік индустриясының аясынан шығатын жоғары деңгейлі орындауға ие LY 650 үлгісі Lexus Sport Yacht Concept тамаша концептісі бастаған істі жалғастыруда.
Lexus такуми шеберлері мен Marquis-Larson сарапшыларының кездесуі
Көпшіліктің Lexus Sport Yacht Concept концептуалды яхтасына деген ерекше қызығушылығын есепке ала отырып, сериялық кеме жасаудағы шешуші сәт Lexus International вице-президенті Сигэки Томояманың "сән-салтанатты өмір салты туралы армандарды жүзеге асырып, яхталар мұхит бетінде Lexus-тің қозғалыс құралдарын жасаудағы мүмкіндігін көрсете алатын келешекті құру" талпынысы болды, Lexus-тің болашақ яхталарын жасау, сату және оларға қызмет көрсетумен осыған ұқсас амбициялы жобаларды іске асыру мақсатында таңдалған Marquis-Larson Boat Group компаниялар тобы айналысады. Бұл істе оған яхталарды тапсырыс бойынша жасау тәжірибесі мен Lexus Sport Yacht Concept концептісін жасау барысында өзін жақсы қырынан көрсеткен техникалық мүмкіндіктері көмектеседі.
L-Finesse дизайнының философиясы: автокөліктерден яхталарға дейін
42 футтық концептінің ең тартымды ерекшеліктері жаңа LY 650-ден сериялы түрде көрініс тапты. Жалпы ұзындығы 65, ал ені 19 футты құрайтын су жаңа Lexus яхтасы қуатты, айқындалған тұмсық бөлігімен, палубасындағы иілген қосымшаларымен және артқы жағындағы жалпақ дөңес жерімен ерекшеленетін өзіне тән стильде жасалған. Бүйірінен қарағанда алдыңғы бөлігіндегі әсем сызықтардың Lexus стилінде жасалған төбесіне қарай ұласқанын көруге болады, ал содан кейін артқы бөліктегі қуатты әрі жалпақ дөңестермен аяқталады.
Жүзеге асырудың болашақ кезеңдері және байланыс деректері
Алғашқы Lexus LY 650 сериялық яхтасын жасаудың аяқталуы 2019 жылдың екінші жартысына жоспарланды, мұнан кейін көп ұзамай оның әлемдік таныстырылымы өтеді. Lexus LY 650 туралы қосымша ақпарат алуға арналған байланыс тұлғасы және яхтаны сатып алуға сұратым жіберу:
Мэтью Ветцнер (Matthew Vetzner)
Marquis-Larson Boat Group-тың маркетинг бойынша вице-президенті
+1 920.822.3214
mvetzner@marquis-larson.com
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ (алдын ала мәліметтер)
|
|
|
|---|---|---|
Жалпы ұзындығы |
65’ 5” |
19.96 m |
Бимс (ені) |
18’ 8” |
5.72 m |
Қозғалтқыштар |
Volvo IPS 1200 |
Volvo IPS 1350 |
Отын қоры |
1,000 гал |
3,785 л |
Су қоры |
225 гал |
852 л |
Трюмнің сыйымдылығы |
170 гал |
643 л |
Каюталар |
3 |
3 |
Гальюндер |
3 |
3 |
Жататын орындар |
6 |
6 |
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
1989 жылы тарихтағы анағұрлым беделді автокөліктерді әзірлеп, шығару және клиенттік сервистің аса жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Lexus брендінің негізі қаланды. 2012 жылы негізгі өнеркәсіп аясында Lexus International компаниясы құрылды. Оның міндеті негізгі стратегияны жасау, Lexus брендінің өнімдерін жоспарлау, дизайнын жасау, әзірлеу және шығару болып табылады.
1998-ден 2002 жылға дейінгі аралықта Toyota Marine су шаңғысы мен вейкбордқа арналған шыныпластикалық катерлер топтамасын әзірлеп, жарыққа шығарды, олар ең алдымен АҚШ нарығына арналған болатын. Катерлердің барлығы аса сәнді Lexus LS 400-ге орнатылатын 4.0 литрлік V8 1UZ-FE DOHC бензинді агрегаты арқылы қозғалысқа келетін.
Marquis-Larson Boat Group компаниялар тобы: "Біз суда жүргеннен артық еркіндік жоқ деп ойлаймыз. Біздің алты брендтен тұратын серуенге арналған премиумдық яхталарды ұсыну себебіміз де сондықтан. Ұзындығы 16-дан 52 футқа дейінгі мұндай яхталарға жаңа Marquis, Carver яхталары, әмбебап отбасылық Larson үлгілері, тұщы суда балық аулауға арналған Larson FX катерлері, Larson Escape қалқымалы катерлері мен тұзды суда балық аулауға арналған Striper катерлері жатады".