LEXUS АСА СӘНДІ ES СЕДАНЫНЫҢ
Lexus премиумдық класстағы аса сәнді ES седанының жаңа буынына тапсырыс қабылдауды бастады.
Жаңа платформа жетінші буындағы Lexus ES-ті жайлы етіп қана қоймай, үлгі тарихындағы басқарудың ең жақсы деңгейін қамтамасыз етті.
Заманауи технологиялар қауіпсіздіктің аса жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Lexus Safety System пакетінің арқасында ES өз сегментінде жүргізуші мен жолаушылар қорғанысы бойынша көш бастауға үміттті.
Жетінші буындағы Lexus ES ең заманауи мультимедиалық мүмкіндіктерге ие. Премиумдық Mark Levinson PurePlay аудиожүйесі орындықтардың бірінші және екінші қатары үшін өзіндік дыбыс құрады.
Қазақстанда жаңа Lexus ES екі нұсқада, 5 жиынтықта, күштік құрылымның 2 нұсқасымен, 8 сатылы су жаңа Direct Shift трансмиссиясымен ұсынылады. Сонымен қатар, үлгі тарихында алғаш рет F SPORT нұсқасында ұсынылады.
Жаңа буындағы Lexus ES бағасы Қазақстанда 15 790 000 теңгеден 21 980 000 теңгеге дейінгі соманы құрайды.
2018 жылдың 1 тамызында Қазақстандағы Lexus премиумдық класстағы аса сәнді ES седанының жетінші буынына тапсырыс қабылдаудың басталғанын хабарлады. Келісімшарт жасау Lexus-тің ҚР аумағындағы барлық ресми дилерлерінде қолжетімді.
Енді Lexus ES динамика, жүргізуден ләззат алу, сындарлы басқарылуы және ең заманауи жоғары технологиялар тұрғысынан балама ұсына отырып, өз сегментінде қарсыластарына қарсы шығады.
Жетінші буындағы Lexus ES премиумдық бизнес-седанның дизайндық мүмкіндіктерін кеңітетін су жаңа платформада жасалған. Автокөлік алдыңғысынан 65 мм-ге ұзынырақ және 45 мм-ге жалпақ болды. Дөңгелек базасы (+50 мм) және алдыңғы және артқы табан ізі ұлғайды. Жаңа платформа Lexus-тің Ясуо Каджино бастаған дизайнерлер ұжымы үшін қиял еркіндігін ашып, автокөлікті әсем әрі анағұрлым батыл етуге мүмкіндік берді.
. Жаңа ES спорттық көлікке тән төмендетілген қақпақ сызығына, аласа кескінге ие, соның арқасында ол анағұрлым қарқынды көрінеді, ал сорғалап аққан су іспетті дизайн сызықтары көлікті бірден танытады.
Lexus ES-тің жетінші буынын әзірлеу барысында дизайнерлер алдыңғы панель мен консольдегі барлық басқару элементтерін жүргізушіге бағыттап, алдыңғы жолаушыға арналған аймақты ашық әрі жайлы етті.
Одан бөлек, шанақ төбесінің төмендетілген сызығына қарамастан, жаңа Lexus ES-те екінші қатардағы жолаушылар үшін кеңдік қамтамасыз етілген, ұлғайтылған дөңгелек базасы орындықтар қатары арасындағы кеңістікті кеңейтуге мүмкіндік берді.
Дизайнерлік эргономикалық жаңалықтар жетінші буындағы Lexus ES-тің жалғыз артықшылығы емес. Ясухиро Сакакибара бастаған инженерлер ұжымы ең алдымен өзінің жайлылығымен және тыныштығымен танымал әсем седанның имиджін кәдімгідей өзгертті. Енді Lexus ES жақсартылған жауап қайтаруымен, басқару жеңілдігімен және қуаттылығымен де мақтана алады.
Lexus-тің алдыңғы жетекті автокөліктерге арналған жаңа платформасы бұралуға деген қаттылығымен аса сәнді LС купесі мен флагмандық LS седаны жасалған платформамен бәсекелесе алады. Артқы көп иінтіректі аспаның толықтай жаңа құрылымы, рөл тақтайшасындағы электрлі мотор бекіткіші бар электрлі рөлді күшейткіш және артқы орындықтың артындағы V іспетті күшейткіш кергі Lexus инженерлерінің автокөлікті жаңа дәлдік деңгейінде баптауына мүмкіндік берді.
Lexus ЕS жүргізу стилі мүлде ұқсамайтын жүргізушілерге автокөлікті толық бақылауда ұстау сезімін береді.
Қазақстанда жетінші буындағы Lexus ES екі нұсқада ұсынылған: ES 250 және ES 350. Бұдан бөлек, үлгі тарихында алғаш рет ES 350 үлгісі үшін F SPORT нұсқасы ұсынылды. Барлық нұсқалар алдыңғы жетекке ие. Lexus ES 250-ге жұмыс көлемі 2487 текше см-ге тең тиімділігі жоғары, жақсартылған жұмыс көрсеткіштеріне, жоғары үнемділікке ие жаңа қозғалтқыш орнатылған.
. Қозғалтқыштың қуаттылығы 200 ат күшіне, ал айналу сәті 243 Нм-ге тең. Жеңіл алюминийден әзірленген, ұлғайтылған поршень қимылы мен газ үлестіру фазаларын реттейтін VVT-i жүйесі бар бұл қозғалтқыш бензинді күштік агрегаттар үшін озық 38% пайдалы әрекет коэффициентіне ие.
Lexus ES 350 және ES 350 F SPORT үшін қарастырылған V6 (3456 текше см) қозғалтқышы мықты жылдамдық арттыруды қамтамасыз етеді және дыбыс ырғағына ие. V6 бірқалыпты жұмысымен ерекшеленеді. Отынды бүркудің D4-S жүйесіндегі жаңартулардың арқасында, оның қуаты 249 ат күшін құрайды, бұл алдыңғы буындағы V6 қозғалтқышының көрсеткішінен кәдімгідей жоғары.
2.5 және 3.5 литрлік қозғалтқыштар жылдамдықтардың айқын ауысуы мен автокөліктің газ педаліне жылдам жауап беруін қамтамасыз ететін жаңа сегіз сатылы автоматты Direct Shift трансмисиясымен жұптаса жұмыс істейді. Трансмиссияның беріліс сандарының кеңейтілген диапазоны жылдам екпін алу үшін төменгі диапазонда қысқа, жоғарғы диапазонда және бірқалыпты қозғалыста ұзын берілістерді пайдалануға мүмкіндік береді.
ES 350 F SPORT нұсқасы үшін LC купесіне орнатылған аспаға ұқсас бейімді реттелетін AVS аспасы ұсынылады. Оның амортизаторлары демпфирлеуші күштерді баптаудың 680 деңгейіне ие және кез келген жол төсемінде бақылаудың теңдессіз деңгейін қамтамасыз етеді.
Ондай қосымшалар қара түсті рояльдік лак, қара не қоңыр түсті Шимамоку ағашы, бамбук әрлеуіне ие болуы мүмкін, ал F SPORT жиынтығы үшін декоративтік қосымшалар хадори (Hadori) деп аталатын самурай семсерлерін әзірлеудің дәстүрлі жапондық өнері техникасы бойынша арнайы алюминийді қолдана отырып жасалады.
Жаңа Lexus ES 250 үш жиынтықта қолжетімді: Executive, Premium және Luxury. Ең қуатты ES 350 нұсқасы Luxury және F SPORT жиынтықтарында ұсынылады.
Заманауи және ыңғайлы графикаға ие 7 дюймдік көп функциялы дисплей аспаптар панелінде, жүргізушінің көз алдында орналасқан, ал 8 дюймдік LDA-мониторына ие CD, MP3, WMA форматтарын қолдайтын мультимедиалық жүйе бір AUX, екі USB жалғағыштарымен және Bluetooth модулімен жабдықталған, ол 10 динамиктің көмегімен тамаша дыбыс шығарады. Бұдан бөлек, ортаңғы консольде құрылымы мен пішіні жаңартылған Remote-Touch ыңғайлы джойстигі орналасқан.
Lexus бренді үшін дәстүрлі түрде клиенттердің қауіпсіздігін қорғау аса маңызды құндылықтардың бірі болып табылады.
Заманауи және ыңғайлы графикаға ие 7 дюймдік көп функциялы дисплей аспаптар панелінде, жүргізушінің көз алдында орналасқан, ал 8 дюймдік LDA-мониторына ие CD, MP3, WMA форматтарын қолдайтын мультимедиалық жүйе бір AUX, екі USB жалғағыштарымен және Bluetooth модулімен жабдықталған, ол 10 динамиктің көмегімен тамаша дыбыс шығарады. Бұдан бөлек, ортаңғы консольде құрылымы мен пішіні жаңартылған Remote-Touch ыңғайлы джойстигі орналасқан.
Lexus бренді үшін дәстүрлі түрде клиенттердің қауіпсіздігін қорғау аса маңызды құндылықтардың бірі болып табылады.
Сондай-ақ автокөлік еңісте қозғалуды бастаған кезде көмек беру жүйесімен (НАС) және шинадағы қысымды бақылау жүйесімен жабдықталған, ал тежеуіш шамдары апаттық тоқтауда дабыл қағу функциясына ие. Артқы орындықтарда балалар орындығын орнатуға арналған ISOFIX бекіткіші қарастырылған.
Жаңа Lexus ES 250-дің Premium жиынтығы 18 010 000 теңгеге сатылуда. Бұл жиынтық 235/45R18 өлшемді шиналары бар 18 дюймдік жеңіл балқытылған дискілерден тұрады. Орындықтар былғарымен қапталған, алдыңғы орындықтар да желдеткіш бар, жүргізуші орындығының жастықшасы ұзындығы бойынша электрлі реттеумен жабдықталған,жүргізуші орындығының бел тірегіші электрлі реттеудің төрт бағытына, ал жолаушы орындығы 2 бағытына ие.
Одан бөлек, жиынтықта жүргізуші орындығының, рөл колонкасының және артқы көрініске арналған сыртқы айналардың баптаулар жады қарастырылған. Көп функциялы былғары рөл ағаш қосымшалармен әрленген және шеңберді бойлай орнатылған жылытқышы бар. Интерьердің декоративті қосымшалары да ағаштан жасалған.
Lexus ES 250 Premium жауын туралы хабарлағышпен, артқы әйнектің электрлі жетегі бар күннен қорғайтын пердешемен және сыртқы айналарды автоматты бүктеудің электрлі жетегімен жабдықталған, ал жүргізушінің жайлы отыру және түсу жүйесі орындықтың автоматты жылжитынын білдіреді. Бұдан бөлек, алдыңғы әйнектің тұтас бетін жылытқыш суық күндері қозғалысты анағұрлым жайлы етеді.
Premium жиынтығында жоғарыда аталған қауіпсіздік жүйелерінің тізімі бүйірлік айналардағы көрінбейтін аймақтарды бақылау жүйесімен (BSM) және автоматты тежеу функциясына ие тұрақтан артқы жүріспен шығу барысында көмек беру жүйесімен (RCTAB) толыққан.
Luxury жиынтығында түнгі уақыттағы жұмысты қоса алғанда, 4 камерамен панорамалық шолу жүйесі қарастырылған. Бұдан бөлек, автокөлік жүксалғыш қақпағының жанасымсыз сенсоры бар электрлі жетегімен жабдықталған. Lexus ES 250 Luxury-де жылдамдықтардың толық диапазонында жұмыс ітсейтін бейімді круиз-бақылау бар, ал жүргізуші мен жолаушылардың иелігінде мобильді телефонды сымсыз зарядтауға арналған панель пайда болды.
. PurePlay технологиясы теңдессіз сапаға ие дыбыстық ортаны қалыптастыра отырып, көптеген бірегей шешімдерді пайдалану арқылы сығымдалған цифрлық сигналды баптау және өңдеудің нақты технологиясын қамтамасыз етеді. Салондағы жүйе динамиктері иық деңгейінде орналастырылған, бұл акустиканы жақсартып, біртұтас дыбыстық кеңістік құрады.
Жиынтықтар тізімінде аса сәнді бизнес-седанға тән бүкіл сән-салтанатты сақтаған, бірақ жүргізу динамикасы мен басқарылуынан барынша ләззат алуға бағытталған Lexus ES 350 F SPORT (21 980 000 теңге) бөлек тұр. F SPORT нұсқасы бұл үлгі тарихында алғаш рет Lexus ES үшін ұсынылуда. ES 350 F SPORT 235/45R18 шинасы бар 18 дюймдік күңгірттелген жеңіл балқытылған дискілердің эксклюзивті дизайнымен ерекшеленеді.
Мұнда көру бұрышы ауысқанда көлемді әсер беретін жайнаған толқынды өрнек пайдаланылған, бұл шеберлік пен бөлшектерді қайта өңдеудің жоғары деңгейін көрсетеді. Брендтің модельдік қатарында ерекше орынға ие F SPORT нұсқасы солай жасалған.
Lexus ES 350 F SPORT бірқатар техникалық артықшылықтарға ие. Қозғалыс режимдерін таңдау селекторы стандартты ECO, NORMAL және SPORT режимдеріне қосымша динамикамен және басқарумен байланысты барлық жүйелер жұмысының жылдам жауап қайтаруының ең жоғарғы деңгейі қамтамасыз етілген SPORT+ қосымша режиміне ие. Бұл автокөліктерге бейімді реттелетін AVS аспасы орнатылған. Сонымен қатар, ES 350 F SPORT қозғалтқыш дыбысын түрлендіру жүйесімен жабдықталған, ол қосымша дыбыстық қабат құрып, қуатты қозғалыстың табиғи ырғағын күшейтеді.