АВТОСАЛОН

LEXUS ЖЕНЕВАЛЫҚ 2019 АВТОСАЛОНДА

Женева 2019 автосалонында Lexus-тің екі жаңа үлгісінің таныстырылымы өтеді. Олардың бірі шабыт беретін, болашаққа бағытталған дизайнды, ал екіншісі брендтің халықаралық автоспорттағы үлкен жетістіктерін көрсетеді.

LEXUS-ТІҢ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ КОНЦЕПЦИЯСЫН КЕҢЕЙТУ

С RC F TRACK EDITION-МЕН ТАНЫСЫҢЫЗ:

Автокөлікке құмар жандар мен автожарыстарды ұнататындар RC F Track Edition 2020-ның еуропалық таныстырылымында қуанышқа кенеледі. Əдетте суперкарларда қолданылатын карбон-керамикалық тежеуіш дискілері, салмақтың азайтылуы мен қысу күшін оңтайландыру RC F-тің пуристер үшін жаралғанын білдіреді.

LEXUS CONVERTIBLE LC ДИЗАЙНЫНЫҢ МАҚСАТЫ: ТЕҢДЕССІЗ СҰЛУЛЫҚ

Lexus LC кабриолетінің жаңа концептісі – бұл төбесі ашық родстердің қуатты əрі əсерлі көрінісі. «Нағыз сұлулықты» жасау мақсаты жапон эстетикасы мен жүргізуде тек кабриолет беруі мүмкін əсердің үйлесімінің арқасында орындалады.

LC кабриолеті концептісінің шымырлығы оның ұзын, аласа əрі əсем пішінін анықтайды, ал салоны жүргізушінің де, жолаушылардың да көңілдерінен шығады. Жеке бейімделетін орындықтардың аппақ қардай былғары əрлеуі жалпы кескінінің көркемдігін бұзбайтын сары түсті акценттермен көз тартады.