1996 жылы іске қосылған сәтінен бастап Lexus LX әлемде брендтің флагмандық жол талғамайтын көлігі ретінде үлкен ықыласпен қарсы алынды. Автокөліктің үздік жайлылық деңгейі, озық жүріс қасиеттері, сондай-ақ теңдессіз сенімділігі арқасында Lexus LX сатылымы дүниежүзі бойынша 50-ден астам нарықта 500 000 бірліктен асты.
Жаңа Lexus LX жүргізуші мен жолаушыларға қай жерде болмасын салтанатты сапарды қамтамасыз ету және олардың өмірлерін одан әрі қанық ету үшін жасап шығарылған. Lexus мамандары автокөліктің сенімділігі мен өткіштігін қамтамасыз ету үшін шанақтың дәстүрлі рамалы қонструкциясын сақтай отырып, жол талғамайтын көліктің сипаттамаларын жаңа GA-F платформасымен, қатаңдығы жоғары шанақпен жаңартып, салмағын 200 кг-ға азайтты.