СУ ЖАҢА LEXUS NX САТУДЫҢ БАСТАЛУЫ
Қазақстан мен Қырғызстанда су жаңа NX сатыла бастады. Кроссовердің екінші буыны бірегей дизайнға, жаңа күштік агрегаттарға, аса жағымды әрі жұмсақ жүріс беретін жетілдірілген жүріс бөлігіне, сондай-ақ жаңа буынды мультимедиаға ие болды. Жаңа NX спорттық сипатымен, теңдестірілген пропорцияларымен және жолмен мықты ілінісуімен, сондай-ақ сүйкімді, динамикалық және жетілген келбетімен ерекшеленеді. Автокөлік күрделі өзгерістерге ұшырады – Lexus NX 2021-дің 95% бөлшегі жаңадан әзірленді. Оны жасау кезінде сандық модельдеу де, Такуми шеберлігі де қолданылды. Соншалықты интеллектуалды жобалау сапаның, қауіпсіздіктің, жайлылықтың және үнемділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етті.
Тағы бір жаңалығы – кәсіпқой жарыскерлерді тартып, Симоямадағы Lexus зауытындағы тректе автокөліктің динамикалық сипаттамалары сыналды, атап айтқанда руль мен тежеу жүйесі тексерілді.
Бір өзгеріссіз қалғаны – көп жылдан бері Lexus ұстанып келе жатқан клиентке бейімделгіштік қасиеті. Мұндай тәсілдің жемісі маңызды жетістіктерге қол жеткізді: Lexus-тің Driving Signature деп аталатын философиясы, оның мақсаты көлік жүргізуден шынайы сезімдер алу және автокөлікпен етене болу, сондай-ақ ойластырылған және саналы түрде түсінікті салон, ол Tazuna-ның жаңа концепциясына сәйкес әзірленген. Жаңа NX-те ұсынылған өзгерістер негізінде брендтің барлық болашақ модельдері жасалатын болады.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СҰЛУЛЫҚ