2022 жылғы 12 мамырда Қазақстанның ең ірі қалаларының бірінде су жаңа Lexus дилерлік орталығының ресми ашылу салтанаты өтті.
Шымкенттегі Lexus ресми дилерлік орталығы Бәйдібек би даңғылы, 132 мекен-жайында орналасқан. «Лексус Шымкенттің» жалпы ауданы 4046 шаршы метрді алып жатқандықтан, ол Қазақстандағы брендтің ірі дилерлік орталығы болып табылады. Жаңа дилерлік орталықтың әрбір бөлшегі L-finesse дизайнының философиясына сәйкес орындалған, бұл озық технологиялар мен сан ғасырлық жапон эстетикасының нәзіктігін үйлесімді ұштастыруды білдіреді.