Байланысу
LEXUS KAZAKHSTAN ҰСЫНҒАН БІРЕГЕЙ

АРТ-ЖОБА. «LEXUS NX: ӨЗІҢ БОЛУ ӨНЕРІ»

27 тамызда «Dostyk Plaza» сауда-ойын-сауық орталығында Lexus Kazakhstan бұрын-соңды болмаған арт-перфоманс өткізді.

27 тамызда Dostyk Plaza сауда орталығында Алматы қонақтары мен тұрғындары биылғы жылдың басында шыққан жаңа Lexus NX көлігіне суретшілердің өз қолымен сурет салатынын көре алды.

«Lexus NX: Өзің болу өнері» жобасының мақсаты – адамдарды өз даралығын және қалау-тілектерінің тәуелсіздігін көрсете отырып, ашық түстерді таңдауға және көліктерінің сыртқы келбетін түрлендіруден қорықпауға шабыттандыру.

Суреттерді көлікке және арнайы дайындалған стендке қабырғаларды безендіруге және муралдар салуға маманданған суретшілер Аяулым мен Айбек Нұрбековтер және дизайнер, шығармашылық тұлға, «SUP JULIE» кітабының авторы Айжұлдыз Адайбекова қолма-қол, дәл сол мезетте салып, Такуми шеберлігі қағидаларын бейнелейді, онда тіпті ең күрделі бөлшектерді қолмен өрнектеуге үлкен мән беріледі. Әркім дүниедегі ең құнды нәрсе – идеяны жарыққа шығару нәтижесін көре алады. Үрдіс бастау алатын идея, қызығушылық, шабыт, иеленуге, мойындауға, үлгі алуға, әрқашан ашық-жарқын, рухты болуға, тойтарыс беруге бойыңнан ынта-жігер табуға деген ықылас. Ал тойтарыс бере білу өз кезегінде қалай да жеңіске жеткізеді.

NX көлігін үлгі ете отырып, Lexus Kazakhstan командасы көлік өмір философиясының бет-бейнесі; ойлардың, әрекеттердің және өмірлік жоспарлардың жалғасы бола алатынын көрсеткісі келеді. Суреттердің ең ұсақ бөлшектерін өрнектеу, символдарды мұқият таңдау, перформанс түрінде көрсету – бұл жоба әркімге болмыстың орасан зор мәнін құрайтын ұсақ-түйектер мен тетіктердің қаншалықты маңызды екенін көрсетуге ұмтылады.

Арт-перформанс аясында Кои тұқысы мен қар барысының бейнелері арқылы көрсетілген Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени дәстүрлердің өзара байланысы мен тұтастығына ерекше назар аударылады. Бұл таңдау олардың екі елдің мәдениеті үшін де терең архетиптік маңыздылығына орай жасалды.

Кез-келген идея оны жарыққа шығарушы туып-өскен ортаның өмір салтынан, тәрбиесінен, дәстүрлі құндылықтарынан және мәдениетінен шабыт алады. Жапонияда тұқы – табандылық пен қажымас күш-қайратты білдіретін символ, сол күш қиындықтар мен кедергілерді жеңуге көмектеседі, ағынға қарсы жүзу үшін өз бойыңнан жеткілікті дербестік табуға мүмкіндік береді. Ал көшпелі тайпалар дәуірінен бері келе жатқан Қазақстан рәмізі – қар барысы – табиғаттың дүлей күшіне қарсы жападан-жалғыз қарсы тұра алатын адам рухының қандай құдіретті екенін көрсететін бейне. Қазір, міне, идеология жағынан екі елдің де мәдениетіне сай, сонымен бірге Lexus брендінің философиясынан көрініс беретін жобаның жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз.
Барыс пен тұқы бейнелерін визуализациялау ұзақ әрі аса мұқият жүргізілген дайындықтан өтті, әрбір сурет егжей-тегжейлі пысықталды. Жобаның идеологтары тіпті фактура ерекшеліктерін ескеріп, оны көлік сыртын түгел көмкеріп тұрған балық қабыршағы және барыстың айналасында алай-дүлей мінез көрсетіп жатқан сұрапыл табиғат түрінде көрсетті.