- 2022 жылы 1 тамызда Lexus Kazakhstan Lexus Relax— жаңа кепілдігін іске қосты.
- Lexus Relax-бұл қосымша төлемақылар қарастырылмайтын, Lexus автомобильдеріне 10 жылға дейінгі кепілдік.
- Кепілдік бұрын Lexus ресми қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетілмеген жүрісте болған автомобильдерге де қолданылады.
- Кепілдік брендтің Қазақстан Республикасындағы ресми сервистік орталығында регламенттік ТҚК өткеннен кейін автоматты түрде іске қосылады.
Бүкіл әлемде танылған Lexus автомобильдері мен сервисінің сапасы Lexus Relax-тың бұрын-соңды болмаған жаңа кепілдігімен көрініс табады. Бұл кепілдік Lexus автомобильдерінің иелеріне қосымша шығынсыз 10 жылға дейін немесе 190 000 км-ге дейінгі жүріс жасағанша сенімді қорғаныс жасайды.